Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 120-бабының 3-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 171 шешімімен бекітілген Тауарларға арналған декларация берілгенге дейін тауарларды шығару туралы өтінішті толтыру тәртібінің 39-тармағына мынадай өзгерістер енгізілсін:
алтыншы абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"4-нөмірдегі – егер кеден органы Кодекстің 118-бабына сәйкес тауарларды шығаруды жою туралы шешім қабылдаған болса, тиісті "Тауарларды шығару жойылды" деген жазбаны немесе белгіні (мөртабан бедері түрінде) енгізе (қоя) отырып, тауарларды шығаруды жоюдың күні (кк.аа.жж форматында) және "/" бөлгіш белгісі арқылы уақыты (24 сағаттық hh:mm форматында).";
жетінші абзацта "2-нөмірдегі" деген сөздер "2 және 4-нөмірлердегі" деген сөздермен алмастырылсын.
2. Осы Шешім ресми жариялаған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткеннен кейін, 2026 жылғы 1 сәуірден кейін күшіне енеді.
|
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы |
Б. Сағынтаев |