"Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 13) тармақшасына, 14-бабының 19) тармақшасына, 19-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына, 114-бабының 1-тармағына, 169-бабының 1-тармағына, "Сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1103 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан инжиниринг" (Kazakhstan Engineering) ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының (бұдан әрі – ұлттық компания) сыйға тарту шарты бойынша "Авиациялық оқу орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі – серіктестік) жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің 100 (бір жүз) пайызын республикалық меншікке беру туралы ұсынысы қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұлттық компаниямен (келісу бойынша) бірлесіп осы қаулының 1-тармағынан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының 1-тармағында көзделген іс-шаралар аяқталғаннан кейін "Азаматтық авиация академиясы" акционерлік қоғамының (бұдан әрі – академия) акцияларын төлеуге серіктестіктің жарғылық капиталындағы 100 (бір жүз) пайыз мөлшеріндегі мемлекеттік қатысу үлесі берілсін.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен академиямен (келісу бойынша) бірлесіп осы қаулының 3-тармағынан туындайтын шараларды қабылдасын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |