Қытай Халық Республикасында және Украинада шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін мырышталған прокатқа қатысты демпингке қарсы шараның қолданылуын ұзарту туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2024 жылғы 19 қарашадағы № 127 шешімі

      Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы хаттаманың 109-тармағының бесінші абзацына сәйкес (Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шартқа тіркелген № 8 қосымша) Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2019 жылғы 3 желтоқсандағы "Қытай Халық Республикасында және Украинада шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін мырышталған прокатқа қатысты демпингке қарсы баж енгізу арқылы демпингке қарсы шараны қолдану туралы" № 209 шешімімен белгіленген демпингке қарсы шараның қолданысы 2025 жылғы 1 қыркүйекті қоса алғандағы мерзімге дейін ұзартылсын.

      2. Осы шешім күшіне енген күннен бастап 2025 жылғы 1 қыркүйекті қоса алғандағы мерзімге дейін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден ісі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдарына:

      алдын ала демпингке қарсы баждарды алу үшін белгіленген тәртіппен Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2019 жылғы 3 желтоқсандағы № 209 шешімімен белгіленген мөлшерлемелер бойынша демпингке қарсы баж алуды қамтамасыз етсін;

      Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2019 жылғы 3 желтоқсандағы № 209 шешімінің 2-тармағына сәйкес өндіруші сертификатын ұсынған жағдайда демпингке қарсы баж алынбасын.

      3. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, бірақ 2025 жылғы 5 қаңтардан ерте емес күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссиясы
алқасының төрағасы
Б. Сағынтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады