2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 51-бабы 1-тармағының 11 және 12-тармақшаларында көзделген принциптерді іске асыру мақсатында және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 7-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 7 маусымдағы № 69 шешімімен бекітілген Ерікті түрде қолдану нәтижесінде Кеден одағының "Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 033/2013) техникалық регламенті талаптарын сақтау қамтамасыз етілетін мемлекетаралық стандарттарды, сондай-ақ зерттеу (сынақ жүргізу) және өлшеу қағидалары мен әдістерін, соның ішінде Кеден одағының "Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" (КО ТР 033/2013) техникалық регламентінің талаптарын қолдану және орындау мен техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу, (өзгерістер енгізу, қайта қарау) жөніндегі бағдарламаның 170-позициясында 5-гарфадағы "2019" деген цифрлар "2021" деген цифрлармен ауыстырылсын, 6-графадағы "2020" деген цифрлар "2022" деген цифрлармен ауыстырылсын.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
|
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |