Мысыр Араб Республикасындағы Суэц каналының экономикалық аймағында Ресейдің өнеркәсіптік аймағының жұмыс істеуі туралы

Жаңа

Еуразиялық Үкіметаралық Кеңестің 2022 жылғы 21 қазандағы № 26 Өкімі

      1. Ресей Федерациясының Еуразиялық экономикалық одаққа басқа мүше мемлекеттердің компанияларына Ресей Федерациясының бюджеттік жүйесінің бюджеттері есебінен резиденттерге көрсетілетін мемлекеттік қолдау шараларын қоспағанда, қолайлығы тұрғысынан өз компанияларына берілетін жағдайлардан кем емес жағдайларда Мысыр Араб Республикасындағы Суэц каналының экономикалық аймағында Ресейдің өнеркәсіптік аймағының резиденті мәртебесін алу рәсіміне және инфрақұрылымына қолжетімділік беру туралы ұсынысы назарға алынсын.

      2. Ресей Федерациясының уәкілетті органдарынан (ұйымдарынан) Еуразиялық экономикалық комиссияның қатысуымен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік билік органдары мен компаниялары үшін аталған өнеркәсіптік аймақтың аумағында қызметті жүзеге асыру шарттары туралы ақпарат беруге ерекше назар аудара отырып, Мысыр Араб Республикасының Суэц каналының экономикалық аймағында Ресейдің өнеркәсіптік аймағының таныстырылымын өткізу сұралсын.

      3. Еуразиялық экономикалық одақтың мүдделі мүше мемлекеттерінің үкіметтерінен бизнес-қауымдастықтармен бірлесіп Ресей Федерациясын және Еуразиялық экономикалық комиссияны компаниялардың Мысыр Араб Республикасының Суэц каналының экономикалық аймағындағы Ресей өнеркәсіптік аймағының аумағында өндірістер мен бірлескен инфрақұрылымды дамытуға мүдделілігі туралы хабардар ету сұралсын.

      4. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:

Армения
Республикасынан

Беларусь
Республикасынан

Қазақстан
Республикасынан

Қырғыз
Республикасынан

Ресей
Федерациясынан


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады