Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 26.08.2025 № 681 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
1) "Республикалық меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 желтоқсандағы № 1344 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарының тізбесінде:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 78) тармақшамен толықтырылсын:
"78) Қаракеңгір өзеніндегі Кеңгір су қоймасы.";
2) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.08.2025 № 671 қаулысымен.Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 23.08.2025 № 671 қаулысымен.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |