Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шарттың 58 бабының 2 тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссия жұмысының регламентіне № 2 қосымшаның 22-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы шешті:
1. Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 шешімімен бекітілген Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларға қойылатын бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға өзгерістер енгізілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының төрағасы |
Б. Сағынтаев |
Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы № 147 шешіміне ҚОСЫМША |
Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға)жататын тауарларға қойылатын бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
"Қорытынды және өтпелі ережелер" бөлімінің 5-тармағында:
а) екінші абзацтағы "уәкілетті органдарға" деген сөздер "уәкілетті органдардың ресми электрондық мекенжайларына" деген сөздермен ауыстырылсын;
б) үшінші абзацтың бірінші сөйлемінде:
"алғаннан кейін" деген сөздерден кейін "электрондық түрде" деген сөздермен толықтырылсын;
"мекенжайға" деген сөздер "ресми электрондық мекенжайларға" деген сөздермен ауыстырылсын;
в) сегізінші абзацтың бірінші сөйлеміндегі "уәкілетті органдарға" деген сөздер "уәкілетті органдардың ресми электрондық мекенжайларына" деген сөздермен ауыстырылсын, "мекенжайға" деген сөздер "ресми электрондық мекенжайларға" деген сөздермен ауыстырылсын;
г) оныншы және он бірінші абзацтар мынадай мазмұндағы абзацтармен ауыстырылсын:
"Мүше мемлекеттердің барлық уәкілетті органдары ветеринариялық сертификат жобасын келісу процесін аяқтағаннан кейін бастамашы келісілген ветеринариялық сертификатты экспорттаушы елдің құзыретті органына қол қою үшін жібереді. Экспорттаушы елдің құзыретті органынан қол қойылған ветеринариялық сертификаттың данасын (оның ішінде электрондық түрде) қайтарғаннан кейін бастамашы да оған қол қояды және одан әрі қол қою үшін мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына ресми электрондық мекенжайларға жібереді. Ветеринариялық сертификатқа қол қоюды мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының әрқайсысы оны ресми электрондық мекенжайлар бойынша алған күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырады, содан кейін ол сканерленген түрде бастамашының ресми электрондық мекенжайларына жіберіледі. Мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына жіберілген ветеринариялық сертификаттың данасына қол қою міндетті түрде жүзеге асырылады, келісілген ветеринариялық сертификатқа қосымша өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
Бір немесе бірнеше мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарынан көрсетілген мерзім ішінде жауап болмаған жағдайда бастамашы Еуразиялық экономикалық комиссия алаңында осындай ветеринариялық сертификатқа қол қою туралы мәселені қарау үшін Еуразиялық экономикалық комиссияға жүгіне алады.
Мүше мемлекеттердің барлық уәкілетті органдары қол қойған ветеринариялық сертификаттың даналарын алғаннан кейін бастамашы оларды бір файлға біріктіреді және экспорттаушы елдің құзыретті органымен келісілген ветеринариялық сертификаттың күшіне ену күнін көрсете отырып, оны қол қойған барлық Тараптарға және Еуразиялық экономикалық комиссияға ресми электрондық мекенжайларға жібереді.";
д) он екінші абзацтың бірінші сөйлемінде "даналар" деген сөз "даналармен" деген сөзбен ауыстырылсын, "олар" деген сөз "оның" деген сөзбен ауыстырылсын, "оны жариялайды" деген сөздер "ветеринариялық сертификатты жариялайды" деген сөздермен ауыстырылсын;
е) он екінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Ветеринариялық сертификаттардың бірыңғай үлгілерін ерекшеленетін ветеринариялық сертификатты келісу және оған қол қою процесі аяқталғаннан кейін мүше мемлекеттің уәкілетті органының басқа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының келісімінсіз оның үлгісіне ветеринариялық-санитариялық талаптар мен нормалар бөлігінде біржақты тәртіппен өзгерістер енгізуіне жол берілмейді.";
ж) он үшінші абзацтағы "оның ішінде электрондық түрдегі" деген сөздер "ресми электрондық мекенжайларды пайдалана отырып, электрондық түрде сканерленген және жіберілген" деген сөздермен ауыстырылсын".