"Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына және "Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, темiржол вокзалдарына, темiржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншiгiндегi басқа да объектiлерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттiк заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есiмiн беру қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "№ 2 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Ыбырай Алтынсариннің есімі берілсін.
2. Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Димитров атындағы № 1 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атауы Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Абай атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
