Сербия Республикасында шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағына әкелінетін тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты 2021 жылға арналған тарифтік квоталар көлемін белгілеу және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2014 жылғы 6 қарашадағы № 199 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 27 сәуірдегі № 53 шешімі

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 6 т. қараңыз

      2019 жылғы 25 қазандағы Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Сербия Республикасы арасындағы еркін сауда аймағы туралы келісімнің (бұдан әрі – Келісім) 4-бабына, Келісімге № 2 қосымшаға, 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың (бұдан әрі - Одақ) 35, 44 және 45-баптарына және Шартқа № 6 және 7 қосымшаларға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Сербия Республикасында шығарылған және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі - мүше мемлекеттер) аумағына әкелінетін тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты 2021 жылға арналған тарифтік квоталар көлемі Келісімге сәйкес № 1 қосымшаға сай белгіленсін.

      2. Мыналар:

      Осы Шешімге № 1 қосымшада көрсетілген тарифтік квоталар көлемі аясында әкелінетін таураларға қатысты мүше мемлекеттің уәкілетті органы берген лицензия болған және Келісімде белгіленген еркін сауда режимін беру шарттарын сақтаған кезде кедендік құнның 0 пайызы мөлшеріндегі кедендік әкелу ставкасы қолданылады;

      тарифтік квоталар осы Шешімге № 1 қосымшада көрсетілген, ішкі тұтыну үшін кедендік шығару рәсіміне орналастырылатын тауарларға қатысты қолданылады;

      осы Шешімге № 1 қосымшада көрсетілген тауарлар Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттаманың (Шартқа № 7 қосымша) 4-тармағында көзделген үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланатын тауарлардың тізбесіне енгізіледі;

      тауарларды осы шешімнің № 1 қосымшасында көрсетілген тарифтік квоталардың көлемінен асатын мөлшерде әкелу кезінде және (немесе) Келісімде белгіленген еркін сауда режимін ұсыну шарттары сақталмаған жағдайда, Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу бажының ставкалары қолданылады деп белгіленсін.

      3. Тауарлардың экспортына және (немесе) импортына арналған лицензия нөмірінің алғашқы үш белгісін қалыптастыру тәртібіндегі (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2014 жылғы 6 қарашадағы № 199 шешімімен бекітілген Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензия беруге арналған өтінішті ресімдеу туралы және осындай лицензияны ресімдеу туралы нұқсаулыққа № 2 қосымша) кесте мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:

"3.1

33

Сербия Республикасында шығарылатын және 2019 жылғы 25 қазандағы Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Сербия Республикасы арасындағы еркін сауда аймағы туралы келісімге сәйкес тарифтік квоталар шеңберінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағына әкелінетін тауарлар

      4. Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) А.А. Слепнев осы Шешімге № 1 қосымшада көрсетілген тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінуіне мониторинг жүргізуді қамтамасыз етсін.

      5. Мүше мемлекеттер:

      осы Шешімге № 1 қосымшада көрсетілген тарифтік квоталар көлемін өз заңнамасына сәйкес сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында бөлуді жүзеге асырсын;

      атқарушы биліктің уәкілетті органдарына осы Шешімге № 1 қосымшада көрсетілген тауарлардың импортына лицензиялар беруді жүзеге асыру тапсырылсын;

      кеден органдарына есептік тоқсаннан кейінгі айдың 10-ынан кешіктірмей осы Шешімге № 1 қосымшада көрсетілген тауарлардың өз аумағына әкеліну көлемі туралы ақпаратты № 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Еуразиялық экономикалық комиссияға ұсыну тапсырылсын.

      6. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, бірақ Келісім күшіне енген күнінен кейін ғана күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2021 жылғы 27 сәуірдегі
№ 53 шешіміне
№ 1 ҚОСЫМША

Сербия Республикасында шығарылатын және 2019 жылғы 25 қазандағы Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Сербия Республикасы арасындағы еркін сауда аймағы туралы келісімге сәйкес Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағына әкелінетін тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты 2021 жылға арналған тарифтік квоталардың КӨЛЕМІ

Тауардың атауы

ЕАЭО СЭҚ ТН коды

Өлшем бірлігі

Тарифтік квотаның көлемі

барлығы

Армения Республикасы

Беларусь Республикасы

Қазақстан Республикасы

Қырғыз Республикасы

Ресей Федерациясы

Шөптер қосылып жасалған Гларск ірімшігін, Буттерказе ірімшігін және қой немесе ешкі сүтінен жасалған ірімшікті қоспағанда, Сербия Республикасынан шығарылатын және ЕАЭО СЭҚ ТН 0406 90 690 0, 0406 90 740 0, 0406 90 860 0, 0406 90 890 0, 0406 90 920 0, 0406 90 930 0, 0406 90 990 1 және 0406 90 990 9 кодтары бойынша сыныпталған, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу 8 графада көрсетілген тауардың шығарылуы туралы "Glarus cheese with herbs", немесе "Buttercase cheese", немесе "Cheese made of goat’s or sheep’s milk" тауар белгілері бар сертификаты болған кезде кедендік әкелу бажынан босату түрінде тарифтік преференциялар қолданылып жүзеге асырылатын басқа ірімшіктер

0406 90 690 0
0406 90 740 0
0406 90 860 0
0406 90 890 0
0406 90 920 0
0406 90 930 0
0406 90 990 1
0406 90 990 9

тонна

400

2,50

15,54

121,39

4,73

255,84

Жүзім шарабын немесе жүзім сығындысын және басқаларын дистилляциялаудан алынған алкогольдік тұнбалар

2208 20 290 0
2208 20 890 0

л 100% спирт

35 000

7 630

1 638

508

605

24 619

Құрамында темекі бар сигареттер

2402 20 100 0
2402 20 900 0

1 000 дана

2 000 000*

114 000**

45 072

21 993

1 095

10 346

35 494

      __________________

      * 2019 жылғы 25 қазандағы Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Сербия Республикасы арасындағы еркін сауда аймағы туралы келісімге сәйкес тарифтік квота

      ** Тарифтік квотаның бөлінетін көлемі.

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2021 жылғы 27 сәуірдегі
№ 53 шешіміне
№ 2 ҚОСЫМША

      (нысаны)

Сербия Республикасында шығарылатын, оларға қатысты 2019 жылғы 25 қазандағы Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Сербия Республикасы арасындағы еркін сауда аймағы туралы келісімге сәйкес тарифтік квота қолданылатын тауарлардың жекелеген түрлерінің Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағына әкелінетін көлемі туралы АҚПАРАТ

_____ жылдың _ тоқсаны үшін

Тауардың атауы

ЕАЭО СЭҚ ТН коды

Тоқсан үшін деректер (айлар бойынша)


саны

құны (АҚШ долларымен)

Шөптер қосылып жасалған Гларск ірімшігін, Буттерказе ірімшігін және қой немесе ешкі сүтінен жасалған ірімшікті қоспағанда, Сербия Республикасында шығарылатын және ЕАЭО СЭҚ ТН 0406 90 690 0, 0406 90 740 0, 0406 90 860 0, 0406 90 890 0, 0406 90 920 0, 0406 90 930 0, 0406 90 990 1 және 0406 90 990 9 кодтары бойынша сыныпталған, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу 8 графада көрсетілген тауардың шығарылуы туралы "Glarus cheese with herbs", немесе "Buttercase cheese", немесе "Cheese made of goat’s or sheep’s milk" тауар белгілері бар сертификаты болған кезде кедендік әкелу бажынан босату түрінде тарифтік преференциялар қолданылып жүзеге асырылатын басқа ірімшіктер

0406 90 690 0
0406 90 740 0
0406 90 860 0
0406 90 890 0
0406 90 920 0
0406 90 930 0
0406 90 990 1
0406 90 990 9

I ай



II ай



III ай



тоқсан үшін қорытынды



Жүзім шарабын немесе жүзім сығындысын және басқаларын дистилляциялаудан алынған алкогольдік тұнбалар

2208 20 290 0
2208 20 890 0

I ай



II ай



III ай



тоқсан үшін қорытынды



Құрамында темекі бар сигареттер

2402 20 100 0
2402 20 900 0

I ай



II ай



III ай



тоқсан үшін қорытынды




Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады