"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының дивидендтік саясатын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 мамырдағы № 543 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 3 маусымдағы № 409 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының дивидендтік саясатын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 мамырдағы № 543 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының дивидендтік саясатында:

      5-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) төлемге дивидендтер мөлшерін есептеу кезінде Қордың жалғыз акционерінің шешімдеріне сәйкес Қордың жобаларды қаржыландыру көлемін есепке алу.";

      7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Қордың Директорлар кеңесі жалғыз акционерге Қордың шоғырландырылған таза кірісін бөлу тәртібі және Қордың бір жай акциясына есептелген дивиденд мөлшері туралы ұсыныс береді.

      8. Қордың жалғыз акционерінің есепті кезеңдегі шешімдеріне сәйкес жобаларды қаржыландыру көлемін ескере отырып, жалғыз акционерге есепке жазылатын Қордың жыл сайынғы дивидендтердің мөлшері акциялары (қатысу үлестері) Қорға тиесілі заңды тұлғалардан есепті кезеңде алынған дивидендтердің кемінде 50 (елу) пайызын құрайды.

      Жалғыз акционердің пайдасына дивидендтер сомасын есептеу кезінде акциялары (қатысу үлестері) Қорға тиесілі заңды тұлғалардан Қор тобының активтерін бәсекелестік ортаға беру жөніндегі мәмілелер нәтижесінде Қорға төленген және Ұлттық қорға жіберілген дивидендтер есепке алынбайды.";

      9 және 11-тармақтар алып тасталсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады