Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті органдарының аумақтық бөлімшелерінің анықтамалығы туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2026 жылғы 20 қаңтардағы № 5 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара іс-қимыл туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 3 қосымша) 4 және 7-тармақтарына сәйкес және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 17 қарашадағы № 155 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың нормативтік-анықтамалық ақпаратының бірыңғай жүйесі туралы ережені басшылыққа ала отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті органдарының аумақтық бөлімшелерінің анықтамалығы (бұдан әрі – анықтамалық) бекітілсін.

      2. Анықтамалық Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі-Одақ) нормативтік-анықтамалық ақпаратының бірыңғай жүйесі ресурстарының құрамына енгізілсін.

      3. Мыналар:

      анықтамалық осы Шешім күшіне енген күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң қолданылады;

      егер анықтаманы қолдану Одақ шеңберінде көрсетілген жалпы процестерді Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесі құралдарымен іске асыру кезінде ақпараттық өзара іс-қимылды регламенттейтін технологиялық құжаттарда көзделген жағдайда, Одақ шеңберінде карантиндік фитосанитариялық шаралар саласындағы жалпы процестерді іске асыру кезінде пайдаланылатын электрондық құжаттар (мәліметтер) құрылымының деректемелерін толтыру кезінде анықтамалықтың кодтық белгіленімдерін пайдалану міндетті болып табылады деп белгіленсін.

      4. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының Төрағасы
Б. Сағынтаев

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2026 жылғы 20 қаңтардағы
№ 5 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті органдарының аумақтық бөлімшелерінің АНЫҚТАМАЛЫҒЫ

I. Анықтамалықтың паспорты

Р/с №

Элементтің белгіленуі

Сипаттамасы

1

2

3

1

Коды

073

2

Типі

1 – анықтамалық

3

Атауы

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті органдарының аумақтық бөлімшелерінің анықтамалығы

4

Аббревиатурасы

ӨКУОАБА

5

Белгіленуі

ЕС 073-2026 (ред.1)

6

Анықтамалықты (сыныптауышты) қабылдау (бекіту) туралы актінің деректемелері

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2026 жылғы 20 қаңтардағы № 5 шешімі

7

Анықтамалықтың (сыныптауыштың) қолданысқа енгізілген (қолданыла бастаған) күні

2026 жылғы 22 ақпан

8

Анықтамалықты (сыныптауышты) қолдануды тоқтату туралы актінің деректемелері

9

Анықтамалықты (сыныптауышты) қолданудың аяқталу күні

10

Оператор (операторлар)

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті органдары:
AM – Армения Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі жөніндегі инспекциялық органы;
BY – Беларусь Республикасы Ауыл шаруашылығы және азық-түлік министрлігінің "Тұқым шаруашылығы, карантин және өсімдіктерді қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекциясы" мемлекеттік мекемесі;
KZ – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті" мемлекеттік мекемесі;
KG – Қырғыз Республикасы Су ресурстары, ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібі министрлігінің өсімдіктерді химияландыру, қорғау және карантин департаменті;
RU – Федералдық ветеринариялық және фитосанитариялық қадағалау қызметі

11

Арналуы

анықтамалық Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті органдарының аумақтық бөлімшелерін жүйелеуге, кодтауға және бірегей сәйкестендіруге арналған

12

Аннотация
(қолданылу саласы)

жалпы процестерді іске асыру шеңберінде карантиндік фитосанитариялық шараларды қолдануды ақпараттық қамтамасыз ету үшін пайдаланылады;
анықтамалық Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары арасында, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті органдары мен халықаралық интеграциялық бірлестіктер мен халықаралық ұйымдар арасында ақпарат алмасуды жүзеге асыру кезінде пайдаланылуы мүмкін

13

Түйінді сөздер

өсімдіктер карантині, карантиндік фитосанитариялық бақылау (қадағалау), карантинге жатқызылған өнім (карантинге жатқызылған жүктер, карантинге жатқызылған материалдар, карантинге жатқызылған тауарлар), өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті органдар, өсімдіктер карантині және оларды қорғау жөніндегі ұлттық ұйымдар

14

Еуразиялық экономикалық одақ органдарының өкілеттіктері іске асырылатын сала

карантиндік фитосанитариялық шаралар

15

Халықаралық (мемлекетаралық, өңірлік) сыныптаманы пайдалану

2 – анықтамалықтың халықаралық (мемлекетаралық, өңірлік) баламалары жоқ

16

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік анықтамалықтарының (сыныптауыштарының) болуы

1 – анықтамалықтың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде баламасы жоқ

17

Жүйелеу (сыныптау) әдісі

1 – жүйелеудің реттік әдісі: жүйелеу объектілері Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет шеңберінде әліпбилік қағидат бойынша ретке келтірілген

18

Жүргізу әдістемесі

2 – қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті органдарының аумақтық бөлімшелерінің анықтамалығын жүргізу тәртібіне сәйкес Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер мен Еуразиялық экономикалық комиссияның ақпараттық өзара іс-қимылы негізінде анықтамалықты жүргізу рәсімі

19

Құрылымы

анықтамалық құрылымының сипаттамасы (өрістердің құрамы, олардың мәндерінің салалары және қалыптасу қағидалары) анықтамалықтың II бөлімінде келтірілген

20

Деректердің құпиялылық дәрежесі

анықтамалықтағы мәліметтер қол жетімді ашық ақпаратқа жатады

21

Қайта қараудың белгіленген кезеңділігі

белгіленбеген

22

Өзгерістер

23

Анықтамалықтағы (сыныптауыштағы) егжей-тегжейлі мәліметтерге сілтеме

анықтамалықтағы егжей тегжейлі мәліметтер Еуразиялық экономикалық одақтың ақпараттық порталына орналастырылады

24

Анықтамалықтан (сыныптауыштан) мәліметтерді ұсыну тәсілі

Еуразиялық экономикалық одақтың ақпараттық порталында жариялау

II. Анықтамалық құрылымның сипаттамасы

      1. Осы бөлім анықтамалықтың құрылымы мен деректемелік құрамын, оның ішінде деректемелер мәндерінің салаларын және оларды қалыптастыру қағидаларын айқындайды.

      2. Анықтамалықтың құрылымы мен реквизиттік құрамы кестеде келтірілген, онда мынадай жолдар (бағандар) қалыптастырылады:

      "деректеменің атауы" – реквизиттің реттік нөмірі және белгіленген немесе ресми ауызша белгіленуі;

      "деректеменің мәндер саласы" – деректеменің мағынасын (семантикасын) түсіндіретін мәтін;

      "деректемені қалыптастыру қағидалары" – деректеменің мақсатын нақтылайтын және оны қалыптастыру (толтыру) қағидаларын айқындайтын мәтін немесе деректеменің ықтимал мәндерінің ауызша сипаттамасы;

      "көпт." – деректемелердің көптігі (деректеменің міндеттілігі (опционалдылығы) және ықтимал қайталанулар саны).

      3. Берілетін деректердің деректемелерінің көптігін көрсету үшін мынадай белгіленімдер пайдаланылады:

      1 – деректеме міндетті, қайталауға жол берілмейді;

      n – деректеме міндетті, n рет қайталануы тиіс (n > 1);

      1..* – деректеме міндетті, шектеусіз қайталануы мүмкін;

      n..* – деректеме міндетті, кемінде n рет қайталануы тиіс (n > 1);

      n..m – деректеме міндетті, кемінде n рет және m реттен көп емес қайталануы тиіс (n > 1, m > n ) ;

      0..1 – деректеме опционалды, қайталауға жол берілмейді;

      0..* – деректеме опционалды, шектеусіз қайталануы мүмкін;

      0..m – деректеме опционалды, m реттен артық қайталануы мүмкін емес (m > 1).

      Кесте

Анықтамалықтың құрылымы және реквизиттік құрамы

Деректеменің атауы

Деректеменің қолданылу саласы

Деректемені қалыптастыру қағидалары

Көпт.

1. Уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі туралы мәліметтер

кірістірілген деректемелер мәндерінің салаларымен анықталады

салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады

1..*

1.1. Аумақтық бөлімшенің коды

мына шаблонға сәйкес символдар жолы:
[A-Z]{2}[0-9]{5}

"Жүйелеу (сыныптау) әдісі" бөлімінде сипатталған қағидаларға сәйкес қалыптастырылады

1

1.2. Аумақтық бөлімшенің атауы

символдар жолы.
Ең қысқа ұзындық: 1.
Ең ұзын ұзындық: 300

орыс тіліндегі мәтін түрінде қалыптасады

1

1.3. Жоғары тұрған ұйымның коды

мына шаблонға сәйкес символдар жолы:
[A-Z]{2}[0-9]{5}

"Жүйелеу (сыныптау) әдісі" бөлімінде сипатталған қағидаларға сәйкес қалыптастырылады

0..1

1.4. Уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің мекенжайы


кірістірілген элементтер мәндерінің салаларымен анықталады

0..1

1.4.1. Мекенжай түрінің коды

символдар жолы.
Ең қысқа ұзындық: 1.
Ең ұзын ұзындық: 20

мекенжай түрлерінің анықтамалығына сәйкес кодтың мәні

0..1

1.4.2. Елдің коды

символдар жолы.
Шаблон: [A-Z]{2}

сәйкестендіргіші "Анықтамалықтың (сыныптауыштың)" атрибутында анықталған анықтамалыққа (сыныптауышұа) сәйкес елдің екі әріптік кодының мәні

0..1

1.4.3. Аумақтың коды

символдар жолы.
Ең қысқа ұзындық: 1.
Ең ұзын ұзындық: 17

әкімшілік-аумақтық бөлініс бірлігінің коды

0..1

1.4.4. Өңір

символдар жолы.
Ең қысқа ұзындық: 1.
Ең ұзын ұзындық: 120

бірінші деңгейдегі әкімшілік-аумақтық бөлініс бірлігінің атауы

0..1

1.4.5. Аудан

символдар жолы.
Ең қысқа ұзындық: 1.
Ең ұзын ұзындық: 120

екінші деңгейдегі әкімшілік-аумақтық бөлініс бірлігінің атауы

0..1

1.4.6. Қала

символдар жолы.
Ең қысқа ұзындық: 1.
Ең ұзын ұзындық: 120

қаланың атауы

0..1

1.4.7. Елді мекен

символдар жолы.
Ең қысқа ұзындық: 1.
Ең ұзын ұзындық: 120

елді мекеннің атауы

0..1

1.4.8. Көше

символдар жолы.
Ең қысқа ұзындық: 1.
Ең ұзын ұзындық: 120

қалалық инфрақұрылымның көше-жол желісі элементінің атауы

0..1

1.4.9. Үйдің нөмірі

символдар жолы.
Ең қысқа ұзындық: 1.
Ең ұзын ұзындық: 120

үйдің, корпустың, құрылыстың белгіленуі

0..1

1.4.10. Үй-жайдың нөмірі

символдар жолы.
Ең қысқа ұзындық: 1.
Ең ұзын ұзындық: 120

кеңсенің немесе пәтердің белгіленуі

0..1

1.4.11. Пошта индексі

символдар жолы.
Шаблон: [A-Z0-9][A-Z0-9 -]{1,8}[A-Z0-9]

пошта байланысы кәсіпорнының пошта индексі

0..1

1.4.12. Абоненттік жәшіктің нөмірі

символдар жолы.
Ең қысқа ұзындық: 1.
Ең ұзын ұзындық: 120

пошта байланысы кәсіпорнындағы абоненттік жәшіктің нөмірі

0..1

1.5. Байланыс деректемесі

кірістірілген деректемелер мәндерінің салаларымен анықталады

салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады

0..*

1.5.1. Байланыс түрінің коды

символдар жолы.
Шаблон: [A-Z]{2}

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 6 желтоқсандағы № 192 шешімімен бекітілген байланыс құралдары (арналары) түрлерінің тізбесіне сәйкес байланыс құралы (арнасы) түрінің коды көрсетіледі

0..1

1.5.2. Байланыс құралы (арнасы) түрінің атауы

символдар жолы.
Ең қысқа ұзындық: 1.
Ең ұзын ұзындық: 250

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2022 жылғы 6 желтоқсандағы № 192 шешімімен бекітілген байланыс құралдары (арналары) түрлерінің тізбесіне сәйкес байланыс құралы (арнасы) түрінің атауы көрсетіледі

0..1

1.5.3. Байланыс арнасының сәйкестендіргіші

бірыңғайланған символдар жолы.
Ең қысқа ұзындық: 1.
Ең ұзын ұзындық: 1000

байланыс арнасын сәйкестендіретін символдар тізбегі (телефон нөмірін, факсты, электрондық пошта мекенжайын және т. б. көрсету)

1..*

1.6. Анықтамалықтың (сыныптауыштың) жазбасы туралы мәліметтер

кірістірілген деректемелер мәндерінің салаларымен анықталады

салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады

1

1.6.1. Қолданыстың басталу күні

YYYY-MM-DD форматындағы ИСО 8601 стандарттар сериясына сәйкес күні

анықтамалық (сыныптауыш) жазбасының басталу күніне сәйкес келеді: жазбаның қосылған күні (егер жазба анықтамалыққа енгізілген жағдайда) немесе жазбаның өзгертілген күні (егер анықтамалыққа бұрын енгізілген жазба өзгертілген жағдайда)

1

1.6.2. Анықтамалық жазбасы қолданысының басталуын регламенттейтін акт туралы мәліметтер

кірістірілген деректемелер мәндерінің салаларымен анықталады

салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады

0..1

1.6.2.1. Акт түрінің атауы

символдар жолы.
Ең қысқа ұзындық: 1.
Ең ұзын ұзындық: 500

акт түрінің атауы орыс тіліндегі мәтін түрінде қалыптасады

0..1

1.6.2.2. Актінің атауы

символдар жолы.
Ең қысқа ұзындық: 1.
Ең ұзын ұзындық: 500

актінің меншікті атауы орыс тіліндегі мәтін түрінде қалыптасады

0..1

1.6.2.3. Актінің нөмірі

символдар жолы.
Ең қысқа ұзындық: 1.
Ең ұзын ұзындық: 50

актіге берілген цифрлық немесе әріптік-цифрлық белгіленімді қамтиды

1

1.6.2.4. Актінің жасалған күні

YYYY-MM-DD форматындағы ИСО 8601 стандарттар сериясына сәйкес күні

актінің жасалған күніне сәйкес келеді

1

1.6.3. Қолданыстың аяқталу күні

YYYY-MM-DD форматындағы ИСО 8601 стандарттар сериясына сәйкес күні

Еуразиялық экономикалық одақ органының актісінде көрсетілген қолданыстың аяқталу күніне сәйкес келеді

0..1

1.6.4. Анықтамалық жазба қолданысының аяқталуын регламенттейтін акт туралы мәліметтер

кірістірілген деректемелер мәндерінің салаларымен анықталады

салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады

0..1

1.6.4.1. Акт түрінің атауы

символдар жолы.
Ең қысқа ұзындық: 1.
Ең ұзын ұзындық: 500

акт түрінің атауы орыс тіліндегі мәтін түрінде қалыптасады

0..1

1.6.4.2. Актінің атауы

символдар жолы.
Ең қысқа ұзындық: 1.
Ең ұзын ұзындық: 500

меншікті атауы орыс тіліндегі мәтін түрінде қалыптасады

0..1

1.6.4.3. Актінің нөмірі

символдар жолы.
Ең қысқа ұзындық: 1.
Ең ұзын ұзындық: 50

актіге берілген цифрлық немесе әріптік-цифрлық белгіні қамтиды

1

1.6.4.4. Актінің жасалған күні

YYYY-MM-DD форматындағы ИСО 8601 стандарттар сериясына сәйкес күні

актінің қабылданған күніне сәйкес келелі

1

  Еуразиялық экономикалық
одаққа мүше мемлекеттердің
өсімдіктер карантині жөніндегі
уәкілетті органдарының
аумақтық бөлімшелерінің
анықтамалығына ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті органдарының аумақтық бөлімшелерінің анықтамалығын жүргізу ТӘРТІБІ

I. Жалпы ережелер

      1. Осы тәртіп Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – Одақ) құқығына кіретін мынадай актілерге сәйкес әзірленді:

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт;

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық одақтың нормативтік-анықтамалық ақпаратының бірыңғай жүйесі туралы" 2015 жылғы 17 қарашадағы № 155 шешімі;

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық одақтың нормативтік-анықтамалық ақпаратының бірыңғай жүйесі ресурстарының құрамына кіретін анықтамалықтар мен сыныптауыштарды әзірлеу, жүргізу және қолдану әдіснамасын бекіту туралы" 2017 жылғы 19 қыркүйектегі № 121 шешімі.

II. Қолданылу саласы

      2. Осы Тәртіп Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті органдарының аумақтық бөлімшелерінің анықтамалығын (бұдан әрі – анықтамалық) жүргізу қағидаларын айқындайды.

      3. Осы Тәртіпті анықтамалықты қалыптастыру және жүргізу кезінде анықтамалықтың операторлары және Одақтың нормативтік-анықтамалық ақпаратының бірыңғай жүйесінің әкімшісі (бұдан әрі – НАА бірыңғай жүйесі) қолданады.

III. Негізгі ұғымдар

      4. Осы Тәртіптің мақсаттары үшін мыналарды білдіретін ұғымдар пайдаланылады:

      "өсімдіктер карантині" – Одақтың кедендік аумағындағы карантиндік объектілерден өсімдіктер мен өсімдік тектес өнімдерді қорғау жөніндегі шаралар жүйесін көздейтін құқықтық режим;

      "карантиндік фитосанитариялық бақылау (қадағалау)" – өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті органдардың карантиндік объектілерді анықтауға, карантинге жатқызылған өнімнің (карантинге жатқызылған жүктердің, карантинге жатқызылған материалдардың, карантинге жатқызылған тауарлардың) карантиндік фитосанитариялық жай-күйін белгілеуге, халықаралық міндеттемелерді орындауға және Одаққа мүше мемлекеттердің өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын сақтауға бағытталған қызметі;

      "өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті органдар" – Одаққа мүше мемлекеттердің өсімдіктер карантині және оларды қорғау жөніндегі органдары (ұйымдары).

      Осы Тәртіпте пайдаланылатын өзге де ұғымдар 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта және Одақ органдарының НАА бірыңғай жүйесін қалыптастыру және дамыту саласындағы актілерінде айқындалған мәндерде қолданылады.

IV. Анықтамалықты жүргізу қағидаттары

      5. Анықтамалықты қалыптастыру және жүргізу Одаққа мүше мемлекеттердің өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті органдарының аумақтық бөлімшелерін (бұдан әрі тиісінше – мүше мемлекеттер, аумақтық бөлімшелер) жүйелеу, кодтау және бірегей сәйкестендіру мақсатында жүзеге асырылады.

      6. Анықтамалықты жүйелеу объектілері аумақтық бөлімшелер болып табылады.

      7. Анықтамалықтың ұлттық бөлігі шеңберіндегі мүше мемлекеттердің өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті органдары анықтамалықтың операторлары (бұдан әрі – анықтамалықтың операторлары) болып табылады.

      8. Анықтамалықтың операторы осы Тәртіпке сәйкес өз мүше мемлекетінің аумақтық бөлімшелері туралы мәліметтерді қалыптастырады және Еуразиялық экономикалық комиссияға (бұдан әрі – Комиссия) ұсынады.

      9. Жүйелеу объектілерін кодтау мақсаттары үшін Одақ шеңберінде біріздендірілген анықтамалық объектілер кодының жалпы ұзындығы – мынадай құрылымы бар 7 таңбалы код белгіленеді:

      ZZXXXXX,

      мұнда:

      ZZ – ISO 3166-1 стандартына сәйкес мүше мемлекеттің екі әріптен тұратын коды;

      XXXXX – мүше мемлекеттің аумақтық бөлімшесінің реттік нөмірі.

      10. Аумақтық бөлімшеге реттік нөмірді анықтамалықтың операторы өзінің мүше мемлекеті шеңберінде "00001" бастап береді. Бұл ретте белгілі бір аумақтық бөлімшеге қатысты нөмірдің өзгермеуі және мүше мемлекет шеңберінде осындай нөмірдің бірегейлігі қамтамасыз етіледі.

      11. Аумақтық бөлімше таратылған (қысқартылған, қызметі тоқтатылған, қайта ұйымдастырылған) жағдайда тиісті позиция анықтамалықтан алынып тасталмайды, өзгерістер тарихын сақтау үшін және әртүрлі аумақтық бөлімшелерге бірдей кодтардың берілуін болдырмау үшін көрсетілуін жалғастырады. Анықтамалықтың жаңа позицияларын қалыптастыру кезінде таратылған (қысқартылған, қызметін тоқтатқан, қайта ұйымдастырылған) аумақтық бөлімшелердің кодтарын қайта пайдалануға жол берілмейді.

      12. Анықтамалық операторларының НАА бірыңғай жүйесінің әкімшісімен өзара іс-қимылы Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесі пайдаланыла отырып, электрондық түрде жүзеге асырылады.

      13. Одаққа жаңа мемлекет қосылған жағдайда бұл мемлекет осы Тәртіпке сәйкес анықтамалықтың ұлттық бөлігін қалыптастыруға уәкілеттік берілген органды (ұйымды) айқындайды, ол НАА бірыңғай жүйесінің әкімшісімен бірлесіп анықтамалықты осы Тәртіптің V бөлімінің 1-кіші бөліміне сәйкес осы мемлекеттің аумақтық бөлімшелері туралы мәліметтермен бастапқы толтыруды жүзеге асырады.

      14. Анықтамалықты пайдаланушыларды, сондай-ақ мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарын (ұйымдарын), оның ішінде анықтамалықтың операторларын анықтамалыққа енгізілген өзгерістер туралы хабардар ету Одақтың ақпараттық порталының құралдары пайдаланыла отырып жүзеге асырылады.

V. Анықтамалықты қалыптастыру және жүргізу

1. Анықтамалықты бастапқы толтыру

      15. Анықтамалықты бастапқы толтыру анықтамалық операторлары НАА бірыңғай жүйесінің әкімшісіне ұсынған мәліметтер негізінде анықтамалықты бекіту туралы Комиссия Алқасының шешімі күшіне енген күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде бір рет орындалады. Одаққа жаңа мемлекет қосылған жағдайда анықтамалыққа тиісті мәліметтерді енгізу Комиссия айқындайтын мерзімде жүзеге асырылады.

      16. Анықтамалықты бастапқы толтыру үшін ұсынылатын мәліметтер анықтамалықты қалыптастыру сәтінде аумақтық бөлімшелер туралы өзекті ақпаратты қамтуға тиіс.

      17. Анықтамалықты бастапқы толтыру үшін мәліметтер Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2026 жылғы 20 қаңтардағы № 5 шешімімен бекітілген анықтамалықтың II бөлімінде келтірілген анықтамалықтың құрылымына (бұдан әрі – анықтамалықтың құрылымы) сәйкес XML-форматта қалыптастырылады.

      18. Анықтамалықты бастапқы толтыру кезінде келесі ерекшеліктер ескерілуі тиіс:

      а) "1.6.2. Анықтамалықтың жазбасы қолданылуының басталуын регламенттейтін акт туралы мәліметтер" деген деректемеде мүше мемлекеттің аумақтық бөлімше құруды регламенттейтін нормативтік құқықтық актісі туралы мәліметтер көрсетіледі;

      б) "1.6.3. Қолданыстың аяқталу күні" және "1.6.4. Анықтамалық жазба қолданысының аяқталуын регламенттейтін акт туралы мәліметтер" деген деректемелер толтырылмайды.

      19. Анықтамалықты бастапқы толтыру үшін ұсынылған мәліметтерді тексергеннен кейін және көрсетілген мәліметтерде қателер болмаған жағдайда, НАА бірыңғай жүйесінің әкімшісі оларды анықтамалыққа енгізуді және оны Одақтың ақпараттық порталында НАА бірыңғай жүйесінің ресурстары құрамында жариялауды қамтамасыз етеді.

      20. Мәліметтерде қателер анықталған жағдайда НАА бірыңғай жүйесінің әкімшісі бұл туралы анықтамалықтың операторын хабардар етеді, ол анықталған қателерді жояды және анықтамалықты бастапқы толтыру үшін мәліметтерді беруді қайталайды.

2. Анықтамалыққа өзгерістер енгізу

      21. Анықтамалыққа өзгерістер енгізу үшін анықтамалықтың операторы ұсынатын мәліметтер анықтамалықтың құрылымына сәйкес қалыптастырылады.

      22. Анықтамалыққа өзгерістер енгізу үшін анықтамалықтың операторы ұсынатын мәліметтер мыналарды қамтуы мүмкін:

      а) аумақтық бөлімшенің құрылуы (ұйымдастырылуы, құрылуы, қызметінің басталуы) туралы мәліметтер. Мұндай мәліметтерді қалыптастыру қағидалары осы Тәртіптің 23 тармағында келтірілген;

      б) аумақтық бөлімшенің атауының, мекенжайының және (немесе) байланыс деректемелерінің өзгертілуі туралы мәліметтер. Мұндай мәліметтерді қалыптастыру қағидалары осы Тәртіптің 24 тармағында келтірілген;

      в) аумақтық бөлімшенің таратылуы (қысқартылуы, қызметін тоқтатуы, қайта ұйымдастырылуы) туралы мәліметтер. Мұндай мәліметтерді қалыптастыру қағидалары осы Тәртіптің 25-тармағында келтірілген.

      23. Анықтамалыққа жаңа позиция (жаңа аумақтық бөлімше туралы) туралы мәліметтерді енгізу үшін мынадай қағидаларға сәйкес 1 жазба қалыптастырылады:

      а) "1.1. Аумақтық бөлімшенің коды" деректемесінің мәні анықтамалықтың қолданыстағы жазбаларындағы осы деректеменің мәніне сәйкес келмеуі тиіс;

      б) "1.6.1. Қолданыстың басталуы күні" және "1.6.2. Анықтамалық жазбасы қолданылуының басталуын регламенттейтін акт туралы мәліметтер" деректемелері толтырылуы тиіс;

      в) "1.6.3. Қолданыстың аяқталуы күні" және "1.6.4. Анықтамалық жазбасы қолданылуының аяқталуын регламенттейтін акт туралы мәліметтер" деректемелері толтырылмайды.

      24. Анықтамалыққа өзгерістер енгізу үшін 2 жазба қалыптастырылады:

      а) бірінші жазба анықтамалықтың өзгертілетін жазбасы туралы мәліметтерді қамтиды және мынадай қағидаларға сәйкес қалыптастырылады:

      барлық деректемелердің мәндері ("1.6.3. Қолданыстың аяқталуы күні" және "1.6.4. Анықтамалық жазбасы қолданылуының аяқталуын регламенттейтін акт туралы мәліметтер" деректемелерін қоспағанда) анықтамалықтың қолданыстағы жазбасындағы осы деректемелердің мәндеріне сәйкес келуі тиіс;

      "1.6.3. Қолданыстың аяқталуы күні" деректемесі өзгертілетін жазба қолданылатын күнге дейінгі күнді (қоса алғанда) және анықтамалықтың өзгертілетін жазбасының қолданысы аяқталу күніне сәйкес келетін күнді қамтуға тиіс. Қолданыстың аяқталуы күні "1.6.1. Қолданыстың басталуы күні" деректемесінде көрсетілген күннен ерте болмайды;

      "1.6.4. Анықтамалық жазбасы қолданылуының аяқталуын регламенттейтін акт туралы мәліметтер" деректемесінде аумақтық бөлімше туралы мәліметтерге өзгерістер енгізуді регламенттейтін мүше мемлекеттің нормативтік құқықтық актісі туралы мәліметтер көрсетіледі (бар болса);

      б) екінші жазба аумақтық бөлімше туралы өзгертілген мәліметтерді қамтиды және мынадай қағидаларға сәйкес қалыптастырылады:

      "1.1. Аумақтық бөлімшенің коды" деректемесінің мәні өзгертілетін жазбаның "1.1. Аумақтық бөлімшенің коды" деректемесінің мәніне сәйкес келуі тиіс;

      "1.6.1. Қолданыстың басталуы күні" деректемесі аумақтық бөлімше туралы мәліметтерге енгізілген өзгерістер қолданылатын күннен басталатын күнді қамтуы тиіс. Қолданыстың басталуы күні өзгертілетін жазбаның "1.6.3. Қолданыстың аяқталуы күні" деректемесінде көрсетілген күннен кеш болуға тиіс;

      "1.6.2. Анықтамалық жазбасы қолданылуының басталуын регламенттейтін акт туралы мәліметтер" деректемесінде аумақтық бөлімше (бар болса) туралы мәліметтерге өзгерістер енгізуді регламенттейтін мүше мемлекеттің нормативтік құқықтық актісі туралы мәліметтер көрсетіледі.

      25. Аумақтық бөлімшені тарату (қысқарту, қызметін тоқтату, қайта ұйымдастыру) туралы мәліметтерді ұсыну үшін мынадай қағидаларға сәйкес 1 жазба қалыптастырылады:

      а) барлық деректемелердің мәндері ("1.6.3. Қолданыстың аяқталуы күні" және "1.6.4. Анықтамалық жазбасы қолданылуының аяқталуын регламенттейтін акт туралы мәліметтер" деректемелерін қоспағанда) анықтамалықтағы таратылатын аумақтық бөлімше туралы тиісті жазбаның мәндеріне сәйкес келуге тиіс;

      б) деректеме "1.6.3. Қолданыстың аяқталу күні" аумақтық бөлімшені тарату (тарату, қызметін тоқтату, қайта ұйымдастыру) күнін қамтуға тиіс, оған дейін (қоса алғанда) өзгертілетін жазба қолданылады және анықтамалық жазбаның қолданылу аяқталу күніне сәйкес келеді. Әрекеттің аяқталу күні "1.6.1. Қолданыстың басталу күні";

      б) "1.6.3. Қолданыстың аяқталуы күні" деректемесі өзгертілетін жазба қолданылатын күнге дейінгі күнді (қоса алғанда) және анықтамалықтың жазбасының қолданысы аяқталу күніне сәйкес келетін аумақтық бөлімшені тарату (қысқарту, қызметін тоқтату, қайта ұйымдастыру) күнді қамтуға тиіс. Қолданыстың аяқталуы күні "1.6.1. Қолданыстың басталуы күні" деректемесінде көрсетілген күннен ерте болмайды;

      в) "1.6.4. Анықтамалық жазбасы қолданылуының аяқталуын регламенттейтін акт туралы мәліметтер" деректемесінде аумақтық бөлімше оған сәйкес таратылатын (қысқартылатын, қызметін тоқтататын, қайта ұйымдастырылатын) акт туралы мәліметтер көрсетіледі.

      26. Анықтамалықтың операторы анықтамалыққа өзгерістер енгізу үшін мәліметтер қалыптастырады және оларды анықтамалықтың құрылымына сәйкес XML-форматында НАА бірыңғай жүйесінің әкімшісіне ұсынады.

      27. НАА бірыңғай жүйесінің әкімшісі анықтамалыққа өзгерістер енгізуге арналған мәліметтердің алынғанын және өңделгенін растайды.

      28. Ұсынылған мәліметтерде қателер болмаған кезде НАА бірыңғай жүйесінің әкімшісі оларды анықтамалыққа енгізуді және алынған күннен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірмей Одақтың ақпараттық порталында жариялауды қамтамасыз етеді.

      29. НАА бірыңғай жүйесінің әкімшісі ұсынылған мәліметтерде қателерді анықтаған жағдайда анықтамалықтың операторы анықталған қателерді жояды және анықтамалыққа өзгерістер енгізу үшін мәліметтер беруді қайталайды.

      30. Анықтамалықты жүргізу ол бекітілгеннен кейін Комиссия бекітетін Одақтың бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпарат жүйесіне қатысушылардың анықтамалықтар мен сыныптауыштарды Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесі құралдарымен жүргізу және тарату жөніндегі ақпараттық өзара іс-қимыл регламентіне сәйкес автоматтандырылған режимде жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады