2023 жылғы 4 желтоқсанда қол қойылған Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін тауарлардың шығарылған жерін айқындаудың үйлестірілген жүйесі туралы келісімнің 4-бабының 4-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қоса берілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін тауарларға қатысты қолданылуы тауарлардың шығарылған жеріне байланысты жекелеген реттеу шараларының бірыңғай тізілімінің нысаны (әрі қарай – бірыңғай тізілім) бекітілсін.
2. Бірыңғай тізілімнің уақтылы жаңартылуын қамтамасыз ету мақсатында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтерінен (әрі қарай – мүше мемлекеттер) жекелеген реттеу шарасы енгізілген нормативтік құқықтық актілерге бірыңғай тізілімде қамтылған ақпаратқа қатысты өзгерістер енгізілген жағдайда немесе олардың күші жойылған (бас тартылған) жағдайда бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияны алдын ала, бірақ мүше мемлекеттің тиісті нормативтік құқықтық актісі күшіне енетін күнге дейін кемінде 3 күнтізбелік күн бұрын (осы актінің көшірмесін қоса бере отырып) хабардар етуді сұратылсын.
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап 30 күнтізбелік күн өткен соң, бірақ 2023 жылғы 4 желтоқсанда қол қойылған Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін тауарлардың шығарылған жерін айқындаудың үйлестірілген жүйесі туралы келісімнің күшіне ену күнінен ерте емес күшіне енеді.
|
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы |
Б. Сағынтаев |
| 2025 жылғы 16 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының № 126 Шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін тауарларға қатысты қолданылуы тауарлардың шығарылған жеріне байланысты жекелеген реттеу шараларының бірыңғай тізілімінің НЫСАНЫ
т/т № | Реттеу шарасының түрі | ЕАЭО СЭҚ ТН коды | Тауар атауы | Реттеу шарасын енгізген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет | Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің реттеу шарасы енгізілген нормативтік құқықтық актісі туралы мәліметтер | Реттеу шарасының жарамдылық мерзімі | Реттеу шарасы туралы ақпаратты бірыңғай тізілімге қосу күні | Өзге ақпарат |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
Ескертпелер: 1. 2-бағанда тауарлардың шығарылған жеріне байланысты қолданылатын реттеу шараларының келесі түрлері көрсетіледі: тауарларды әкетуге тыйым салу, тауарларды әкетуге сандық шектеулер немесе тауарларды әкетудің рұқсат беру тәртібі.
2. 3-бағанда Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына (әрі қарай – ЕАЭО СЭҚ ТН) сәйкес тауардың коды тиісті реттеу шарасы белгіленген деңгейде көрсетіледі.
3. Осы бірыңғай тізілімді қолдану мақсатында тек ЕАЭО СЭҚ ТН коды басшылыққа алынады, 4-бағандағы тауардың атауы пайдалануға қолайлылық үшін келтірілген. Бұл ретте 3-бағанда "*" белгісімен көрсетілген ЕАЭО СЭҚ ТН коды болған жағдайда ЕАЭО СЭҚ ТН кодын да, тауардың атауын да басшылыққа алу қажет.
