ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз
Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 8 қосымша) 109-тармағына сәйкес және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 18 тамыздағы № 101 шешімімен белгіленген демпингке қарсы шараны қолдану мерзімінің өтуіне байланысты жүргізілген қайтадан тергеп-тексеру нәтижелері бойынша дайындалған Еуразиялық экономикалық комиссияның Ішкі нарықты қорғау департаментінің баяндамасы негізінде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қытай Халық Республикасынан шығарылатын, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау және пайдалану үшін қолданылатын жіксіз болат құбырларға қатысты Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 18 тамыздағы № 101 шешімімен белгіленген демпингке қарсы шараның қолданылуы қоса алғанда 2026 жылғы 26 сәуірге дейінгі аралыққа ұзартылсын.
2. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 18 тамыздағы "Қытай Халық Республикасында шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау және пайдалану үшін қолданылатын жіксіз болат құбырларға қатысты демпингке қарсы шараны қолдану туралы" № 101 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) аталған Шешімге № 1 қосымшада:
"Tianjin Pipe Manufacturing Co., Ltd." деген сөздер "Tianjin Pipe Corporation" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Dongying Weima Petroleum Drilling Tools Co., Ltd. (East of Quzhou Road, North of Fuqian Street, Economic Development Zone, Dongying City, Shandong Province, China)" деген сөздер "Shandong Weima Equipment Science & Technology Corporation Limited (No. 5 Fuqian Street, Dongying Economic Development Zone, Dongying City, Shandong Province, China)" деген сөздермен ауыстырылсын;
б) аталған Шешімге № 3 қосымшаның 1-тармағында: "Tianjin Pipe Manufacturing Co., Ltd." деген сөздер "Tianjin Pipe Corporation" деген сөздермен ауыстырылсын.
3. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден ісі саласында уәкілеттік берілген мемлекеттік органдары:
№ 101 шешімде көзделген мөлшерлерде демпингке қарсы баж алуды қамтамасыз етсін;
№ 101 шешімнің 4-тармағының үшінші абзацына сәйкес өндірушінің сертификаты ұсынылған жағдайда демпингке қарсы баж алмасын;
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 11 тамыздағы № 98 шешіміне сәйкес төленген (өндіріп алынған) демпингке қарсы баж сомаларын алдын ала демпингке қарсы баждарды алу үшін белгіленген тәртіпте демпингке қарсы бажға есептеуді және ол төленген (өндіріп алынған) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің уәкілетті органының бірыңғай шотына есепке жатқызуды жүзеге асыруды қамтамасыз етсін.
4. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 11 тамыздағы "Қытай Халық Республикасынан шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау және пайдалану үшін қолданылатын жіксіз болат құбырларға қатысты демпингке қарсы шараның қолданылуын ұзарту туралы" № 98 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
5. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
|
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |
