Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Табиғи уран концентратына баға белгілеу қағидаларын (әдістемесін) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 ақпандағы№ 74 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 17, 199-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Табиғи уран концентратына баға белгілеу қағидаларында (әдістемесінде):
6-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"ЕR (ехсhаngе rаtе) – меншік құқығының ауысу күні қолданыста болған және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 1-бабы 1-тармағының11) тармақшасына сәйкес айқындалатын валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша АҚШ долларын төлем валютасына аудару коэффициенті.";
11-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"ЕR (ехсhаngе rаtе) – меншік құқығының ауысу күні қолданыста болған және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 1-бабы 1-тармағының11) тармақшасына сәйкес айқындалатын валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша АҚШ долларын төлем валютасына аудару коэффициенті.";
15-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"ЕR (ехсhаngе rаtе) – меншік құқығының ауысу күні қолданыста болған және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 1-бабы 1-тармағының11) тармақшасына сәйкес айқындалатын валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша АҚШ долларын төлем валютасына аудару коэффициенті.";
19-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"ЕR (ехсhаngе rаtе) – меншік құқығының ауысу күні қолданыста болған және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 1-бабы 1-тармағының11) тармақшасына сәйкес айқындалатын валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша АҚШ долларын төлем валютасына аудару коэффициенті.".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
