2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 8-бабының 4-тармағына сәйкес Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешті:
1. Беларусь Республикасы 2025 жылы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесте, Еуразиялық үкіметаралық кеңесте және Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінде төрағалық етуші мемлекет болып айқындалсын.
2. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мүшелері:
Армения |
Беларусь |
Қазақстан |
Қырғыз |
Ресей |
