Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2018 жылғы 22 мамырдағы № 83 шешімінің 1-тармағына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2024 жылғы 2 желтоқсандағы № 137 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 38-бабының 17-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы шешті:

      1.  Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2018 жылғы 22 мамырдағы "Тауарлардың кедендік құнын айқындау кезінде қосымша есепке жазуды есептеу туралы" № 83 шешімінің 1-тармағына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) бесінші абзацта:

      "кедендік әкелу бажының ең жоғары адвалорлық ставкасы қолданылатын" деген сөздер "кедендік әкелу бажының ең жоғары адвалорлық ставка (аралас мөлшерлеменің адвалорлық құрамдас бөлігі) негізінде төленеді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "кедендік әкелу бажының неғұрлым жоғары адвалорлық ставкасы қолданылатын" деген сөздер "кедендік әкелу бажының неғұрлым адвалорлық ставка (аралас мөлшерлеменің адвалорлық құрамдас бөлігі) негізінде төленеді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      б) келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Осы тармақтың бесінші абзацының ережелері Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 40-бабы 1-тармағының 6-тармақшасында көзделген қосымша есептерге қатысты да қолданылады.".

      2.  Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссиясы
алқасының төрағасы
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады