Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 6 маусымдағы "Ақжайық ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыланатын аудандық атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" № 144 қаулысының күшін жою туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 28 қаңтардағы № 18 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы", "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 13 "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16299 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Ақжайық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 6 маусымдағы "Ақжайық ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыланатын аудандық атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" № 144 қаулысының күші жойылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің міндетін атқарушы Д. Умашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады