"Сарыағаш ауданының дербес бөлімдерінің ережелерін бекіту туралы" аудан әкімдігінің 2025 жылғы 19 тамыздағы №282 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Сарыағаш ауданы әкiмдiгiнiң 2026 жылғы 6 тамыздағы № 301 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37-баптарына сәйкес, Сарыағаш ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 19 тамыздағы №282 "Сарыағаш ауданының дербес бөлімдерінің ережелерін бекіту туралы" қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 4-қосымшасы алып тасталынсын.

      2. "Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялануын;

      2) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін оның Сарыағаш ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Сарыағаш ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Абдуллаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады