Өскемен қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 19 желтоқсандағы № 4154 "Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 11 маусымдағы № 1842 қаулысы

      Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Өскемен қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 19 желтоқсандағы № 4154 "Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережеде:

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер Бөлімге заңдармен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.".

      2. "Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі:

      1) осы қаулыны Өскемен қаласы әкімінің ресми интернет ресурсында орналастыруды;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамсында көзделген осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Өскемен қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Өскемен қаласының әкімі А. Акышов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады