Кедендік төлемдерді төлеу бойынша жеңілдіктер сыныптауышының 4.4 кіші бөліміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2025 жылғы 2 желтоқсандағы № 114 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 8-бабының 2-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Кедендік төлемдерді төлеу бойынша жеңілдіктер сыныптауышының 4.4 кіші бөлімінің 4.4.1 тармағын (2010 жылғы 20 қыркүйектегі Кеден Одағы Комиссиясының № 378 Шешіміне 7-қосымша) АЗ коды бар позициядан кейін келесі мазмұндағы позициямен толықтырылсын:

"Ресей Федерациясына әкелінетін ұшуының ең жоғары массасы 0,15 килограммнан 30 килограммға дейінгі азаматтық ұшқышсыз әуе кемелерін Ресей Федерациясы аумағында салуға, жөндеуге және (немесе) жаңғыртуға арналған қозғалтқыштар, қосалқы бөлшектер мен құрамдас бұйымдарға, сондай-ақ аталған ұшқышсыз азаматтық әуе кемелерін және (немесе) қозғалтқыштарды әзірлеу, жасау және (немесе) сынау үшін қажетті баспа басылымдарына, тәжірибелік үлгілерге және (немесе) олардың құрамдас бөліктеріне қатысты ҚҚС төлеуден босату.

БЗ".

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының төрағасы
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады