Өздігінен жүретін мұз құю машинасын Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес сыныптау туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 20 сәуірдегі № 50 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі 22-бабының 1-тармағының бірінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қозғалтқыш, беріліс қорабы, рульдік басқару, оператор платформасы, қар бункері, су үшін сыйымдылық, борттық щетка және мұзды кесу, жою, жуу және құю жүйелерін қамтитын кондиционер орнатылған доңғалақты шассиден тұратын, мұз беттерін құюға (мұз айдындары мен спорт ареналарында мұз бетін тазалауға, тегістеуге және өсіруге) арналған өздігінен жүретін мұз құю машинасы Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1 және 6-негізгі қағидаларына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 8479 10 000 0 қосалқы позициясында сыныпталады.

      2.  Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады