Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі 221-бабының 2-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қосымшаға сәйкес Кеден одағы Комиссиясы мен Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімдеріне өзгерістер енгізілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
|
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |
| Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 6 сәуірдегі № 43 шешіміне ҚОСЫМША |
Кеден одағы Комиссиясы мен Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімдеріне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 375 шешімімен бекітілген, оларға қатысты уақытша әкелудің Кеден одағының Кеден кодексінде белгіленгеннен неғұрлым ұзақ шекті мерзімдері белгіленетін тауарлар санаттары тізбесі 1-позициясының екінші бағаны "Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 203 шешімімен бекітілген, уақытша әкелудің (жіберудің) кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі 2 жылдан анағұрлым қысқа болатын тауарлар санаттарының тізбесіне енгізілген тауарларды қоспағанда" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Кеден рәсімдерін қолданудың кейбір мәселелері туралы" 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 203 шешімінде:
а) кіріспе "176-бабының" деген сөздерден кейін "221-бабының 2-тармағына," деген сөздермен толықтырылсын;
б) 1-тармағы төртінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі 2 жылдан анағұрлым қысқа болатын тауарлар санаттарының тізбесі;";
в) кедендік аумақта кедендік өңдеу рәсімі қолданылмайтын тауарлардың тізбесінен кейін мынадай мазмұндағы тізбемен толықтырылсын:
| "Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 203 шешімімен бекітілген |
Уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі 2 жылдан анағұрлым қысқа болатын тауарлар санаттарының тізбесі
Тауарлар санаты | Уақытша әкелу (жіберу) кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі |
1. Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 331 шешімімен бекітілген кедендік баждарды, салықтарды төлеуден толық шартты түрде босатыла отырып, уақытша әкелінетін тауарлар тізбесінің 4, 5 және 8-тармақтарында көрсетілген мақсаттардан өзге мақсаттарда пайдалану үшін кедендік әкелу баждарын, салықтарды ішінара төлей отырып, оларды уақытша әкелудің (жіберудің) кедендік рәсіміне орналастырған кезде кедендік декларациялау Ресей Федерациясында жүргізілетін астық жинайтын комбайндар (ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары 8433 51 000 1 және 8433 51 000 9) | күнтізбелік 10 күннен аспайды". |