1. Мүше мемлекеттердің ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлігін өзара тұрақты жеткізуді, сондай-ақ Азия және Еуропа бағыттарындағы экспорттық жеткізілімдерді дамыту мақсатында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) "Еуразиялық агроэкспресс" жеделдетілген теміржол және мультимодальдық тасымалдарды жүзеге асыру жөніндегі бірлескен жобасын (бұдан әрі – бірлескен жоба) іске асыру туралы бастамаға қолдау көрсетілсін.
2. Еуразиялық экономикалық комиссия мүше мемлекеттердің атқарушы билігінің уәкілетті органдарымен және бірлескен жобаға қатысушылармен бірлесіп, бірлескен жобаны іске асыруға жәрдемдесу мақсатында жұмыс тобын құрсын.
3. Жұмыс тобы:
2022 жылғы II тоқсанда мүше мемлекеттердің ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлігін (май, сүт, ет, жеміс-көкөніс, дайын тамақ және өзге де өнімдер) өзара жеткізуді мен олардың экспортын ұлғайтуға, нысаналы экспорттық нарықтарда мүше мемлекеттердің ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлігін өткізуге жәрдем көрсетуге, мүше мемлекеттердің ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлігінің қолжетімділігі болуы үшін кедергілерді алып тастауға бағытталған іс-шараларды қамтитын бірлескен жобаны іске асыру жөніндегі базалық қағидаттар мен іс-шаралар жоспарын ("жол картасын") әзірлесін;
"Еуразиялық Агрологистика" дербес коммерциялық емес ұйымының бірлескен жобасы дирекциясының (үйлестірушісінің) функцияларын іске асыру тәртібі мен шарттарын пысықтасын;
ұйымдардың бірлескен жобаға қосылуы, оның ішінде олардың "Еуразиялық Агрологистика" дербес коммерциялық емес ұйымына кемсітусіз қол жеткізу шарттарында қатысуы мәселесін пысықтасын.
4. Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық үкіметаралық кеңеске бірлескен жобаның іске асырылу барысы туралы 2023 жылғы I тоқсанда баяндасын.
5. Осы өкім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:
Армения |
Беларусь |
Қазақстан |
Қырғыз |
Ресей |
