Шыңғырлау ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімінің 2026 жылғы 6 қаңтардағы № 1 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Азаматтық қорғау туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министірінің м.а. 2023 жылғы 10 мамырындағы "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" № 240 қаулысына және аудандық төтенше жағдайларды алдын алу және жою жөніндегі аудандық комисияның 2026 жылдың 6 қаңтардағы № 1-01-5-2/1 хаттамасына сәйкес, аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шыңғырлау ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою жөніндегі басшы болып Шыңғырлау ауданы әкімінің орынбасары М.Ж. Нұртазиев тағайындалсын және оған табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.

      3. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі М. Өмірәлиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады