Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2025 жылғы 30 сәуірде Астанада жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстан Республикасындағы Тұрақты үйлестірушісі офисінің құқықтық мәртебесіне қатысты хаттармен алмасу нысанындағы келісім бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 12 шілдедегі № 531 қаулысымен бекітілген |
Жоғары мәртебелі, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу мырзаға Астана қ. "__" _____2025 ж. |
Жоғары мәртебелі,
Біріккен Ұлттар Ұйымы даму жүйесін қайта бағдарлау және тұрақты үйлестірушілердің жаңа жүйесін құру туралы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 2018 жылғы 31 мамырдағы 72/279 қарарына назар аударуды өзіме мәртебе санаймын.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстан Республикасындағы Тұрақты үйлестірушісі офисінің қызметіне және болуына қатысты қолданылатын құқықтық базаны құруға өзара мүдделілікке сүйене отырып, Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылымдары Қазақстан Республикасы Үкіметіне көмек көрсету шарттарында Қазақстан Республикасы Үкіметімен 1992 жылғы 5 қазандағы Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстан Республикасындағы Өкілдігін ашу туралы келісімнің (бұдан әрі – 1992 жылғы Келісім) құрамдас бөлігі болатын қосымша келісімдер жасалуы мүмкін 1992 жылғы Келісімнің 18-бабы 1-тармағын басшылыққа ала отырып, Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстан Республикасындағы Тұрақты үйлестірушісі офисінің қызметіне, активтері мен персоналына 1994 жылғы 4 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы арасындағы келісім ережелерін қолдануды Біріккен Ұлттар Ұйымының атынан ұсынуды мәртебе санаймын.
Оған қоса, Сіздің Үкіметіңіздің жоғарыда көрсетілген ұсыныспен келісетінін растайтын Жоғары мәртебеліңіздің жауап хатын алған жағдайда, осы хат және Жоғары мәртебеліңіздің жауап хаты Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы Қазақстан Республикасындағы Тұрақты үйлестірушісі офисінің құқықтық мәртебесі туралы хаттармен алмасу нысанындағы келісімді құрайтынын, ол 1992 жылғы Келісімнің 18-бабы 1-тармағына сәйкес қосымша келісімді білдіріп және тиісінше 1992 жылғы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатынын ұсынуды мәртебе санаймын. Осы Келісім Біріккен Ұлттар Ұйымы Қазақстан Республикасы Үкіметінен күшіне енуі үшін қажетті мемлекетшілік рәсімдердің аяқталғаны туралы жазбаша хабарламаны дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап күшіне енеді.
Сөз соңында, осы Келісім Тараптардың бірі екінші Тараптың оның күшін тоқтату ниеті туралы жазбаша хабарламасын дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап алты (6) ай өткеннен кейін өз қолданысын тоқтататынын ұсынғым келеді.
Жоғары мәртебелі, өзіңізге деген аса жоғары құрметімді қабыл алыңыз.
Жоғары мәртебелі,
Мен Сіздің мына мазмұндағы 2025 жылғы 28 ақпандағы хатыңызды алғанымды растаймын:
"Біріккен Ұлттар Ұйымы даму жүйесін қайта бағдарлау және тұрақты үйлестірушілердің жаңа жүйесін құру туралы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 2018 жылғы 31 мамырдағы 72/279 қарарына назар аударуды өзіме мәртебе санаймын.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстан Республикасындағы Тұрақты үйлестірушісі офисінің қызметіне және болуына қатысты қолданылатын құқықтық базаны құруға өзара мүдделілікке сүйене отырып, Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылымдары Қазақстан Республикасы Үкіметіне көмек көрсету шарттарында Қазақстан Республикасы Үкіметімен 1992 жылғы 5 қазандағы Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстан Республикасындағы Өкілдігін ашу туралы келісімнің (бұдан әрі – 1992 жылғы Келісім) құрамдас бөлігі болатын қосымша келісімдер жасалуы мүмкін 1992 жылғы Келісімнің 18-бабы 1-тармағын басшылыққа ала отырып, Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстан Республикасындағы Тұрақты үйлестірушісі офисінің қызметіне, активтері мен персоналына 1994 жылғы 4 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы арасындағы келісім ережелерін қолдануды Біріккен Ұлттар Ұйымының атынан ұсынуды мәртебе санаймын.
Оған қоса, Сіздің Үкіметіңіздің жоғарыда көрсетілген ұсыныспен келісетінін растайтын Жоғары мәртебеліңіздің жауап хатын алған жағдайда, осы хат және Жоғары мәртебеліңіздің жауап хаты Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы Қазақстан Республикасындағы Тұрақты үйлестірушісі офисінің құқықтық мәртебесі туралы хаттармен алмасу нысанындағы келісімді құрайтынын, ол 1992 жылғы Келісімнің 18-бабы 1-тармағына сәйкес қосымша келісімді білдіріп және тиісінше 1992 жылғы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатынын ұсынуды мәртебе санаймын. Осы Келісім Біріккен Ұлттар Ұйымы Қазақстан Республикасы Үкіметінен күшіне енуі үшін қажетті мемлекетшілік рәсімдердің аяқталғаны туралы жазбаша хабарламаны дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап күшіне енеді.
Сөз соңында, осы Келісім Тараптардың бірі екінші Тараптың оның күшін тоқтату ниеті туралы жазбаша хабарламасын дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап алты (6) ай өткеннен кейін өз қолданысын тоқтататынын ұсынғым келеді.
Жоғары мәртебелі, өзіңізге деген аса жоғары құрметімді қабыл алыңыз.".
Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан жоғарыда көрсетілген ұсыныспен және Жоғары мәртебеліңіздің хаты мен осы хат Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстан Республикасындағы Тұрақты үйлестірушісі офисінің құқықтық мәртебесі туралы хаттармен алмасу нысанындағы келісімді құрайтынына келісетінімді растауды мәртебе санаймын.
Жоғары мәртебелі, өзіңізге деген зор құрметімді қабыл алуыңызды сұраймын.
Мұрат Нұртілеу, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі |