| Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағында жариялануға тиіс |
Мемлекет басшысының 2025 жылғы 8 қыркүйектегі "Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыруға бағытталған Парламенттік реформа бойынша ұсыныстар тұжырымдау мақсатында осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Жұмыс тобы құрылсын.
|
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ.Тоқаев |
| Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 8 қазандағы № 250 өкіміне ҚОСЫМША |
Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының
ҚҰРАМЫ
Қарин Ерлан Тынымбайұлы - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі, Жұмыс тобының жетекшісі;
Жиенбаев Ержан Нұрланұлы - Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі, Жұмыс тобы жетекшісінің орынбасары;
Қырықбаев Арман Оразбайұлы - Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі, Жұмыс тобы жетекшісінің орынбасары;
Жұмыс тобының мүшелері:
Айтқожин Қабдолсамих Көшекұлы - заң ғылымдарының докторы, Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының профессоры;
Әзілханов Марат Алмасұлы - Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығың меңгерушісі, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары;
Әубәкірова Индира Оралқызы - заң ғылымдарының докторы, "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" ШЖҚ РМК директоры;
Бәшімов Марат Советұлы - Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты, заң ғылымдарының докторы;
Бейсенбаев Елнұр Сабыржанұлы - Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісіндегі "Аманат" фракциясының басшысы;
Бекназаров Нұрлан Құдиярұлы - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы;
Егізбаев Серік Рахметоллаұлы - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі "Ауыл" фракциясының басшысы;
Жаманқұлова Қарлығаш Қалибекқызы - "Әділ сөз" сөз еркіндігін қорғау халықаралық қорының президенті;
Жақаева Лейла Сұлтанқызы - заң ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Жоғары Соты Кеңесінің Сот төрелігі академиясының профессоры;
Жарылғанов Айдар Төлетайұлы - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі;
Имашева Снежанна Валерьевна - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформасы комитетінің төрағасы;
Караев Алипаша Агаханович - заң ғылымдарының кандидаты, Каспий университеті "Әділет" Жоғары құқық мектебінің профессоры;
Қожаназаров Айдарбек Асанұлы - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің "Республика" фракциясының басшысы;
Құлшыманов Қанат Амангелдіұлы - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі;
Магеррамов Магеррам Мамедович - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің "Қазақстан халық партиясы" фракциясының басшысы;
Малиновский Виктор Александрович - заң ғылымдарының докторы, "Нархоз университеті" коммерциялық емес акционерлік коғам профессоры;
Нүкенов Абзал Нүкенұлы - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі;
Нұрмүхамедов Бөріхан Жолбарысұлы - саясаттанушы;
Пан Наталья Виссарионовна - Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы жанындағы Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасына қарасты "Парламентаризм институты" ШЖҚ РМК директоры;
Перуашев Азат Тұрлыбекұлы - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің "Ақ жол" фракциясының басшысы;
Пономарев Сергей Михайлович - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты;
Рақымжанов Асхат Нұрмағамбетүлы - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің "Жалпыұлттық социал-демокртиялық партия" фракциясының басшысы;
Сәрсембаев Ерлан Жақсылықұлы - Қазақстан Республикасының Әділет министрі;
Сарым Айдос Әміроллаұлы - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты;
Чеботарев Андрей Евгеньевич - Ұлттық құрылтай мүшесі, "Альтернатива" өзекті зерттеулер орталығының директоры;
Шаймарданов Жандос Нұрланұлы - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының директоры;
Шапақ Үнзила Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, заң ғылымдарының докторы;
Шаталов Никита Сергеевич - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты;
Шибутов Марат Мақсұмұлы - Ұлттық құрылтай мүшесі, саясаттанушы;
Ыбыраева Алуа Саламатқызы - заң ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры.
