Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 22-бабы 1-тармағының бірінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Екі қапталынан біреуіне сымдарды шығарумен іске қосу элементі бекітілген бітеуіштермен жабдықталған цилиндрлік полимерлі корпустан тұратын, технологиялық қоспалар (жарылғыш заттарға жатпайтын) қосылған натрий хлораты негізінде (80%-дан 99%-ға дейін) ұнтақ тәрізді тотықтандырғыш композициямен толтырылған, қолданар алдында тікелей пайдалану орнында корпус ішіне карьерлерде блок және өңдеу тастарын өндіру, тастақты жыныстарды ақырындап бұзу кезінде және бетон және темірбетон құрылыс конструкцияларын бөлшектеу кезінде тау-кен жыныстарының сілемі сынықтарының жарықшасын жұмсартуға арналған дизель отынын (немесе май, немесе спирт, немесе өзге жанғыш зат) қосу қажет, аяқталмаған түрдегі пиротехникалық бұйым болып табылатын газ-генераторлық модуль-активатор 1, 2 (а) және 6 Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлар номенклатурасын түсіндірудің негізгі қағидаларына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының 3604 90 000 0 қосалқы позициясында сыныпталады.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Б. Сағынтаев |