Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде қызметтер көрсетудің жекелеген секторлары бойынша ырықтандыру жоспарларын іске асыру туралы

Жаңа

Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 4 Өкімі.

      Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 23 шешімімен бекітілген ырықтандыру жоспарларында көзделген іс - шаралардың орындалуына мониторинг жүргізу және бақылау жасау нәтижелері туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның баяндамасын (бұдан әрі - баяндама) ескере отырып;

      1. Еуразиялық экономикалық одаққа және Еуразиялық экономикалық комиссияға мүше мемлекеттердің үкіметтері 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың XV бөлімінің ережелерін іске асыру жөніндегі жұмысты жүргізу кезінде баяндаманың ережелерін ескерсін.

      2. Осы өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап 10 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

      Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:

Армения
Республикасынан

Беларусь
Республикасынан

Қазақстан
Республикасынан

Қырғыз
Республикасынан

Ресей
Федерациясынан


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады