Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы", "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 13 "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16299 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Ақжайық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 6 маусымдағы "Ақжайық ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыланатын аудандық атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" № 144 қаулысының күші жойылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімінің міндетін атқарушы | Д. Умашев |