Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың кедендік құнына кедендік бақылау жүргізудің ерекшеліктері туралы ережеге өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 6 сәуірдегі № 41 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 313-бабының 3-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық одақ Алқасының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 42 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың кедендік құнына кедендік бақылау жүргізудің ерекшеліктері туралы ереженің 6-тармағына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) "г" тармақшасы алып тасталсын;

      б) "е" тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "е)  бұрын әкелінген бірдей тауарларды шығару күнінен бастап, ал егер бірдей тауарлар Кодекстің 120-бабына не 121-бабына сәйкес шығарылған болса – декларантқа тауарларға арналған декларацияға қатысты жүргізілген кедендік, өзге де құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тексерудің аяқталғаны туралы ақпарат, осындай декларацияда мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттар және көрсетілген тауарларға арналған декларацияда мәлімделген және (немесе) кеден органдары ұсынған құжаттарда қамтылған мәліметтер жіберілген күннен бастап әкелінетін тауарларға қатысты тауарлар декларациясы тіркелген күнге дейінгі мерзім тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып айқындалатын мерзімнен аспайды (бірақ күнтізбелік 180 күннен артық емес).".

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады