"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37-баптарына сәйкес, Сарыағаш ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 19 тамыздағы №282 "Сарыағаш ауданының дербес бөлімдерінің ережелерін бекіту туралы" қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 4-қосымшасы алып тасталынсын.
2. "Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялануын;
2) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін оның Сарыағаш ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Сарыағаш ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | А. Абдуллаев |