"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабы 3-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 6 желтоқсандағы № 301 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
14-тармақ мынадай мазмұндағы 32), 33), 34) тармақшалармен толықтырылсын:
"32) дене шынықтыру және спорт саласындағы цифрлық трансформация саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;
33) ақпараттық қауіпсіздік және цифрлық даму саласындағы уәкілетті органдармен ақпаратты қорғау мәселелері бойынша өзара байланыс орнатады;
34) дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруға қатысады.".
2. Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялау үшін "Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің дене шынықтыру және спорт мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
| Шығыс Қазақстан облысының әкімі | Н. Сақтағанов |
