Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шарттың 52-бабының 2-тармағына, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің 3-тармағына (Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шартқа тіркелген № 1 қосымша), Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне тіркелген №2 қосымшаның 11-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2019 жылғы 19 наурыздағы "Еуразиялық экономикалық одақтың "Тасымалдауға және (немесе) пайдалануға дайындалған табиғи жанғыш газдың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің өтпелі ережелері туралы" №39 шешімінің (ЕАЭО TP 046/2018) 1-тармағында:
а) "а" тармақшасының бірінші абзацындағы ", бірақ 2025 жылғы 1 қаңтардан кеш емес" деген сөздер "жасасуы Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы шарттың (бұдан әрі – Одақ шеңберіндегі халықаралық шарт) 104-бабының 5-тармағында көзделген Одақтың ортақ газ нарығын қалыптастыру туралы Одақ шеңберінде жасасқан халықаралық шарт күшіне енген күнге дейін, бірақ 2030 жылғы 1 қаңтардан кеш емес" деген сөздермен ауыстырылсын.
б) "б" тармақшасындағы және "в" тармақшасының бірінші абзацындағы "2025 жылғы 1 қаңтар" деген сөздер "Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттың күшіне ену күні, бірақ 2030 жылғы 1 қаңтардан кеш емес" сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының төрағасы |
Б. Сағынтаев |