Ерікті түрде қолдану нәтижесінде Кеден одағының "Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 033/2013) техникалық регламенті талаптарын сақтау қамтамасыз етілетін мемлекетаралық стандарттарды, сондай-ақ зерттеу (сынақ жүргізу) және өлшеу қағидалары мен әдістерін, соның ішінде Кеден одағының "Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 033/2013) техникалық регламентінің талаптарын қолдану және орындау мен техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу, (өзгерістер енгізу, қайта қарау) жөніндегі бағдарламаға өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 8 маусымдағы № 64 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 51-бабы 1-тармағының 11 және 12-тармақшаларында көзделген принциптерді іске асыру мақсатында және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 7-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 7 маусымдағы № 69 шешімімен бекітілген Ерікті түрде қолдану нәтижесінде Кеден одағының "Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 033/2013) техникалық регламенті талаптарын сақтау қамтамасыз етілетін мемлекетаралық стандарттарды, сондай-ақ зерттеу (сынақ жүргізу) және өлшеу қағидалары мен әдістерін, соның ішінде Кеден одағының "Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 033/2013) техникалық регламентінің талаптарын қолдану және орындау мен техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу, (өзгерістер енгізу, қайта қарау) жөніндегі бағдарламаның 170-позициясында 5-гарфадағы "2019" деген цифрлар "2021" деген цифрлармен ауыстырылсын, 6-графадағы "2020" деген цифрлар "2022" деген цифрлармен ауыстырылсын.

      2.  Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады