Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі 22-бабының 1-тармағының бірінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Сығымдалған немесе сұйытылған газды сақтауға және тасымалдауға арналған, одан әрі өңдеуге (бояу, бақылау, тасымалдау бітеуіштерін, вентильдерді, клапандарды орнату) ұшырамаған, түбін және жабық мойнын қалыптастыра отырып, жапсарсыз тәсілде экструзия әдісімен алынған, жабық үлгідегі цилиндрлік нысандағы резервуар болып табылатын аяқталмаған түрдегі жоғары қысымды болат баллон Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1 және 2 (а) негізгі қағидаларына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай тауар номенклатурасының 7311 00 тауар позициясында сыныпталады.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
|
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |