Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара іс-қимыл туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 3 қосымша) 4 және 7-тармақтарына сәйкес және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 17 қарашадағы № 155 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпарат жүйесі туралы ережені басшылыққа ала отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қоса беріліп отырған Әлем елдері әуежайларының анықтамалығы (бұдан әрі – анықтамалық) бекітілсін.
2. Анықтамалық Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпарат жүйесі ресурстарының құрамына енгізілсін.
3. Мынадай:
анықтамалық осы Шешім күшіне енген күннен бастап қолданылады;
егер жалпы процесс шеңберіндегі ақпараттық өзара іс-қимылды регламенттейтін технологиялық құжаттарда анықтамалыққа сәйкес әуежай кодын көрсету қажеттігі көзделген болса, анықтамалықтың кодтық белгіленімдерін пайдалану Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде кедендік реттеу саласындағы жалпы процестерді іске асыру кезінде міндетті болып табылады;
егер кедендік электрондық құжаттарды толтыру тәртіптерінде анықтамалыққа сәйкес әуежай кодын көрсету қажеттігі көзделген болса, мұндай құжаттарды толтыру кезінде анықтамалықтың кодтық белгіленімдерін пайдалану міндетті болып табылады деп белгіленсін.
4. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 90 күн өткен соң күшіне енеді.
|
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
М. Мясникович |
| Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 19 қаңтардағы № 6 шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
Әлем елдері әуежайларының АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
I. Анықтамалықтың паспорты
Р/с № | Элементтің белгіленімі | Сипаттамасы |
1 | 2 | 3 |
1 | Коды | 034 |
2 | Типі | 1 – анықтамалық |
3 | Атауы | әлем елдері әуежайларының анықтамалығы |
4 | Аббревиатурасы | САП |
5 | Белгіленімі | ЕС 034-20__ (1-ред.) |
6 | Анықтамалықты (сыныптауышты) қабылдау (бекіту) туралы актінің деректемелері | Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 19 қаңтардағы № 6 шешімі |
7 | Анықтамалық (сыныптауыш) қолданысқа енгізілген (қолданыла бастаған) күн | 2021 жылғы 22 сәуір |
8 | Анықтамалықтың (сыныптауыштың) қолданылуын тоқтату туралы актінің деректемелері | – |
9 | Анықтамалықтың (сыныптауыштың) қолданылуы аяқталатын күн | – |
10 | Оператор (операторлар) | Еуразиялық экономикалық комиссия |
11 | Мақсаты | анықтамалық әлем елдерінің әуежайлары туралы мәліметтерді кодтауға және жүйелеуге арналған |
12 | Аннотация (қолданылу саласы) | анықтамалықтағы мәліметтер тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелген және тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкеткен кезде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің сыртқы экономикалық қызметке қатысушылары мен уәкілетті органдары арасында ақпарат алмасуды жүзеге асыру кезінде әуежайлар туралы мәліметтерді беру үшін пайдаланылады. Анықтамалықтағы мәліметтер әлем елдерінің сыныптауышындағы (Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешіміне № 22 қосымша) мәліметтермен байланысты |
13 | Түйін сөздер | әуежай, сыртқы сауда |
14 | Еуразиялық экономикалық одақ органдарының өкілеттігі іске асырылатын сала | кедендік әкімшілендіру |
15 | Халықаралық, (мемлекетаралық, өңірлік) сыныптауыштардың пайдаланылуы |
1 – анықтамалық "United Nations Code for Trade and Transport Locations" (бұдан әрі – БҰҰ ЛОКОД) үндестірілген; |
16 | Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік анықтамалықтарының (сыныптауыштарының) болуы | 2 – анықтамалықтың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде баламасы жоқ |
17 | Жүйелеу (сыныптау) әдісі | 1 – жүйелеудің реттік әдісі |
18 | Жүргізу әдістемесі |
1 – жүргізудің орталықтандырылған әдістемесі. |
19 | Құрылымы | анықтамалықтың құрылымы туралы ақпарат (анықтамалық жолдарының құрамы, олардың мәндерінің саласы және қалыптастыру қағидалары) осы анықтамалықтың II бөлімінде келтірілген |
20 | Деректердің құпиялылық дәрежесі | анықтамалықтағы мәліметтер ашық қолжетімді ақпаратқа жатады |
21 | Қайта қараудың белгіленген мерзімділігі | сенім білдірілген дереккөздің (БҰҰ ЛОКОД) жаңартылу жиілігіне сәйкес |
22 | Өзгерістер | – |
23 | Анықтамалықтағы (сыныптауыштағы) егжей-тегжейлі мәліметтерге сілтеме | анықтамалықтағы егжей-тегжейлі мәліметтер Еуразиялық экономикалық одақтың ақпараттық порталында жарияланады |
24 | Анықтамалықтан (сыныптауыштан) мәліметтерді беру тәсілі | Еуразиялық экономикалық одақтың ақпараттық порталында жариялау |
II. Анықтамалық құрылымының сипаттамасы
1. Осы бөлім анықтамалықтың құрылымын және деректемелік құрамын, оның ішінде деректемелер мәндерінің саласы мен оларды қалыптастыру қағидаларын айқындайды.
2. Анықтамалықтың құрылымы және деректемелік құрамы кестеде келтірілген, онда мына жолдар (графалар) қалыптастырылады:
"деректеме мәнінің саласы" – деректеменің мағынасын (семантикасын) түсіндіретін мәтін;
"деректеменің мәнін қалыптастыру қағидалары" – деректеменің мақсатын нақтылайтын және оны қалыптастыру (толтыру) қағидаларын айқындайтын мәтін немесе деректеменің ықтимал мәндерінің сөзбен сипатталуы;
"көпт." – деректеменің көптігі (деректеменің ықтимал қайталану міндеттілігі (опциялығы) және саны).
3. Берілетін деректер деректемелерінің көптігін көрсету үшін мынадай белгіленімдер пайдаланылады:
1 – деректеме міндетті, қайталауға жол берілмейді;
n – деректеме міндетті, n рет қайталануы тиіс (n > 1);
1..* – деректеме міндетті, шектеусіз қайталауға болады;
n..* – деректеме міндетті, кемінде n рет қайталануы тиіс (n > 1);
n..m – деректеме міндетті, кемінде n рет және m реттен асырмай қайталануы тиіс (n > 1, m > n);
0..1 – деректеме опциялы, қайталауға жол берілмейді;
0..* – деректеме опциялы, шектеусіз қайталауға болады;
0..m – деректеме опциялы, m реттен асырмай қайталауға болады (m > 1).
Кесте
Анықтамалықтың құрылымы және деректемелік құрамы
Деректеменің атауы | Деректеме мәнінің саласы | Деректеменің мәнін қалыптастыру қағидалары | Көпт. |
1. Сыртқы саудаға қатысы бар әуежайлар туралы мәліметтер | салынған деректемелер мәндерінің салаларымен айқындалады | салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады | 1..* |
1.1. Ел коды | шаблонға сәйкес символдар жолы: [A-Z]{2} | ISO 3166-1 стандартына сәйкес қалыптастырылады (XZ кодын (халықаралық сулардағы немесе халықаралық ынтымақтастық аймақтарындағы пункттер – "installations in international waters or international cooperation zones") қоспағанда) | 1 |
1.2. Елдің атауы |
символдар жолы. | ағылшын тіліндегі ел (аумақ) атауын қамтиды | 1 |
1.3. Әуежай туралы мәліметтер | салынған деректемелер мәндерінің салаларымен айқындалады | салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады | 1 |
1.3.1. Әуежай коды |
шаблонға сәйкес символдар жолы: |
сыртқы саудаға қатысы бар әуежайдың кодтық белгіленімін қамтиды, ондағы алғашқы 2 символ ISO 3166-1 стандартына сәйкес (XZ кодын (халықаралық сулардағы немесе халықаралық ынтымақтастық аймақтарындағы пункттер – "installations in international waters or international cooperation zones") қоспағанда) ел кодын білдіреді; | 1 |
1.3.2. Әуежайдың атауы |
символдар жолы. | латын алфавитінің әріптерімен жазылған әуежай атауын қамтиды | 1 |
1.3.4. Әуежайдың балама (ескірген) атаулары |
символдар жолы. | әуежайдың негізгіге балама не ескірген (әуежайдың атауын өзгерту нәтижесінде) болып табылатын атауын қамтиды | 0..1 |
1.3.5. Әуежайдың мәртебесі |
шаблонға сәйкес символдар жолы: |
әуежайды БҰҰ ЛОКОД енгізу негіздемесінің кодтық белгіленімін қамтиды. Мына мәндерді қабылдауы мүмкін: | 1 |
1.3.6. Әуежайдың ИАТА коды | шаблонға сәйкес символдар жолы: [A-Z]{3} | Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының әуежайлар анықтамалығына сәйкес әуежайдың кодтық белгіленімін қамтиды | 1 |
1.3.7. Әуежайдың географиялық координаталары | салынған деректемелер мәндерінің салаларымен айқындалады | салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады | 0..1 |
1.3.7.1. Географиялық ендік | шаблонға сәйкес географиялық ендіктің белгіленімі: [0-9]{4}[NS]{1} | әуежайдың географиялық координаталарының белгіленімін қамтиды, мұнда алғашқы 2 цифр – градустар, екінші 2 цифр – минуттар, N – солтүстік ендік, S – оңтүстік ендік | 1 |
1.3.7.2. Географиялық бойлық | шаблонға сәйкес географиялық бойлықтың белгіленімі: [0-9]{5}[EW]{1} | әуежайдың географиялық координаталарының белгіленімін қамтиды, мұнда алғашқы 3 цифр – градустар, екінші 2 цифр – минуттар, E – шығыс бойлық, W – батыс бойлық | 1 |
1.3.8. Анықтамалық жазбасындағы өзгерістердің сипаты |
символдар жолы. |
жоспарланатын немесе анықтамалық жазбасында жүргізілген өзгерістердің сипатын айқындайтын белгіленімді, сондай-ақ анықтамалық жазбасының ерекшеліктерін қамтиды. Мына мәндерді қабылдауы мүмкін: | 0..1 |
1.4. Анықтамалықтың жазбасы туралы мәліметтер | салынған деректемелер мәндерінің салаларымен айқындалады | салынған деректемелерді қалыптастыру қағидаларымен айқындалады | 1 |
1.4.1. Қолданысы басталатын күн | МемСТ ИСО 8601–2001-ге сәйкес YYYY-MM-DD форматындағы күн | жазба анықтамалыққа енгізілген күнге сәйкес келеді | 1 |
1.4.2. Қолданысы аяқталатын күн | МемСТ ИСО 8601–2001-ге сәйкес YYYY-MM-DD форматындағы күн | жазба анықтамалықтан алып тасталған күнге сәйкес келеді | 0..1 |
| Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 19 қаңтардағы № 6 шешімімен бекітілген әлем елдері әуежайларының анықтамалығына ҚОСЫМША |
Әлем елдері әуежайларының анықтамалығын жүргізу және қолдану ТӘРТІБІ
I. Жалпы ережелер
1. Осы Тәртіп Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі – Одақ) құқығына кіретін мына актілерге сәйкес әзірленген:
2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт (бұдан әрі – Одақ туралы шарт);
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпарат жүйесі туралы" 2015 жылғы 17 қарашадағы № 155 шешімі;
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық одақтың нормативтік-анықтамалық ақпаратының бірыңғай жүйесі ресурстарының құрамына кіретін анықтамалықтар мен сыныптауыштарды әзірлеу, жүргізу және қолдану әдіснамасын бекіту туралы" 2017 жылғы 19 қыркүйектегі № 121 шешімі.
II. Қолданылу саласы
2. Осы Тәртіп әлем елдері әуежайларының анықтамалығын (бұдан әрі – тиісінше – анықтамалық, әуежайлар) жүргізу және қолдану қағидаларын айқындайды.
3. Осы Тәртіпті Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) анықтамалықты қалыптастырған және жүргізген кезде, Одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар, өз қызметінде әуежайлар туралы мәліметтерді және олардың БҰҰ ЛОКОД құрамындағы кодтық белгіленімдерін пайдаланатын заңды немесе жеке тұлғалар қолданады.
III. негізгі ұғымдар
4. Осы Тәртіптің мақсаттары үшін мынаны білдіретін ұғымдар пайдаланылады:
"БҰҰ ЛОКОД" – Біріккен Ұлттар Ұйымының порттар мен басқа да пункттердің халықаралық сыныптауышы;
"анықтамалықты пайдаланушылар" – Одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар, өз қызметінде әуежайлар туралы мәліметтерді және олардың БҰҰ ЛОКОД құрамындағы кодтық белгіленімдерін пайдаланатын заңды немесе жеке тұлғалар.
Осы Тәртіпте пайдаланылатын өзге ұғымдар Одақ туралы шартта және Одақтың бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпарат жүйесін қалыптастыру және дамыту мәселелеріне қатысты Одақ органдарының актілерінде айқындалған мәндерде қолданылады.
IV. анықтамалықты қалыптастыру, жүргізу және қолдану принциптері
5. анықтамалықты қалыптастыру және жүргізу әлем елдері әуежайлары туралы мәліметтерді кодтау және жүйелеу мақсатында жүзеге асырылады.
6. Анықтамалық әуежайлар туралы мәліметтерді автоматтандырылған түрде өңдеу мүмкіндігін, соның ішінде Одақтың кедендік аумағына әуе көлігімен әкелу көзделетін тауарлар туралы алдын ала ақпарат ұсыну шеңберінде қамтамасыз ету мақсатында оларды ресмиленген түрдегі электрондық құжаттарда құрылымы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әуе көлігімен әкелінуі бағамдалатын тауарлар туралы алдын ала ақпараттың құрылымы мен форматы туралы" 2018 жылғы 28 қарашадағы № 192 шешімімен бекітілген электрондық құжат (электрондық түрдегі құжат) түрінде қалыптастыру үшін қолданылады.
7. Жүйелеу объектілері әуежайлар болап табылады.
8. Анықтамалықты қалыптастыру мен жүргізуді жүзеге асыратын Комиссия анықтамалықтың операторы болып табылады.
9. Анықтамалықты қалыптастыру үшін БҰҰ ЛОКОД сенім білдірілген мәліметтер көзі ретінде пайдаланылады, анықтамалықты үндестіру БҰҰ ЛОКОД жаңартылу жиілігіне сәйкес жүзеге асырылады.
10. Анықтамалықтың жүйелеу объектілерін кодтау құрылымы мен жүйесі сенім білдірілген дереккөзге қатысты өзгеріссіз қалады.
11. Жүйелеу объектілерін кодтау мақсаттары үшін 5 символды код қолданылады, оның құрылымы мынадай:
XXYYY, мұнда:
XX – ИСО 3166-1 стандартына сәйкес елдің әріптік коды (бұған XZ коды кірмейді, ол БҰҰ ЛОКОД-та халықаралық суларда немесе халықаралық ынтымақтастық аймақтарында орналасқан пункттерге – "installations in international waters or international cooperation zones" беріледі);
YYY – ел шегіндегі әуежайдың әріп-цифрлық коды, ол латын алфавитінің бас әріптерімен және араб цифрларымен көрсетіледі.
V. анықтамалықты жүргізу
1. Анықтамалықты бастапқы толтыру
13. Комиссия Алқасының шешімімен анықтамалықтың бекітілуі анықтамалықты бастапқы толтыру үшін негіз болып табылады.
14. Анықтамалықты бастапқы толтыру Комиссия Алқасының анықтамалықты бекітетін шешімі күшіне енгенге дейін бір рет орындалады.
15. Анықтамалықтың операторы БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының (http://www.unece.org/cefact/codesfortrade/codes_index.html) ресми сайтында орналастырылған БҰҰ ЛОКОД-тағы әуежайлар туралы мәліметтерді көшіріп алады және анықтамалықты бастапқы толтыру үшін мәліметтер салынған файлды қалыптастырады. Әуежайлар туралы мәліметтерді көшіріп алу БҰҰ ЛОКОД "Function" бағанында көрсетілген "4" деген белгі бойынша орындалады. Анықтамалықты бастапқы толтыру үшін қалыптастырылатын мәліметтер салынған файлдан "Status" бағанында "RR" ("сұрату кері қайтарылған") мәні бар жазбалар, сондай-ақ әуежайлардың диакритикалық таңбалар пайдаланылып қалыптастырылған атаулары және әуежайлар орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлініс бірліктерінің кодтары туралы мәліметтер мен оларға ескертпелер қамтылған бағандар алып тасталады.
16. Анықтамалықты бастапқы толтыру үшін мәліметтер салынған файлды қалыптастыру кезінде қосымша мына қағидалар сақталады:
а) егер БҰҰ ЛОКОД белгілі бір жазбасы үшін "IATA" бағанында мәні көрсетілмесе, онда анықтамалықты бастапқы толтыру үшін мәліметтер салынған файлдағы тиісті жазба үшін әуежайдың ИАТА коды БҰҰ ЛОКОД көрсетілген жазбасы үшін "Location" бағанында көрсетілген мәнге тең деп белгіленеді;
б) егер БҰҰ ЛОКОД белгілі бір жазбасы үшін "IATA" бағанында мәні көрсетілсе, онда анықтамалықты бастапқы толтыру үшін мәліметтер салынған файлдағы тиісті жазба үшін әуежайдың ИАТА коды БҰҰ ЛОКОД көрсетілген жазбасы үшін "IATA" бағанында көрсетілген мәнге тең деп белгіленеді.
17. Анықтамалықты бастапқы толтыру үшін мәліметтер салынған файлды қалыптастыру кезінде "Анықтамалық жазбасы туралы мәліметтер" деректемесінің құрамындағы "Қолданысы басталатын күн" деректемесінде БҰҰ ЛОКОД мәліметтерінде көрсетілген күн қойылады.
18. Анықтамалықты бастапқы толтыру үшін мәліметтер салынған файлда әуежайлар туралы анықтамалық қалыптастырылған кезде өзекті болған мәліметтер қамтылуға тиіс.
19. Комиссия Алқасының анықтамалықты бекітетін шешімі күшіне енгенге дейін Комиссия анықтамалықтың Одақтың ақпараттық порталында жариялануын қамтамасыз етеді.
2. Анықтамалыққа өзгерістер енгізу
20. Анықтамалықтың операторы БҰҰ ЛОКОД жаңартылу жиілігіне сәйкес анықтамалықтағы мәліметтерге өзгерістер енгізуді қамтамасыз етеді.
21. Анықтамалықтағы мәліметтерге өзгерістер енгізілген кезде анықтамалықтың операторы осы Тәртіптің 22 – 30-тармақтарында айқындалған қосымша талаптар мен қағидаларды ескере отырып, БҰҰ ЛОКОД жаңартылған және алдыңғы редакциясын пайдалану негізінде осы Тәртіптің 15 – 17-тармақтарында айқындалған қағидаларға сәйкес анықтамалыққа өзгерістер енгізуге арналған мәліметтерді қамтитын файлды қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
22. Анықтамалыққа өзгерістер енгізуге арналған мәліметтер салынған файл мәліметтердің мына түрлерін қамтуға тиіс (олар БҰҰ ЛОКОД-та болса):
а) БҰҰ ЛОКОД жаңартылған редакциясындағы жазба өзгерісінің сипаты туралы мәліметтерді қамтитын "Change" бағанында "+" белгілеп, БҰҰ ЛОКОД жаңартылған редакциясына жаңадан қосылатын жазбалар туралы;
б) БҰҰ ЛОКОД жаңартылған редакциясындағы жазба өзгерісінің сипаты туралы мәліметтерді қамтитын "Change" бағанында "#", "¦" немесе "X" белгілеп, БҰҰ ЛОКОД-тағы өзгертілген жазбалар туралы;
в) БҰҰ ЛОКОД алдыңғы редакциясындағы жазба өзгерісінің сипаты туралы мәліметтерді қамтитын "Change" бағанында "X" белгілеп, анықтамалықтан алып тасталған жазбалар туралы.
23. Анықтамалыққа өзгерістер енгізуге арналған мәліметтер салынған файл осы Тәртіптің 22-тармағында көрсетілген мәліметтердің әрқилы түрлері үшін бірнеше жазбаны қамтуы мүмкін.
24. Анықтамалыққа өзгерістер енгізуге арналған мәліметтер салынған файлда деректемелердің құрамы, олардың мәндері мен реттік тәртібі анықтамалықтың құрылымы мен деректемелік құрамына қойылатын талаптарға және анықтамалық құрылымының сипаттамасында келтірілген деректемелер мәндерін қалыптастыру қағидаларына сәйкес қалыптастырылады.
25. Анықтамалыққа қосу үшін мәліметтерді қалыптастырған кезде анықтамалыққа өзгерістер енгізуге арналған файлда жүйелеудің жаңадан қосылатын әр объектісі үшін бір жазба жасалады. Мұндай жазбаның "Әуежай коды" деректемесінің мәні толтырылуға тиіс және анықтамалықтың қолданыстағы жазбаларының "Әуежай коды" мәнімен бірдей болмауға тиіс.
26. Анықтамалыққа жаңадан қосылатын жазбаны қалыптастырған кезде "Қолданысы басталатын күн" деректемесі міндетті түрде толтырылады және БҰҰ ЛОКОД жаңартылған редакциясында көрсетілген күнді қамтиды.
27. Жүйелеу объектісі туралы ақпаратты өзгерту үшін мәліметтер қалыптастырған кезде анықтамалыққа өзгерістер енгізуге арналған мәліметтер салынған файлға екі жазба қосылады. Бірінші жазбада анықтамалыққа бұрын қосылған жазба (бұдан әрі – өзгертілетін жазба) туралы мәліметтер қамтылуға тиіс, екінші жазбада өзгертілген мәліметтер (бұдан әрі – өзгертілген жазба) қамтылуға тиіс.
28. Өзгертілетін жазбаны қалыптастырған кезде мына қағидалар сақталуға тиіс:
а) жазбаның барлық деректемелерінің мәндері ("Қолданысы аяқталатын күн" деректемесін қоспағанда) БҰҰ ЛОКОД алдыңғы редакциясындағы деректемелердің мәндеріне сәйкес келуге тиіс;
б) "Қолданысы аяқталатын күн" деректемесі міндетті түрде толтырылады және өзгертілген жазба үшін БҰҰ ЛОКОД жаңартылған редакциясында көрсетілген күнді қамтиды.
29. Өзгертілген жазбаны қалыптастырған кезде мына қағидалар сақталуға тиіс:
а) өзгертілген жазба деректемелерінің мәндері БҰҰ ЛОКОД жаңартылған редакциясындағы жазба деректемелерінің мәндеріне сәйкес келуге тиіс. Бұл ретте әуежайдың атауы өзгерген жағдайда, өзгертілген жазбада әуежайдың ескірген атауы туралы мәліметтерді қамтитын деректеме толтырылуға тиіс;
б) "Қолданысы басталатын күн" деректемесінің мәні өзгертілетін жазбаның "Қолданысы аяқталатын күн" деректемесінің мәніне сәйкес келуге және БҰҰ ЛОКОД жаңартылған редакциясындағы жүйелеу объектісі туралы өзгертілген мәліметтердің құрамындағы күнді қамтуға тиіс.
30. Жүйелеу объектісін анықтамалықтан алып тастау туралы мәліметтерді қалыптастырған кезде анықтамалыққа өзгерістер енгізуге арналған мәліметтер салынған файлда бір жазба жасалады, оны қалыптастыру кезінде мына қағидалар сақталуға тиіс:
а) жазбаның барлық деректемелерінің мәндері ("Қолданысы аяқталатын күн" деректемесін қоспағанда) БҰҰ ЛОКОД алдыңғы редакциясындағы жазбалар деректемелерінің мәндеріне сәйкес келуге тиіс;
б) "Қолданысы аяқталатын күн" деректемесі міндетті түрде толтырылады және БҰҰ ЛОКОД жаңартылған редакциясы жарияланған күнді қамтиды.
31. Комиссия анықтамалыққа өзгерістер енгізуге арналған мәліметтер салынған файлды өңдеуді және өзгертілген мәліметтерді анықтамалыққа қосуды, сондай-ақ өзгерістер қалыптастырылған күннен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірмей оларды Одақтың ақпараттық порталында жариялауды қамтамасыз етеді.
32. Анықтамалықты пайдаланушыларды анықтамалыққа енгізілген өзгерістер туралы хабардар Одақтың ақпараттық порталының құралдарын пайдалану арқылы жүзеге асырылады.