2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-тармақтарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына, Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) № 1 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасынан кіші қосалқы позициялар алып тасталсын;
б) № 2 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына кіші қосалқы позициялар енгізілсін;
в) № 3 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелері белгіленсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
|
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Төрағасының міндетін уақытша атқарушы |
А. Слепнев |
| Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 10 қыркүйектегі № 113 шешіміне № 1 ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасынан алып тасталатын КІШІ ҚОСАЛҚЫ ПОЗИЦИЯЛАР
СЭҚ ТН коды | Позициялар атауы | Қосымша өлшем бірлігі |
8430 41 000 9 | --- өзгелері | дана |
8430 50 000 1 | --жерасты жұмыстары үшін арнайы әзірленген | дана |
| Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 10 қыркүйектегі № 113 шешіміне № 2 ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына енгізілетін КІШІ ҚОСАЛҚЫ ПОЗИЦИЯЛАР
СЭҚ ТН коды | Позициялар атауы | Қосымша өлшем бірлігі |
---өзгелері* | ||
8430 41 000 2 | ---- кескіш тістермен (кескіштермен) және тиеуші жабдықпен жабдықталған, жебеден және айналмалы бұрғыбастан тұратын жұмыс органымен жарақталған көмір өндіруге арналған шынжыр табанды ұңғылау машиналары | дана |
8430 41 000 8 | ---- өзгелері | дана |
--жерасты жұмыстары үшін арнайы әзірленген** | ||
8430 50 000 2 | ---тар қармағышты тазалау машиналары | дана |
8430 50 000 3 | --- өзгелері | дана |
___________________________
* ЕАЭО СЭҚ ТН 8430 41 000 1 кіші қосалқы позициясынан кейінгі кодсыз кіші қосалқы позиция
** ЕАЭО СЭҚ ТН 8430 50 000 кіші қосалқы позициясынан кейінгі кодсыз кіші қосалқы позиция
| Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 10 қыркүйектегі № 113 шешіміне № 3 ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының МӨЛШЕРЛЕМЕЛЕРІ
СЭҚ ТН коды | Позициялар атауы | Кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелері (кедендік құнның пайызында не евромен, не АҚШ долларымен |
8430 41 000 2 | ---- кескіш тістермен (кескіштермен) және тиеуші жабдықпен жабдықталған, жебеден және айналмалы бұрғыбастан тұратын жұмыс органымен жарақталған көмір өндіруге арналған шынжыр табанды ұңғылау машиналары | 2 |
8430 41 000 8 | ---- өзгелері | 0 |
8430 50 000 2 | ---тар қармағышты тазалау машиналары | 7,5 |
8430 50 000 3 | --- өзгелері | 0 |
