Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 8-бабының 2-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Кедендік төлемдерді төлеу бойынша жеңілдіктер сыныптауышының 4.4 кіші бөлімінің 4.4.1 тармағын (2010 жылғы 20 қыркүйектегі Кеден Одағы Комиссиясының № 378 Шешіміне 7-қосымша) АЗ коды бар позициядан кейін келесі мазмұндағы позициямен толықтырылсын:
"Ресей Федерациясына әкелінетін ұшуының ең жоғары массасы 0,15 килограммнан 30 килограммға дейінгі азаматтық ұшқышсыз әуе кемелерін Ресей Федерациясы аумағында салуға, жөндеуге және (немесе) жаңғыртуға арналған қозғалтқыштар, қосалқы бөлшектер мен құрамдас бұйымдарға, сондай-ақ аталған ұшқышсыз азаматтық әуе кемелерін және (немесе) қозғалтқыштарды әзірлеу, жасау және (немесе) сынау үшін қажетті баспа басылымдарына, тәжірибелік үлгілерге және (немесе) олардың құрамдас бөліктеріне қатысты ҚҚС төлеуден босату. | БЗ". |
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
|
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы |
Б. Сағынтаев |