2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 45-бабына, 2015 жылғы 16 қазандағы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелу мен олардың айналысының кейбір мәселелері туралы хаттаманың 3-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 1 қосымшаның 132-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2015 жылғы 14 қазандағы № 59 шешімімен бекітілген Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылу шарты ретінде қабылданған міндеттемелерге сәйкес Қазақстан Республикасы Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифі баждарының ставкаларымен салыстырғанда неғұрлым төмен кедендік әкелу баждарының ставкаларын қолданатын тауарлардың және осындай баждар мөлшерлемелері мөлшерінің тізбесінде ЕАЭО СЭҚ ТН коды 7103 91 000 0 позиция мынадай мазмұндағы позициямен ауыстырылсын:
"7103 91 000 1 | – – – лағылдар | 7 |
7103 91 000 2 | – – – жақұттар | 7 |
7103 91 000 3 | – – – зүбәржаттар | 7". |
2. Осы Шешім Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Алмастарға, лағылдарға, жақұттарға, зүбәржаттарға, александриттерге қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссияның кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" 2019 жылғы 29 қаңтардағы № 14 шешімі күшіне енген күнінен бастап, бірақ ерте дегенде осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:
Армения |
Беларусь |
Қазақстан |
Қырғыз |
Ресей |
М. Григорян | И. Петришенко | Ә. Смайылов | Ж. Разаков | А. Силуанов |