Еуразиялық экономикалық одақтың "Сұйық және газ тәрізді көмірсутектерді тасымалдауға арналған магистралдық құбыржолдарға қойылатын талаптар туралы" техникалық регламентінің (ЕАЭО ТР 049/2020) өтпелі ережелері туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 6 сәуірдегі № 39 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 52-бабының 2-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 11-тармағына сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерін әзірлеу, қабылдау, өзгерту және күшін жою тәртібі 38-тармағының бесінші абзацын ескере отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. 2023 жылғы 1 шілдеден бастап "Сұйық және газ тәрізді көмірсутектерді тасымалдауға арналған магистралдық құбыржолдарға қойылатын талаптар туралы" техникалық регламентінің (ЕАЭО ТР 049/2020) (бұдан әрі - техникалық регламент) талаптарына сай келмейтін сұйық және газ тәрізді көмірсутектерді тасымалдауға арналған магистралдық құбыржолдар объектілерінің жобалық құжаттамасын әзірлеуге, бекітуге және мемлекеттік сараптамадан өткізуге жол берілмейді деп белгіленсін.

      Техникалық регламент күшіне енгенге дейін әзірленген және бекітілген, сондай-ақ мемлекеттік сараптама рәсімінен өткен жобалық құжаттаманы техникалық регламент күшіне енгеннен кейін қайта ресімдеу талап етілмейді.

      2. Ресей Федерациясы Үкіметінен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтерімен бірлесіп, оларды қолдану нәтижесінде ерікті негізде техникалық регламент талаптарының, сондай-ақ зерттеу (сынау) және өлшеу қағидалары мен әдістерін, соның ішінде техникалық регламент талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын мемлекетаралық стандарттардың сақталуы қамтамасыз етілетін мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу (өзгерістер енгізу, қайта қарау) жөніндегі бағдарламаның жобасын әзірлеуді әрі 2022 жылғы 1 шілдеге дейін Еуразиялық экономикалық комиссияға ұсынуды қамтамасыз ету сұралсын.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
М. Мясникович

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады