Келісілген макроэкономикалық саясатты жүргізу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 14 қосымша) 4-тармағының 5-тармақшасына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2025 жылға және 2026 – 2028 жылдар кезеңіне арналған ресми болжамдарын дайындау үшін болжамдардың сыртқы параметрлерінің интервалдық сандық мәндері бекітілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
|
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Б. Сағынтаев |
| Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2025 жылғы 24 маусымдағы № 58 шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2025 жылға және 2026 – 2028 жылдар кезеңіне арналған ресми болжамдарын дайындау үшін болжамдардың сыртқы параметрлерінің интервалдық сандық мәндері
Өлшем бірлігі | Болжам | ||||
2025 жыл | 2026 жыл | 2027 жыл | 2028 жыл | ||
1. Әлем экономикасының даму қарқыны болжамдарының интервалдық сандық мәндері (сатып алу қабілетінің тепе-теңдігі боынша есептеу) | өткен жылға қатысты пайызбен | 2,5 – 3,3 | 2,6 – 3,3 | 2,7 – 3,3 | 2,6 – 3,3 |
2. Brent маркалы мұнай бағасы болжамдарының интервалдық сандық мәндері | баррельге АҚШ доллары | 61,0 – 78,0 | 52,0 – 75,0 | 52,0 – 75,0 | 52,0 – 75,0 |
