2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына, Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 19-бабына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) Еуразиялық экономикалық одақтың ЕАЭО СЭҚ ТН 87 тобына 10 қосымша ескертпесіндегі "8703 80 000 2 позициясында" деген сөздер "8703 80 000 3 және 8703 80 000 5 позицияларында" деген сөздермен ауыстырылсын;
б) Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасынан № 1 қосымшаға сәйкес кіші қосалқы позициялар алып тасталсын;
в) № 2 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына кіші қосалқы позициялар қосылсын;
г) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелері № 3 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімдеріне № 4 қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, бірақ ерте дегенде Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің көлік құралдарының жекелеген түрлеріне қатысты Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы шешімі күшіне енген күннен кейін күшіне енеді.
| Еуразиялық экономикалық комиссия | |
| Алқасы Төрағасының міндетін атқарушы | Б. Сұлтанов |
| Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2025 жылғы 23 қыркүйектегі № 81 шешіміне №1 ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасынан алып тасталатын КІШІ ҚОСАЛҚЫ ПОЗИЦИЯЛАР
СЭҚ ТН коды | Позицияның атауы | Қосым. өлшем бірлігі. |
8703 80 000 2 | – – – M1 немесе M1G санатындағы жеңіл автомобильдер | дана |
8703 80 000 9 | – – – өзгелері | дана |
| Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2025 жылғы 23 қыркүйектегі № 81 шешіміне № 2 ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына енгізілетін КІШІ ҚОСАЛҚЫ ПОЗИЦИЯЛАР
СЭҚ ТН коды | Позицияның атауы | Қосым. өлшем бірлігі. |
– – – бұлар сыртқы электр көзіне қосылу арқылы ғана зарядталуы мүмкін:* | ||
8703 80 000 3 | – – – – M1 немесе M1G санатындағы жеңіл автомобильдер | дана |
8703 80 000 4 | – – – – өзгелері | дана |
– – – өзгелері: | ||
8703 80 000 5 | – – – – M1 немесе M1G санатындағы жеңіл автомобильдер | дана |
8703 80 000 8 | – – – – өзгелері | дана |
___________
* 8703 80 000 1 кіші қосалқы позициясынан кейінгі "– – өзгелері" кодсыз кіші қосалқы позициясынан кейінгі кодсыз кіші қосалқы позиция.
| Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2025 жылғы 23 қыркүйектегі № 81 шешіміне № 3 ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының МӨЛШЕРЛЕМЕЛЕРІ
СЭҚ ТН коды | Позицияның атауы | Кедендік әкелу бажының ставкасы (кедендік құннан пайызбен не евромен не АҚШ долларымен |
8703 80 000 3 | – – – – M1 немесе M1G санатындағы жеңіл автомобильдер | 15 |
8703 80 000 4 | – – – – өзгелері | 15 |
8703 80 000 5 | – – – – M1 немесе M1G санатындағы жеңіл автомобильдер | 15 |
8703 80 000 8 | – – – – өзгелері | 15 |
| Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2025 жылғы 23 қыркүйектегі № 81 шешіміне № 4 ҚОСЫМША |
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімдеріне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2015 жылғы 8 мамырдағы №16 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі кедендік әкелу бажы мөлшерлемелерін өзгерту туралы шешім қабылдайтын сезімтал тауарлардың тізбесінде ЕАЭО СЭҚ ТН 8703 80 000 2 және 8703 80 000 9 деген кодтары бар позициялар мынадай мазмұндағы позициялармен ауыстырылсын:
"8703 80 000 3 | – – – – | M1 немесе M1G санатындағы жеңіл автомобильдер |
8703 80 000 4 | – – – – | өзгелері |
8703 80 000 5 | – – – – | M1 немесе M1G санатындағы жеңіл автомобильдер |
8703 80 000 8 | – – – – | өзгелері". |
2. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 36 шешімімен бекітілген 2015 жылғы 29 мамырдағы Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімге сәйкес кедендік әкелу баждарының ставкалары қолданылатын жекелеген тауарлардың тізбесіндегі ЕАЭО СЭҚ ТН 8703 80 000 2 және 8703 80 000 9 деген кодтары бар позициялар мынадай мазмұндағы позициялармен ауыстырылсын:
"8703 80 000 3 | – – – – | M1 немесе M1G санатындағы жеңіл автомобильдер | БКТ мөлшерлемесі |
8703 80 000 4 | – – – – | өзгелері | БКТ мөлшерлемесі |
8703 80 000 5 | – – – – | M1 немесе M1G санатындағы жеңіл автомобильдер | БКТ мөлшерлемесі |
8703 80 000 8 | – – – – | өзгелері | БКТ мөлшерлемесі". |
3. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 6 қазандағы № 122 шешімімен бекітілген 2019 жылғы 25 қазандағы Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Сербия Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімге сәйкес оларға қатысты еркін сауда режимінен алып тастау қолданылатын тауарлардың тізбесіндегі ЕАЭО СЭҚ ТН 8703 80 000 2 және 8703 80 000 9 деген кодтары бар позициялар мынадай мазмұндағы позициялармен ауыстырылсын:
"8703 80 000 3 | – – – – | M1 немесе M1G санатындағы жеңіл автомобильдер | БКТ мөлшерлемесі |
8703 80 000 4 | – – – – | өзгелері | БКТ мөлшерлемесі |
8703 80 000 5 | – – – – | M1 немесе M1G санатындағы жеңіл автомобильдер | БКТ мөлшерлемесі |
8703 80 000 8 | – – – – | өзгелері | БКТ мөлшерлемесі". |