2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифтерін бекіту туралы

Жаңа

Түркістан облысы Шардара ауданы әкiмдiгiнiң 2026 жылғы 2 сәуірдегі № 193 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодекісінің 142-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығымен бекітілген "Арнаулы әлеуметтік қызметтердің тарифтерін қалыптастыру ережелері мен әдістемесіне" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 болып тіркелген) сәйкес, Шардара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифтері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А.Карсыбаев

  Шардара ауданы әкімдігінің
2026 жылғы 2 сәуірдегі
№ 193 қаулысына қосымша

2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифтері

Атауы

Айына 1 қызмет алушыға арналған тариф (теңгемен)

1

Үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету

50529,19

2

Жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету

366891


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады