Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Республикалық меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарының тізбесін бекіту туралы" 2004 жылғы 21 желтоқсандағы № 1344 және "Ерекше стратегиялық маңызы бар, оның ішінде жалға және сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін су шаруашылығы құрылыстарының тізбесі туралы" 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 933 қаулыларына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 20 наурыздағы № 164 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 26 тамыздағы № 681 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 26.08.2025 № 681 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:

      1) "Республикалық меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 желтоқсандағы № 1344 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарының тізбесінде:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы 78) тармақшамен толықтырылсын:

      "78) Қаракеңгір өзеніндегі Кеңгір су қоймасы.";

      2) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.08.2025 № 671 қаулысымен.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 23.08.2025 № 671 қаулысымен.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады