2003 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 19 тамыздағы № 651 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған 2003 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасының Көлік министрі Нұрлан Ермекұлы Сауранбаевқа 2003 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
  Үкіметінің
  2025 жылғы 19 тамыздағы
  № 651 қаулысымен
  мақұлданған
 
  Жоба

2003 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті, 2003 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттері туралы келісімнің (бұдан әрі – Келісім) 5-бабын басшылыққа ала отырып, төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Келісімге қосымшаның 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

6.

Төмөнкү-Чүй – автожолдық

Шу облысы Соқұлық ауданы

Ақсу –автожолдық

Жамбыл облысы Қордай ауданы

Көпжақты халық-аралық

тәулік бойы

      ";

      Келісімге қосымшаның 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

9.

Кіші қақпа –автожолдық

Талас облысы Манас ауданы

Бесағаш – автожолдық

Жамбыл облысы Жамбыл ауданы

Көпжақты халық-аралық

тәулік бойы
 

      ".

2-бап

      Осы Хаттама Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылады және оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап күшіне енеді.

      Осы Хаттама Келісімнің қолданылуы тоқтатылғанға дейін қолданыста болады.

      2025 жылғы "___" тамызда Бішкек қаласында әрқайсысы қазақ, қырғыз және орыс тілдерінде екі данада жасалды әрі барлық мәтін бірдей күшке ие.

      Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар орыс тіліндегі мәтінді басшылыққа алатын болады.


      Қазақстан Республикасының
Yкiметi үшiн
Қырғыз РеспубликасыныңМинистрлер Кабинеті үшiн

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады