Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.04.2026 № 355 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 137-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына, 141-бабының 11-тармағына, 143-бабының 6-тармағына, 144-1-бабының 6-тармағына және 145-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.04.2026 № 355 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерлігімен берілетін қарыздарды, мемлекеттік кепілдіктерді, экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктерді, жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін тіркеу және есепке алу қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.04.2026 № 355 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 3 шілдедегі № 506 қаулысымен бекітілген |
Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерлігімен берілетін қарыздарды, мемлекеттік кепілдіктерді, экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктерді, жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін тіркеу және есепке алу қағидалары
Ескерту. Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.04.2026 № 355 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерлігімен берілетін қарыздарды, мемлекеттік кепілдіктерді, экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктерді, жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін тіркеу және есепке алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Бюджет кодексі) 137-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына, 141-бабының 11-тармағына, 143-бабының 6-тармағына, 144-1-бабының 6-тармағына және 145-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерлігімен берілетін қарыздарды, мемлекеттік кепілдіктерді, экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктерді, жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін тіркеу және есепке алу тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.04.2026 № 355 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерлігімен берілетін қарыздарды, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін есепке алу мемлекеттік функцияларды орындау үшін мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борышты мониторингтеу мен басқаруды, мемлекет кепілгерліктері бойынша борышты мониторингтеуді жүзеге асыру мақсатында жүргізіледі.
Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктерді есепке алу экспортты қолдау бойынша мемлекет кепілдік берген міндеттемені мониторингтеуді жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 4 маусымдағы № 283 бұйрығымен бекітілген Экспортты қолдау бойынша мемлекет кепілдік берген міндеттемеге және экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігі бар Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігінің қаржылық жағдайына мониторинг жүргізу қағидаларына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36234 болып тіркелген) сәйкес жүргізіледі.
Жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктерді есепке алу бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекет кепілдік берген міндеттемені мониторингтеу мақсатында Бюджет кодексінің 144-1 бабының 7-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борышты, мемлекет кепілгерлігімен берілген борышты есепке алуды жүргізу үшін тіркеу нөмірлерін беру және мәліметтерді тиісті тізілімдерге енгізу арқылы мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерлігімен берілетін қарыздарды, мемлекеттік кепілдіктерді, экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктерді, жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін тіркеу жүзеге асырылады.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.04.2026 № 355 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3. Тізілімдерді мемлекеттік қазынашылық тіркеу журналында жүргізеді.
Нөмірленген және тігілген, мөрмен және тізілімді жүргізуге жауапты мемлекеттік қазынашылықтың құрылымдық бөлімшесі басшысының қолымен бекітілген тіркеу журналы мынадай ақпаратты:
1) тіркеу күнін;
2) тіркеу нөмірін;
3) құжаттың атауы мен нөмірін;
4) жауапты адамның тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) және қолын қамтиды.
4. Бағалы қағаздар шығару нысанында тартылған қарыздарды қоспағанда, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерлігімен берілетін қарыздарды, мемлекеттік кепілдіктерді, экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктерді, жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктерді және мемлекет кепілгерліктерін тіркеу мен есепке алуды мемлекеттік қазынашылық жүзеге асырады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.04.2026 № 355 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.5. Мыналар:
1) мына:
Қазақстан Республикасының Үкіметі;
Қазақстан Республикасы облыстарының, республикалық маңызы бар қалаларының, астанасының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – жергілікті атқарушы органдар) тартатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік қарыздары (бұдан әрі – мемлекеттік қарыздар);
2) Қазақстан Республикасының мемлекет кепілдік берген қарыздары (бұдан әрі – мемлекет кепілдік берген қарыздар);
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктері (бұдан әрі – мемлекеттік кепілдіктер);
4) Қазақстан Республикасының экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктері (бұдан әрі – экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер);
5) мемлекет кепілгерлігімен берілетін қарыздар;
6) жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер;
7) мемлекет кепілгерліктері тіркеледі және есепке алынады.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.04.2026 № 355 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.6. Мемлекеттік сыртқы қарыздарды, мемлекет кепілгерліктерін, мемлекеттік кепілдіктерді, экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктерді және жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктерді тіркеу кезінде мемлекеттік қазынашылық қарыз алушыға осы Қағидаларға 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша тіркеу туралы куәлік береді.
Тіркелген құжаттарға енгізілетін өзгерістер туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік кепілдіктерді, экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктерді, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерліктерін, жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктерді және мемлекет кепілгерлігімен берілетін қарыздарды тіркеуге негіз болған құжаттар бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға мұндай өзгерістер енгізілгеннен кейін он жұмыс күні ішінде есепке алу үшін ұсынылады.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.04.2026 № 355 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2-тарау. Үкіметтік қарыздарды тіркеу және есепке алу
7. Қазақстан Республикасының Үкіметі қарыз шартын жасасу нысанында тартқан қарыздарды тіркеу және есепке алу қарыз шарты негізінде жүзеге асырылады.
8. Қазақстан Республикасының Үкіметі қарыз шартын жасасу нысанында тартқан қарыздарды тіркеу қарызға тіркеу нөмірін беру және тіркеу журналына жазба енгізу арқылы жүзеге асырылады.
9. Қазақстан Республикасының Үкіметі тартқан қарыздарды есепке алу қарыз шартының негізгі есептік сипаттамаларын тіркеу журналына (қарыз шартын жасау нөмірі және оның ресімделген күні, қарыздың түрі, кредитор, қарыздың валютасы және сомасы, қарыздың мерзімі, сыйақы мөлшерлемесі) енгізу арқылы жүзеге асырылады.
10. Қарыз шартын жасасу нысанында тартылған үкіметтік қарыздарды тіркеуді мемлекеттік қазынашылық оған қол қойылғаннан кейін он бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
11. Мемлекеттік қарыздар туралы халықаралық шарттардың түпнұсқаларын сақтау тәртібі "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.
3-тарау. Жергілікті атқарушы органдардың қарыздарын тіркеу және есепке алу
12. Жергілікті атқарушы органдар қарыз шартын жасасу нысанында тартқан қарыздарды тіркеу және есепке алу қарыз шартының түпнұсқасы немесе қарыз шартының нотариат растаған көшірмесі негізінде жүзеге асырылады.
13. Жергілікті атқарушы органдар қарыз шартын жасасу нысанында тартқан қарыздарын тіркеу қарызға тіркеу нөмірін беру және тіркеу журналына жазу жолымен жасалады.
14. Жергілікті атқарушы органдар тартқан қарыздарды есепке алу қарыз шартының негізгі есептік сипаттамаларын тіркеу журналына енгізу немесе мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды (қарыздың нөмірі және ресімделген күні, қарыздың түрі, кредитор, қарыз валютасы және сомасы, қарыздың мерзімі, сыйақы мөлшерлемелері) шығару арқылы жүргізіледі.
15. Жергілікті атқарушы органдар өздері тартқан қарыздарды тіркеу үшін осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген құжатты қарыз шартына қол қойылғаннан немесе республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастырғаннан кейін он бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік қазынашылыққа ұсынады.
16. Жергілікті атқарушы органдардың қарыздарын тіркеу осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген құжат ұсынылғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
17. Жергілікті атқарушы органдардың қарыз шарттарының түпнұсқалары қарыз шарттарының сақталуына жауапты құрылымдық бөлімшеде арнайы бөлінген сейфте сақталады.
18. Жергілікті атқарушы органдардың қарыз шарттарының қолданылу мерзімі өткеннен кейін мемлекеттік қазынашылық қарыз шарттарын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 235 бұйрығымен бекітілген Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды ведомстволық және жеке архивтердің қабылдау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидаларында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33338 болып тіркелген) белгіленген тәртіппен архивке береді.
4-тарау. Мемлекет кепілдік берген қарыздарды тіркеу және есепке алу
19. Мынадай нысанда тартылған мемлекет кепілдік берген қарыздарды тіркеу және есепке алу:
қарыз шартын жасасу – қарыз шартының түпнұсқасы немесе қарыз шартының нотариат растаған көшірмесі негізінде жүзеге асырылады;
борыштық бағалы қағаздарды шығару – облигацияларды шығару проспектісі, облигацияларды бастапқы орналастыру және облигацияларды ұстаушылар өкілінің оның көлемі туралы мәліметтерді растауы негізінде жүзеге асырылады.
20. Борыштық бағалы қағаздар шығару нысанындағы мемлекет кепілдік берген қарыздарды тіркеу қарызға реттік нөмір беру арқылы жасалады.
21. Мемлекет кепілдік берген қарыздарды қарыз шартын жасасу нысанында тіркеу қарызға тіркеу нөмірін беру және тіркеу журналына жазу арқылы жасалады.
22. Мемлекет кепілдік берген қарыздарды есепке алу қарыз шартының негізгі есептік сипаттамаларын (қарыздың нөмірі және ресімделген күні, қарыздың түрі, кредитор, қарыздың валютасы мен сомасы, қарыздың мерзімі, сыйақы мөлшерлемелері) немесе облигацияларды шығару проспектісін (облигацияларды шығару проспектісінің нөмірі және күні, шығарылатын облигациялар саны, бір облигацияның номиналды құны, облигациялар бойынша сыйақы, ақы төлеу шарттары мен тәртібі, облигациялар бойынша қамтамасыз ету, облигацияларды айналысқа жіберу және оларды өтеу туралы мәліметтер, деректемелер, облигацияны ұстаушылардың өкілі туралы мәліметтер) тіркеу журналына енгізу арқылы жүргізіледі.
23. Қарыз алушылар өздері тартқан мемлекет кепілдік берген қарыздарды тіркеу үшін осы Қағидалардың 19-тармағында көрсетілген құжаттарды қарыз шартына қол қойылғаннан немесе борыштық бағалы қағаздар орналастырылғаннан кейін он бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік қазынашылыққа ұсынады.
24. Мемлекет кепілдік берген қарыздарды тіркеу осы Қағидалардың 19-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
5-тарау. Мемлекеттік кепілдіктер мен экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктерді тіркеу және есепке алу
25. Мынадай нысанда ұсынылған мемлекеттік кепілдіктерді және экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктерді тіркеу және есепке алу:
кепілдік берушінің мемлекеттік емес қарыз бойынша міндеттемелерін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның қабылдауы туралы қарыз берушінің жазбаша хабарламасы түрінде ресімделген кепілдік міндеттемесі – хат-хабарлама негізінде ол қарыз берушіге берілген кезге дейін жүзеге асырылады;
кепілдік шарты – кепілдік шартының түпнұсқасы немесе кепілдік шартының нотариат растаған көшірмесі негізінде жүзеге асырылады;
экспортты қолдау бойынша кепілдік шарты – экспортты қолдау бойынша кепілдік шартының түпнұсқасы немесе экспортты қолдау бойынша кепілдік шартының нотариат растаған көшірмесі негізінде жүзеге асырылады.
26. Мемлекеттік кепілдік беру туралы келісімдерді және экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктерді тіркеу мемлекеттік кепілдік пен экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беру туралы келісімге тіркеу нөмірін беру және тіркеу журналына жазу арқылы жасалады.
27. Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктерді экспортты қолдау бойынша кепілдік шартын жасасу нысанында тіркеу экспортты қолдау бойынша кепілдік шартына тіркеу нөмірін беру және тіркеу журналына жазу арқылы жасалады.
28. Мемлекеттік кепілдіктерді және экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктерді есепке алу мемлекеттік кепілдіктің және экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктің негізгі есептік сипаттамаларын (кепілдіктің нөмірі және ресімделген күні, кепілдіктің тіркелген нөмірі және күні, кепілдік берілген валюта және сома, кепілдіктің қолданылу мерзімі) тіркеу журналына енгізу арқылы жүргізіледі.
29. Мемлекеттік кепілдіктерді және экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктерді тіркеу осы Қағидалардың 25-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
30. Мемлекеттiк кепiлдiктердің және экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктердің бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшелері басшыларының бұрыштамалары бар түпнұсқалары бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның олардың сақталуына жауапты құрылымдық бөлімшесінде арнайы бөлінген сейфте сақталады.
31. Мемлекеттiк кепiлдiктердің түпнұсқалары мемлекеттік емес қарыздарды алған түпкілікті қарыз алушылар Қазақстан Республикасының Үкіметі алдындағы барлық міндеттемелерін толық орындағанға дейін сақталуға жатады.
32. Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктердің түпнұсқалары Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің алдындағы барлық міндеттемелерін толық орындағанға дейін сақталуға жатады.
6-тарау. Мемлекет кепілгерлігімен берілетін қарыздарды тіркеу және есепке алу
33. Мемлекет кепілгерлігімен берілетін қарыздарды тіркеу және есепке алу инфрақұрылымдық облигацияларды шығару проспектісі, оны бастапқы орналастыру және олардың көлемі туралы мәліметтерді облигацияларды ұстаушылар өкілінің растауы негізінде жүзеге асырылады.
34. Мемлекет кепілгерлігімен берілетін қарыздарды тіркеу қарызға реттік нөмір беру арқылы жасалады.
35. Мемлекет кепілгерлігімен берілетін қарыздарды есепке алу облигацияларды шығару проспектісінің негізгі есептік сипаттамаларын (облигацияларды шығару нөмірі және күні, шығарылатын облигациялар саны, бір облигацияның номиналды құны, облигациялар бойынша сыйақы, ақы төлеу шарттары мен тәртібі, облигациялар бойынша қамтамасыз ету, облигацияларды айналысқа жіберу және оларды өтеу туралы мәліметтер, деректемелер, облигацияны ұстаушылардың өкілі туралы мәліметтер) тіркеу журналына енгізу жолымен жүргізіледі.
36. Мемлекеттік емес қарыз қаражатын алған қарыз алушылар өздері тартқан мемлекет кепілгерлігімен берілетін қарыздарды тіркеу үшін мемлекеттік қазынашылыққа осы Қағидалардың 33-тармағында көрсетілген құжаттарды мемлекеттік емес облигацияларды шығару мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде ұсынады.
37. Мемлекет кепілгерлігімен берілетін қарыздарды тіркеу осы Қағидалардың 33-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
6-1-тарау. Жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктерді тіркеу және есепке алу
Ескерту. Қағидалар 6-1-тараумен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 30.04.2026 № 355 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
37-1. Жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша кепілдік шартын жасасу нысанында жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктерді тіркеу және есепке алу жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша кепілдік шартының түпнұсқасы немесе жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша кепілдік шартының нотариалды куәландырылған көшірмесі негізінде жүзеге асырылады.
37-2. Жеке кәсiпкерлiктi қолдау бойынша мемлекеттiк кепiлдiк беру туралы келiсiмдердi тiркеу жеке кәсiпкерлiктi қолдау бойынша мемлекеттiк кепiлдiк беру туралы келiсiмге тiркеу нөмiрiн беру және тiркеу журналына жазу арқылы жасалады.
37-3. Жеке кәсiпкерлiктi қолдау бойынша кепiлдiк шартын жасасу нысанында жеке кәсiпкерлiктi қолдау бойынша мемлекеттiк кепiлдiктердi тiркеу жеке кәсiпкерлiктi қолдау бойынша кепiлдiк шартына тiркеу нөмiрiн беру және тiркеу журналына жазу арқылы жасалады.
37-4. Жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктерді есепке алу тіркеу журналына жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктің негізгі есепке алу сипаттамаларын (жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша кепілдіктің нөмірі мен ресімделген күні, жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша кепілдіктің нөмірі мен тіркелген күні, жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша кепілдік берілген валюта мен сома, жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша кепілдіктің қолданылу мерзімі) енгізу арқылы жүргізіледі.
37-5. Жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша кепілдік шартын тіркеу осы Қағидалардың 37-1-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
37-6. Жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша кепілдік шартының түпнұсқалары немесе бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшелері басшыларының бұрыштамасы бар жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша кепілдік шартының нотариалды куәландырылған көшірмесі жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша кепілдік шартында айтылған барлық міндеттемелер толық орындалғанға дейін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның оларды сақтауға жауапты құрылымдық бөлімшесінде арнайы бөлінген сейфте сақталуға тиіс.
7-тарау. Мемлекет кепілгерліктерін тіркеу және есепке алу
38. Мемлекет кепілгерліктерін тіркеу және есепке алу Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекет кепілгерлігін беру туралы қаулысының және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мен қарыз беруші арасында жасалған кепілгерлік шартының негізінде жүзеге асырылады.
39. Мемлекет кепілгерліктерін тіркеу кепілгерлік шартына тіркеу нөмірін беру және тіркеу журналына жазу арқылы жүзеге асырылады.
40. Мемлекет кепілгерліктерін есепке алу кепілгерлік шартының негізгі есептік сипаттамаларын (кепілгерлік шартын тіркеу нөмірі және күні, мемлекет кепілгерлігі берілген валюта мен сома, мемлекет кепілгерлігінің қолданылу мерзімі) тіркеу журналына енгізу арқылы жүргізіледі.
Қарыз алушы немесе кепіл беруші кепілгерлік шарты бойынша міндеттемелерді толық көлемде орындаған жағдайда мемлекет кепілгерлігінің қолданылуы тоқтатылады.
41. Мемлекет кепілгерліктерін тіркеу осы Қағидалардың 38-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
42. Мемлекет кепiлгерлiктерiнің бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшелері басшыларының бұрыштамалары бар түпнұсқалары бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның олардың сақталуына жауапты құрылымдық бөлімшесінде арнайы бөлінген сейфте сақталады.
43. Мемлекет кепiлгерлiктерiнің түпнұсқалары мемлекеттік емес қарыздар алған түпкілікті қарыз алушылар Қазақстан Республикасының Үкіметі алдындағы барлық міндеттемелерін толық орындағанға дейін сақталуға жатады.
Мемлекеттік сыртқы қарызды тіркеу туралы КУӘЛІК 20 __ жылғы "__" ____________ № __
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.04.2026 № 355 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
_________ қаласы 20 __ жылғы "__" _____
Осымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік қазынашылығы
қарызды ______ нөмірімен тіркейді
Қарыз алушы ___________________________________________________
(қарыз алушының атауы, орналасқан жері)
Қарыз беруші ___________________________________________________
(қарыз берушінің атауы, орналасқан жері)
Қарыз сомасы __________________________________________________
(цифрмен және жазып көрсету)
Қарыз валютасы _________________________________________________
Игеру кезеңі ____________________________________________________
Өтеу кезеңі _____________________________________________________
Өтеу көздері ____________________________________________________
Ілеспе шығыстардың көздері: кредит пайызы/маржасы
___________________ қалдық бойынша комиссия ____________________
Мемлекеттік қарыз беру негіздемесі
________________________________________________________________
________________________________________________________________
Мемлекеттік қазынашылықтың лауазымды адамы, қолы, тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған жағдайда)
Мөр орны
Мемлекеттік кепілдікті тіркеу туралы КУӘЛІК 20 __ жылғы "__" ____________ № __
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.04.2026 № 355 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
_________ қаласы 20 __ жылғы "__" _____
Осымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік қазынашылығы
мемлекеттік кепілдікті ______ нөмірімен тіркейді
Қарыз алушы ___________________________________________________
(қарыз алушының атауы, орналасқан жері)
Қарыз беруші ___________________________________________________
(кредит берушінің атауы, орналасқан жері)
Мемлекеттік кепілдікпен тартылатын қарыздың сомасы
_________________________________________________________________
(цифрмен және жазып көрсету)
Мемлекеттік кепілдік шарты ______________________________________
(шарттың нөмірі және күні)
Қарыз валютасы _________________________________________________
Мемлекеттік кепілдіктің қолданылу мерзімі __________________________
Мемлекеттік кепілдікті беру негіздемесі _____________________________
________________________________________________________________
Мемлекеттік қазынашылықтың лауазымды адамы, қолы, тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған жағдайда)
Мөр орны
Мемлекет кепілгерлігін тіркеу туралы КУӘЛІК 20 __ жылғы "__" _________ № __
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.04.2026 № 355 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
_________ қаласы 20 __ жылғы "__" _____
Осымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік қазынашылығы
мемлекет кепілгерлігінің шартын ______ нөмірімен тіркейді
Қарыз алушы ___________________________________________________
(қарыз алушының атауы, орналасқан жері)
Қарыз беруші____________________________________________________
(облигация ұстаушылар өкілінің атауы)
Мемлекет кепілгерлігі бойынша негізгі борыштың сомасы
________________________________________________________________
(цифрмен және жазып көрсету)
Мемлекет кепілгерлігінің шарты
________________________________________________________________
(шарттың нөмірі және күні)
Қарыз валютасы _________________________________________________
Қарыздың қолданылу мерзімі ______________________________________
Мемлекет кепілгерлігін беру негіздемесі ____________________________
_______________________________________________________________
Мемлекеттік қазынашылықтың лауазымды адамы, қолы, тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған жағдайда)
Мөр орны
Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдікті тіркеу туралы КУӘЛІК 20 __ жылғы "__" ____________№ __
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.04.2026 № 355 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
_________ қаласы 20 __ жылғы "__" _____
Осымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік қазынашылығы
экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдікті ________ нөмірімен тіркейді
Алушы: ________________________________________________________
(Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігінің атауы және орналасқан жері)
Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктің сомасы
_________________________________________________________________
(цифрмен және жазып көрсету)
Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік шарты
__________________________________________________________________
(шарттың нөмірі және күні)
Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктің қолданылу мерзімі
___________________________________________________________________
Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдікті беру негіздемесі
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Мемлекеттік қазынашылықтың лауазымды адамы, қолы, тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған жағдайда)
Мөр орны
Жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдікті тіркеу туралы КУӘЛІК 20 __ жылғы "__" ____________№ __
Ескерту. Қағидалар 5-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 30.04.2026 № 355 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
_________ қаласы 20 __ жылғы "__" _____
Осымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік қазынашылығы
жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдікті __ нөмірімен тіркейді
Алушы: ________________________________________________________
(кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қорының атауы және орналасқан жері)
Жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктің сомасы
_________________________________________________________________
(цифрмен және жазып көрсету)
Жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік шарты
__________________________________________________________________
(шарттың нөмірі және күні)
Жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктің қолданылу мерзімі
_____________________________________________________________
Жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдікті беру негіздемесі
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
Мемлекеттік қазынашылықтың лауазымды адамы, қолы, тегі, аты, әкесінің аты
(ол болған жағдайда)
Мөр орны
| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 3 шілдедегі № 506 қаулысына қосымша |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерлігімен берілетін қарыздарды, мемлекеттік кепілдіктерді, экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін тіркеу және есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 739 қаулысы.
2. "Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерлігімен берілетін қарыздарды, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін тіркеу және есепке алу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 739 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 маусымдағы № 860 қаулысы.
3. "Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерлігімен берілетін қарыздарды, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін тіркеу және есепке алу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 739 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 14 наурыздағы № 107 қаулысы.
4. "Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерлігімен берілетін қарыздарды, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін тіркеу және есепке алу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 739 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 2 шілдедегі № 462 қаулысы.
5. "Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерлігімен берілетін қарыздарды, мемлекеттік кепілдіктерді, экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін тіркеу және есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 739 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 4 наурыздағы № 147 қаулысы.
