1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде азаматтық авиақұрастыру саласындағы өнеркәсіптік ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі 2022 – 2023 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары ("жол картасы") бекітілсін.
2. Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтерімен бірлесіп, осы Өкіммен бекітілген жоспарда көзделген іс-шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық үкіметаралық кеңестің мүшелері:
Армения |
Беларусь |
Қазақстан |
Қырғыз |
Ресей |
| Еуразиялық үкіметаралық кеңестің |
|
| 2022 жылғы 25 ақпандағы № 5 өкімімен БЕКІТІЛГЕН |
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде азаматтық авиақұрастыру саласындағы өнеркәсіптік ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі 2022 – 2023 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары ("жол картасы")
Іс-шараның атауы | Күтілетін нәтиже | Орындау мерзімі | Орындаушы | |
1. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) азаматтық авиация саласының жай-күйі мен дамуын бағалау бойынша талдамалық материалдарды дайындау және өзекті ету, мыналарды ескере отырып: | талдамалық материалдар | 2022 ж. наурыз, одан әрі жыл сайын | Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі – Комиссия), мүше мемлекеттер | |
а) ұшу аппараттары, оларды өндіруге арналған жабдықтар өндірісін жергіліктендірудің және мамандарды кәсіптік даярлаудың халықаралық тәжірибесін талдау | ||||
б) ұшақтардың типтері бөлінісінде авиациялық техникаға сұраныс пен ұсыныстың болжамды теңгерімдері негізінде мүше мемлекеттердің авиациялық техникамен қамтамасыз етілуі жөніндегі ұсыныстар | ||||
2. Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында азаматтық авиақұрастыру саласындағы бірлескен кооперациялық жобаларды іске асыруға мүдделі мүше мемлекеттердің өнеркәсіптік кәсіпорындарының бірыңғай тізбесін қалыптастыру, жүргізу және өзекті ету | кәсіпорындар тізбесі/ Комиссия Алқасының ұсынымы | 2022 ж. мамыр, одан әрі жыл сайын | Комиссия, мүше мемлекеттер | |
3. Үшінші елдерден импортталатын және баламасы жоқ, мүше мемлекеттердің аумақтарында, оның ішінде импорт алмастыру мақсаттары үшін өндірілетін авиациялық жиынтықтаушы бұйымдардың тізбесін әзірлеу немесе әуе кемелерін өндіруге арналған құрамдастарға қатысты кедендік-тарифтік реттеу шаралары бойынша ұсыныстар тұжырымдау | талдамалық материалдар (ҚБП белгісімен) | 2022 ж. мамыр, одан әрі жыл сайын | Комиссия, мүше мемлекеттер | |
4. Комиссияның мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары ұсынған азаматтық авиақұрастыру саласындағы авиациялық жиынтықтауыштарды өндірудегі қажеттіліктер мен проблемалар туралы ақпарат негізінде талдамалық материалдар дайындауы | талдамалық материалдар (ҚБП белгісімен) | 2022 ж. тамыз, одан әрі жыл сайын (қажеттігіне қарай) | Комиссия, мүше мемлекеттер | |
5. "Азаматтық авиақұрастыру" еуразиялық технологиялық платформасын қалыптастыру | Комиссия Кеңесінің өкімі | 2022 ж. қазан | Комиссия, мүше мемлекеттер | |
6. Еуразиялық Даму Банкінің және басқа да халықаралық ұйымдардың құралдары арқылы азаматтық авиақұрастыру саласындағы кооперациялық жобаларды қаржыландыру мәселесін пысықтау | ұсыныстар | 2022 ж. қыркүйек, одан әрі жыл сайын | Комиссия, мүше мемлекеттер | |
7. Азаматтық авиақұрастыру саласындағы өнеркәсіптік ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі келісілген шешімдерді іске асыруды қамтамасыз ету үшін мүше мемлекеттердің нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу (қажет болған кезде) | мүше мемлекеттердің нормативтік құқықтық актілері | қажеттігіне қарай | мүше мемлекеттер | |
8. Мүше мемлекеттерде азаматтық авиақұрастыру саласындағы академиялық мобильділікті ұйымдастыру мәселесін зерделеу | ұсыныстар | 2023 ж. наурыз | мүше мемлекеттер | |
9. Бірлескен кооперациялық жобалардың әлеуетті қатысушыларының мүмкіндіктерін олардың мүше мемлекеттердің азаматтық әуе кемелерін өндірушілердің талаптарына сәйкестігін айқындау тұрғысынан бағалау | өндірістік талаптар тізбесі | 2022 ж. тамыз | мүше мемлекеттер | |
10. Мүше мемлекеттердің өндірушілерін барынша тартуды ескере отырып, мүше мемлекеттердің аумақтарында авиациялық кемелерді, авиакомпоненттерді, жиынтықтауыштарды құрастыру бойынша бірлескен өндірістік алаңдарды ұйымдастыру | бірлескен кәсіпорындар (жобалар) тізбесі | 2022 ж. қараша | мүше мемлекеттер | |
11. Мүше мемлекеттердің бірлескен кооперациялық жобаларына қатысушылар арасында шарттар жасасуға жәрдемдесу | консультациялық қолдау (мүше мемлекеттердің кәсіпорындары арасындағы шарттар) | 2022 ж. желтоқсан, одан әрі жыл сайын | мүше мемлекеттер | |
