"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі №590 қаулысына сәйкес, Сарыағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) осы қаулының 1–қосымшасына сәйкес "Сарыағаш ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже;
2) осы қаулының 2–қосымшасына сәйкес "Сарыағаш ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже;
3) осы қаулының 3–қосымшасына сәйкес "Сарыағаш ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже;
4) осы қаулының 4–қосымшасына сәйкес "Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже;
5) осы қаулының 5–қосымшасына сәйкес "Сарыағаш ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже;
6) осы қаулының 6–қосымшасына сәйкес "Сарыағаш ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже;
7) осы қаулының 7–қосымшасына сәйкес "Сарыағаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже (одан әрі – Ережелер) бекітілсін.
2. Осы қаулының бірінші тармағында көрсетілген мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) жоғарыда көрсетілген Ереженің заңнамада белгіленген тәртіпте әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін оның Сарыағаш ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Сарыағаш ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А. Абдулллаев |
Сарыағаш ауданы әкімдігінің "19" тамыздағы 2025 жылғы №282 қаулысына 1-қосымша |
"Сарыағаш ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ 1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Сарыағаш ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Сарыағаш ауданының экономика және қаржы бөлімі) экономика және қаржы саласындағы басшылықты жүзеге асырататын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Сарыағаш ауданының экономика және қаржы бөлімінің ведомстволары жоқ.
3. Сарыағаш ауданының экономика және қаржы бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Сарыағаш ауданының экономика және қаржы бөлімі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. Сарыағаш ауданының экономика және қаржы бөлімі азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
6. Сарыағаш ауданының экономика және қаржы бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. Сарыағаш ауданының экономика және қаржы бөлімі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Сарыағаш ауданының экономика және қаржы бөлімі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Сарыағаш ауданының экономика және қаржы бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Сарыағаш қаласы, С.Исмайлов көшесі, №33 үй, индекс 160900.
10. Осы Ереже Сарыағаш ауданының экономика және қаржы бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Сарыағаш ауданының экономика және қаржы бөлімінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.
12. Сарыағаш ауданының экономика және қаржы бөліміне кәсіпкерлік субъектілерімен Сарыағаш ауданының экономика және қаржы бөлімінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Сарыағаш ауданының экономика және қаржы бөліміне заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
13. Мақсаттары:
1) аудандық бюджеттің атқарылуын, мемлекеттік меншікті басқару саласындағы мемлекеттік саясаттың қалыптасуы мен іске асырылуын қамтамасыз ету;
2) ауданның бюджеттік қаражаттарын және аудан әкімдігінің коммуналдық меншік объектілерін басқару;
3) ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары, стратегиялық мақсаттары мен басымдықтарын қалыптастыру;
4) ауданның әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарымен өзара әрекеттестікте бюджеттік инвестициялық саясатты қалыптастыру.
14. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
- өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және басқа да материалдарды сұрату және алу;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтар.
2) міндеттері:
- ауданның мемлекеттік бюджет саясатын іске асыруға қатысу;
- ауданның тиісті қаржы жылына арналған бюджетін бекіту туралы аудандық мәслихат шешімінің жобасын әзірлеу;
- ауданның тиісті қаржы жылына арналған аудан бюджетін бекіту туралы мәслихат шешімін іске асыру жөніндегі аудан әкімдігі қаулысының жобасын әзірлеу;
- қаржыландырудың жылдық жоспарын әзірлеу және бекіту;
- жергілікті бюджеттің орындалуын қамтамасыз ету және орындалуы туралы есепті әзірлеу;
- ауданның үш жылға арналған бюджет жобасын әзірлеу;
- басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесін қалыптастыру;
- республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпаратты жасау және оны тиісті органдарға ұсыну;
- коммуналдық меншікті басқару, жалға беру, сату, жекешелендіру, жекешелендіруден кейінгі қызмет және дауларды реттеу, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру.
15. Функциялары:
1) жергілікті бюджетке түсетін түсімдерді болжау;
2) ауданның әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ескере отырып, жоспарлы кезеңге аудан бюджетін әзірлеу;
3) аудандық бюджет туралы мәслихат шешімін жүзеге асыру жөнінде қаулының жобасын әзірлеу;
4) аудан бюджетінің жобасын аудандық мәслихатының қарауына және бекітуіне енгізу;
5) аудан бюджетін нақтылау бойынша ұсыныстар дайындап, аудандық бюджет комиссиясының қарауына енгізу;
6) аудандық бюджеттің түсімдері мен шығындарының жиынтық жоспарын әзірлеу және бекіту;
7) түсімдердің болжамды көлемдерін ескере отырып, бюджеттік бағдарлама (ішкі бағдарлама) әкімшілерінің қаржыландыру жоспарларын және мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері мен төлемдері бойынша жеке жоспарларын тексеру;
8) салық төлеушінің тіркеуге алынған жеріндегі салық органының, толық көлемде жергілікті бюджетке түсетін салық міндеттемелерін орындау мерзімін өзгерту туралы шешіміне келісім беру және салық салу мақсатында мүлікті бағалауды жүргізу;
9) бюджет қаржысын басқаруды, алдағы кезеңде бюджетке түсетін түсімдердің күтілетін көлемін анықтауды жүзеге асыру;
10) бюджеттік бағдарламаларды, бюджеттік инвестицияларды іске асырудың тиімділігін (нәтижелілігін) бағалауға талдау жүргізу;
11) жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың штаттық кестелеріне мониторинг жүзеге асару;
12) инвестициялық жобалардың және даму бюджетінің игерілуіне мониторинг жүргізу;
13) аудандық жергілікті атқарушы орган резервінің пайдалануы жөнінде мәліметті жинақтау;
14) жергілікті бюджеттік инвестициялардың тізімдерінің үш жылдық мерзімге арналған жобасын түзіп, оны аудандық бюджет комиссиясының қарауына ұсыну;
15) бюджеттік бағдарламалар әкімдіктерінің бюджеттік инвестициялық жобаларын оларды қаржылай қамтамасыз етуді, дәлелді құжаттарының түгелдігін қарап, Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес аудан бюджетінің жобасын әзірлеп, оны бюджет комиссиясының қарауына енгізу;
16) жергілікті бюджет есебінен, сондай-ақ мақсатты трансферттер есебінен қаржыландыруға жоспарланған бюджеттік инвестициялық есебінен қаржыландырылатын жергілікті бюджет инвестицияларын жүзеге асыруды бағалау жөніндегі ақпаратты орталық өкілетті органға тапсыру;
17) инвестицияларды жүзеге асыру туралы және олардың ҚЭН (қаржылық экономикалық негіздеме) стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға сәйкестігіне бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ұсыныстарын қарап, олар бойынша экономикалық қорытынды дайындау;
18) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шығындары, бюджеттік тапсырыс жобаларын қарау қорытындылары бойынша, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалар жобаларына қорытынды жасап, аудандық бюджет комиссиясының қарауына енгізу;
19) бюджеттің атқарылу принциптерін сақтау, бюджет қаражатын нысаналы пайдалану және бюджетті бірқалыпты атқару;
20) бюджет қаржысының игерілуіне, жылдық соманың айға бөлінуіне, қаржыландыру жоспарына өзгерістер енгізудің негізділігіне, қаржыландыру жоспарының орындалмау себебін анықтауына, жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есебінің жасалуына талдау және бағалау арқылы мониторинг жүргізу;
21) Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес, жергілікті бюджеттің атқарылуына айлық, тоқсандық, жылдық және басқа да есептерді талдау жасап ұсыну;
22) облыс, аудан әкімінің және жоғары тұрған органдарының тапсырмаларының орындалуын осы Ережеде және басқа да Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес, берілген уәкілеттік негізінде қамтамасыз ету;
23) жергілікті бюджеттің орындалуы бойынша әдістемелік басшылық жасау;
24) ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамы мен ауданның әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын әзірлеп, аудандық бюджет комиссиясының қарауына ұсыну;
25) ауданның әлеуметтік-экономикалық даму болжамының жобасын аудандық әкімдіктің қарауына және мақұлдауына ұсынып, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз ету;
26) ауданды дамыту бағдарламасын облыстық мемлекеттік жоспарлау бойынша өкілетті органмен келісу;
27) ауданды дамыту бағдарламасын жергілікті өкілетті органның қарап, бекітуіне ұсыну;
28) ауданды дамыту бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеп, оны мемлекеттік жоспарлау жөніндегі облыстық өкілетті органмен келісу;
29) ауылдық елді мекендерде жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну бойынша мемлекеттік қызмет көрсету;
30) аудан әкімдігі атынан коммуналдық меншіктегі мүліктерге иелік етеді, билік ету және коммуналдық меншіктің пайдалануы мен сақталуы бойынша тексеруді жүзеге асыру;
31) коммуналдық меншіктегі мүліктік сенімді басқаруға және жалға беру жөніндегі келісім шартын түзеді, мүліктік жалға берілген объектілерді жалдау ақысы мөлшерінің есебін шығаруды және мүліктік жалға беру бойынша өткізілетін тендерлер жөнінде құжаттарды дайындайды және жалға берудің заңдылығы және жалға берудің шарттары орындалуының мәселелері бойынша бірлескен тексерулер жүргізу;
32) мемлекеттік мекемелердің, коммуналдық кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдардың және мемлекетке тиесілі үлесі бар шаруашылық серіктестіктерінің реестрін жүргізу;
33) аудан әкімдігінің коммуналдық меншігіне айналдырылған (түскен), Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен иесіз деп танылған, мемлекетке мұрагерлік құқығы бойынша өткен аудан әкімдігінің коммуналдық мүлкін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке өтеусіз өткiзiлген иесіз қалған мүлiктiң, олжаның, қараусыз қалған жануарлардың, мәдени құндылықтарға жататын заттардан тұрмайтын қазына үлестерін есепке алуды, сақтауды, бағалауды және одан әрі пайдалануды ұйымдастыру;
34) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз ету.
3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
16. Сарыағаш ауданының экономика және қаржы бөлімін басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Сарыағаш ауданының экономика және қаржы бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
17. Сарыағаш ауданының экономика және қаржы бөлімінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
18. Сарыағаш ауданының экономика және қаржы бөлімінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасары болады.
19. Сарыағаш ауданының экономика және қаржы бөлімі бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) мемлекеттік мекеменің жұмыс жоспарларын бекітеді:
2) мемлекеттік мекеменің атынан әрекет етеді;
3) сенімхаттар береді;
4) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза береді;
5) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, қызметтік құжаттарға қол қояды;
6) мемлекетік мекеменің ішкі еңбек тәртібін бекітеді;
7) мемлекеттік мекемеде Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
8) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;
9) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өкілеттіктерді жүзеге асырады;
10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады.
Сарыағаш ауданының экономика және қаржы бөлімінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
20. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
21. Сарыағаш ауданының экономика және қаржы бөлімінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Сарыағаш ауданының экономика және қаржы бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. Сарыағаш ауданының экономика және қаржы бөліміне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Сарыағаш ауданының экономика және қаржы бөлімі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
24. Сарыағаш ауданының экономика және қаржы бөлімін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Сарыағаш ауданы әкімдігінің "19" тамыздағы 2025 жылғы №282 қаулысына 2-қосымша |
"Сарыағаш ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ 1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Сарыағаш ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Сарыағаш ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі) халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Сарыағаш ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ведомстволары жоқ.
3. Сарыағаш ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Сарыағаш ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ұйымдық–құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. Сарыағаш ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі азаматтық–құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
6. Сарыағаш ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. Сарыағаш ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Сарыағаш ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Сарыағаш ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Сарыағаш қаласы, С.Исмайлов көшесі, №19 үй, индекс 160900.
10. Осы ереже Сарыағаш ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Сарыағаш ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.
12. Сарыағаш ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне кәсіпкерлік субъектілерімен Сарыағаш ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Сарыағаш ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Мемлекетік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
13. Мақсаттары:
1) халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау, еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және әлеуметтік бағдарламалар саласында мемлекеттік саясатты іске асыру.
2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
14. Өкілеттіктері:
1) Құқықтары:
- мемлекеттік органдар мен ұйымдарда мекеме мүдделерін білдіру;
- өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және басқа да материалдарды сұрату және алу;
- қарамағындағы мекемелердің қызметін үйлестіру;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтар;
2) Міндеттері:
- әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау мен төлеу, әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру, еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу;
- "Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, психологиялық көмектер және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, жергілікті уәкілетті орган шешімі негізінде бір реттік жәрдемақыларды төлеу.
15. Функциялары:
1) аудан аумағында тұратын нысаналы топтарды және оларды қорғау жөнiндегi әлеуметтiк шараларды жыл сайын анықтап отырады;
2) мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтiк және қайырымдылық көмек көрсетудi ұйымдастырады;
3) жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдеседі;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық және өзге де көмек көрсетуді үйлестіреді;
5) мекемелерден босатылған, пробация қызметінің есебінде тұрған, өмірлік қиын жағдайда деп танылған адамдарға Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнамасына сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді қамтамасыз етеді;
6) құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көрсетеді;
7) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесетiн басқа да iс-шараларды жүзеге асырады;
8) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
9) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін, өз қарамағындағы субъектілерді құруды және олардың қызметін қамтамасыз етеді;
10) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді кадрмен қамтамасыз етуді, әлеуметтік қызметкерлерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;
11) халықтың арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттіліктеріне талдау жүргізуді қамтамасыз етеді;
12) арнаулы әлеуметтік қызметтерді және арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындау жөніндегі қызметтерді көрсету бойынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастырады;
13) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін дамыту жөнінде шараларды қабылдайды;
14) жеке және заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды;
15) Қазақстан Республикасының Үкiметі бекiтетін үлгілік қағидалар негізінде әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын әзірлейді;
16) өз құзыретi шегiнде халықтың көшi-қоны саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады;
17) бюджет қаражаты есебінен тұрғын үй көмегін көрсетеді;
18) әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлардың профилактикасына, сондай-ақ аудан аумағында олардың зардаптарын барынша азайтуға және (немесе) жоюға қатысады;
19) әлеуметтік шиеленіске және еңбек жанжалдарының туындау тәуекелдеріне мониторингті жүзеге асырады;
20) Сарыағаш ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қарамағындағы ұйымдарға басшылықты жүзеге асырады;
21) "Ардагерлер туралы" 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасында, 11-бабының 2) тармақшасында, 12-бабының 2) тармақшасында және 13-бабының 2) тармақшасында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек көрсетеді;
22) "Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көмек көрсету жөніндегі ұйымдарды құрады;
23) еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алуды жүзеге асырады;
24) мүгедектігі бар адамдарды жеке бағдарламаға сәйкес санаторийлік-курорттық емдеуді қамтамасыз етеді;
25) мүгедектігі бар адамдарды жеке бағдарламаға сәйкес техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен және (немесе) арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етеді;
26) жеке бағдарламаға сәйкес жүріп-тұруы қиын, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің, есту қабілеті бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау тілі маманының көрсетілетін қызметтерімен қамтамасыз етеді;
27) жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау;
28) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы біріңғай талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз ету функцияларын жүзеге асырады.
3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
16. Сарыағаш ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімін басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Сарыағаш ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
17. Сарыағаш ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады.
18. Сарыағаш ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
19. Сарыағаш ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) мемлекеттік мекеменің жұмыс жоспарларын бекітеді;
2) мемлекеттік мекеменің атынан әрекет етеді;
3) сенімхаттар береді;
4) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза береді;
5) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, қызметтік құжаттарға қол қояды;
6) мемлекеттік мекеменің ішкі еңбек тәртібін бекітеді;
7) мемлекеттік мекемеде "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
8) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;
9) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерде көзделген өкілеттіктерді жүзеге асырады;
10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуына дербес жауапты болады;
11) Сарыағаш ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қарамағындағы ұйымдардың директорларын тағайындайды және қызметінен босатады.
Сарыағаш ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
20. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
21. Сарыағаш ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Сарыағаш ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. Сарыағаш ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Сарыағаш ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
24. Сарыағаш ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Сарыағаш ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
1) Сарыағаш ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесінің "Аялы алақан" және "Қамқор" әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
2) Сарыағаш ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесінің "Сарыағаш мүгедектігі бар балаларды оңалту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
3) Сарыағаш ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесінің "Отбасын қолдау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Сарыағаш ауданы әкімдігінің "19" тамыздағы 2025 жылғы №282 қаулысына 3-қосымша |
"Сарыағаш ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ 1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Сарыағаш ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Сарыағаш ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі) жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Сарыағаш ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің ведомостволары жоқ.
3. Сарыағаш ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Сарыағаш ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. Сарыағаш ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
6. Сарыағаш ауданық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. Сарыағаш ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Сарыағаш ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Сарыағаш ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері. Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Сарыағаш қаласы, С.Исмайлов көшесі, №37 үй, индекс 160900.
10. Осы ереже Сарыағаш ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Сарыағаш ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.
12. Сарыағаш ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне кәсіпкерлік субъектілерімен Сарыағаш ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Сарыағаш ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
13. Мақсаттары:
1) ауданның жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу және жолаушылар көлігі мен тасымалдауды ұйымдастыру, автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
14. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
- аудандық атқарушы органдардан қажетті құжаттарды, ақпаратты, жергілікті атқарушы органдардың қызметіне қатысты түсініктемелерді сұратуға және алуға, сондай-ақ мемлекеттік органның құзыретіне жатқызылған мәселелерді шешуге ауданның атқарушы органдарының қызметкерлерін қатыстыруға;
- мемлекеттік органдар мен ұйымдарда мүдделерін білдіруге;
- мемлекеттік мекемелерден, мемлекеттің қатысуындағы заңды тұлғалардан және басқа да мемлекеттік мекемелерден, өзінің құзіреті шеңберінде қажетті мәліметтерді сұрауға;
- Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.
2) міндеттері:
- жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың актілерін жасауға қатысу, жолаушылар көлігі мен тасымалдауды ұйымдастыру және автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
- мемлекеттік органның қарауына жатқызылған мәселелер бойынша, мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен және ұйымдармен қызметтік хат алмасуды жүргізу;
- мекеменің құзыреті шегінде жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары кәсіпорындарының қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;
- жолаушылар көлігі саласында бағаның қалыптасуына талдау жүргізу;
- халыққа және бюджеттік сала объектілеріне кәсіпорындар ұсынатын жолаушыларды тасымалдауға бағалар мен тарифтердің дәлелділігін келісу және тексеру, олар бойынша қорытындылар беру және баға мен монополияға қарсы саясат бойынша облыстық мемлекеттік комитетке келісуге ұсыныстар енгізу;
- жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарымен айналысатын барлық меншік нысандарындағы кәсіпорындар үшін өз құзыреті шегінде нұсқау, кеңес беретін және өзге де сипаттағы құжаттар шығару;
- жолаушылар көлігі жүйесін ұйымдастыру бойынша ұсыныстар әзірлейді және аудан әкімдігінің қарауына енгізеді;
- автобустарды, шағын автобустарды және таксилерді қолдану арқылы жолаушылар тасымалын ұйымдастыру;
- аудан ішінде жолаушылар мен жүктерді тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына конкурстарды ұйымдастыру;
- автомобиль жолдарын дамытудың жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу және оны іске асыру;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асыру.
15. Функциялары:
1) ауданның көше-жол желілеріндегі автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
2) жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін көлік инфрақұрылымын дамыту;
3) ауданының жолаушылар көлігі мен таксидің тұрақты бағыттарына жолаушылар тасымалын ұйымдастыру;
4) жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының, аудан көшелерінің және өзге де елді мекендер көшелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
5) көлік инфроқұрылымын дамыту, барлық меншік нысандарындағы жолаушыларды тасымалдаушыларды жолаушыларды тасымалдау қауіпсіздігінің, қауіпсіздік техникасымен санитарлық нормалардың талаптарына сәйкес келетін диспетчерлік қызметпен және аялдау павильондарымен (аялдамалармен) қамтамасыз ету;
6) анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қабылданған шешімдер мен нұсқамалардың орындалуына;
7) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді.
3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
16. Сарыағаш ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімін басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Сарыағаш ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
17. Сарыағаш ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады.
18. Сарыағаш ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары жоқ.
19. Сарыағаш ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бірінші басшысының өкілеттілігі:
1) мемлекеттік мекеменің жұмыс жоспарларын бекітеді;
2) мемлекеттік мекеменің атынан әрекет етеді;
3) сенімхаттар береді;
4) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза береді;
5) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, қызметтік құжаттарға қол қояды;
6) мемлекетік мекеменің ішкі еңбек тәртібін бекітеді;
7) мемлекеттік мекемеде Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
8) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;
9) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өкілеттіктерді жүзеге асырады;
10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады.
Сарыағаш ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бірінші басшысы болмаған кезенде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
20. Сарыағаш ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Сарыағаш ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
21. Сарыағаш ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Сарыағаш ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
23. Сарыағаш ауданының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Сарыағаш ауданы әкімдігінің "19" тамыздағы 2025 жылғы №282 қаулысына 4-қосымша |
"Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ 1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімі) ауданның ішкі саясат саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімінің ведомстволары жоқ.
3. Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімі азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
6. Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, уәкілеттілік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Сарыағаш қаласы, С.Исмайлов көшесі №37 үй, индекс 160900.
10. Осы ереже Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.
12. Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөліміне кәсіпкерлік субъектілерімен Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөліміне заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
13. Мақсаттары:
- ішкі саясат, қоғамдық-саяси сала мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын, мемлекеттік ішкі саясатты насихаттау және түсіндіру жөніндегі бағдарламаны әзірлеу және іске асыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіру;
- Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
14. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
- өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және басқа да материалдарды сұрату және алу;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді іске асыруға құқылы.
2) міндеттері:
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;
- қоғамдық саяси тұрақтылықты қалыптастыруға, сондай-ақ мемлекеттің егемендігін нығайту, қоғамдық процестерді демократияландыру және қоғамды топтастыру жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;
- ауданда Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімі және лауазымды адамдардың мемлекеттің ішкі саясатын іске асыру барысына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, әкімдіктің, облыстың және аудан әкімдіктерінің, Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасының Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімі құзырына қатысты мәселелер жөніндегі актілері мен тапсырмаларын орындауына бақылау жасайды;
- қоғамда демократиялық институттарды нығайтуға, Қазақстанды дамытудың 2050 жылға дейінгі Стратегиясының негізгі басым бағыттарын түсіндіруге және насихаттауға қатысады;
- ішкі саясат, қоғамдық-саяси сала мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын, мемлекеттік ішкі саясатты насихаттау және түсіндіру жөніндегі бағдарламаны әзірлеу және іске асыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіріп отырады;
- ішкі саясат саласында тұжырымдамалық негіздемелер және тәжірибелік ұсынбалар, сондай-ақ Қазақстанды дамытудың ұзақ мерзімді басымдықтары, бірегей азаматтық құрылымдар негізінде қоғамды топтастыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
- ауданда болып жатқан қоғамдық–саяси процестерге және оның даму барысына жан–жақты және дұрыс зерттеу, қорыту және талдау жасайды;
- аудандық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру, мемлекеттік тапсырысты орындау, оны жүргізу жөнінде аудандық бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін үйлестіріп отырады;
- аудандағы қоғамдық–саяси жағдайларды болжауға бағытталған әлеуметтік-саяси зерттеулер жүргізеді;
- қоғамдық бірлестіктер және үкіметтік емес ұйымдармен, саяси партиялармен, қоғамдық-саяси және діни ұйымдармен, кәсіби одақтармен, БАҚ-пен, жұртшылық өкілдерімен өзара әрекеттестікте қимыл жасайды;
- әлеуметтік даму саласында мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша, білім беру және спорт, мәдениет және тілдерді дамыту салаларында мемлекеттік басқару органдары мен мемлекеттік емес құрылымдардың қызметіндегі өзара келісілген іс-әрекетті қамтамасыз етеді;
- аудан әкімі орынбасары жанындағы тұрақты комиссиялардың жұмысын іске асырады;
- Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ облыс әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау;
- мемлекеттік қызметтерді сапалы және уақытылы көрсетуді қамтамасыз ету;
- мекемелерге қатысты мемлекеттік басқару органының функцияларын жүзеге асыру;
- қарамағындағы мекеменің қызметін үйлестіру;
- өзінің қызметін орындау үшін қажетті ақпараттарды мемлекеттік органдардан және лауазым иелерінен, басқа ұйымдар мен азаматтардан белгіленген тәртіппен сұратып алады, Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімі құзырына қатысты мәселелерді әзірлеуге қатысуға, тиісті ұсыныстар әзірлеу үшін уақытша жұмысшы топтарын құрады;
- ішкі саясат саласында Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімі қызметін жетілдіру жөнінде аудан әкіміне ұсыныстар енгізеді, Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөліміне қатысты мәселелер бойынша ақпараттық талдау және басқа да материалдар әзірлеуді жүзеге асырады;
- Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімі қызмет саласына қатысты мәселелер бойынша тиісті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға ұсыныстар береді, оның орындалуын қадағалайды, сондай–ақ жергілікті атқарушы органдар өткізетін шараларға қатысады;
- аудандық деңгейде ақпараттық саясатты жүргізуге арналған жастар саясаты мен мемлекеттік тапсырысты іске асыру жөніндегі аудандық бағдарламаларды қаржыландыруды жүзеге асырады;
- Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімі құзырына кіретін ішкі саясат, азаматтардың құқықтарын сақтау және басқа да мәселелер бойынша Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімі лауазымды тұлғаларына ұйымдастырушылық-әдістемелік, ақпараттық және басқа да көмектер көрсетеді;
- Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімі құзырына кіретін мәселелер бойынша отырыстар өткізеді;
- Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
15. Функциялары:
1) ішкі саяси процестерді мемлекеттік реттеуге қатысады, жергілікті Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімі ішкі саясат саласындағы қызметін үйлестіріп отырады, аймақтағы қоғамдық–саяси партиялар мен басқа да қоғамдық бірлестіктердің қызметіне мониторинг жүргізу, талдау жасау және ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, қоғамды топтастыру, Қазақстандық патриотизмді насихаттау және соған тәрбиелеу жөніндегі ұсынбалар әзірлейді және жұмыстарды ұйымдастырады;
2) Қазақстан Республикасы Президенті, Қазақстан Республикасы Үкіметі актілерінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі тапсырмаларының облыс пен аудан әкімдіктерінің, Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы қаулыларының, шешімдері мен өкімдерінің орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді;
3) Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімі құзырына кіретін мәселелер жөнінде тұжырымдамалық құжаттарды жасауға, аудан әкімдігі мен әкімі актілерінің жобаларын әзірлеуге және сараптауға қатысады;
4) аудан туралы, қоғамдық-саяси және экономикалық салада өкімет органдарының қызметі туралы ақпараттарды тарату жүйесін жетілдіру жөніндегі аудан әкімдігінің жұмысына қатысады;
5) Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімінің құзырына кіретін мәселелер бойынша Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасымен, аудан әкімі аппаратының тиісті бөлімдерімен ұйымдық және ақпараттық байланысты қамтамасыз етеді;
6) Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімі атқарған жұмыстары жөнінде Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасына үнемі есеп беріп отырады;
7) Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімі құзырына кіретін мәселелер жөнінде бақылауды және үйлестіріп отыруды қамтамыз етеді;
8) Қазақстан Республикасының коммерциялық емес ұйымдар туралы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
9) облыстық және аудандық қоғамдық –саяси, мәдени шаралардың өткізілуін қамтамасыз етеді;
10) ауылдық округтер әкімдерінің, ауданның мемлекеттік мекемелерінің, аудандық бұқаралық ақпарат құралдарының мемлекеттің ішкі саясаты мәселелері жөніндегі ақпараттық-насихаттық жұмыстарды жүргізу барысындағы қызметін үйлестіріп отырады және бақылау жасайды;
11) ауданның ішкі саяси өміріндегі маңызды мәселелері бойынша аудандық әкімдіктің мәжілісіне материалдар әзірлеуге қатысады;
12) кіші Ассамблеяға және оның хатшылығына ұйымдастырушылық және әдістемелік, ақпараттық көмектер көрсетеді;
13) ішкі саясат саласында, этносаралық қатынастар саласында мемлекеттік саясатты белгілейтін, Қазақстан Республикасында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын және қамтамасыз етілуін айқындайтын тұжырымдамалар, бағдарламалар әзірлеуге және іске асыруға қатысады;
14) Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімінің құзырына қатысты мәселелер жөнінде ақпараттық мәліметтер базасын (компьютерлік, мәтіндік) қалыптастыру, жинау, жинақтау және қорыту жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырады;
15) саяси партиялармен, этно– мәдени бірлестіктермен, үкіметтік емес ұйымдармен, құқық қорғау, діни және басқа да қоғамдық ұйымдармен, жұртшылықпен байланысты жүзеге асырады;
16) ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға және саяси процестерді демократияландыруға бағытталған облыстық және аудандық ғылыми–практикалық шараларды әзірлеуге және өткізуге қатысады;
17) аудан әкімі аппаратының бөлімшелерімен бірлесе отырып, Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімі құзырына кіретін ұйымдастырушылық-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындайды;
18) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;
19) Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған басқа да қызметтерді жүзеге асырады.
3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
16. Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімін басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
17. Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымынан босатылады.
18. Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасары жоқ.
19. Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімінің бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) мемлекеттік мекеменің жұмыс жоспарларын бекітеді;
2) мемлекеттік мекеменің атынан әрекет етеді;
3) сенімхаттар береді;
4) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза береді;
5) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, қызметтік құжаттарға қол қояды;
6) мемлекетік мекеменің ішкі еңбек тәртібін бекітеді;
7) мемлекеттік мекемеде Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
8) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;
9) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өкілеттіктерді жүзеге асырады;
10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады.
Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
20. Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
21. Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөліміне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату.
23. Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
1. Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімінің "Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Сарыағаш ауданы әкімдігінің "19" тамыздағы 2025 жылғы №282 қаулысына 5-қосымша |
"Сарыағаш ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ 1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Сарыағаш ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Сарыағаш ауданының жер қатынастары бөлімі) жер қатынастары саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Сарыағаш ауданының жер қатынастары бөлімінің ведомстволары жоқ.
3. Сарыағаш ауданының жер қатынастары бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Сарыағаш ауданының жер қатынастары бөлімі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. Сарыағаш ауданының жер қатынастары бөлімі азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
6. Сарыағаш ауданының жер қатынастары бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. Сарыағаш ауданының жер қатынастары бөлімі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Сарыағаш ауданының жер қатынастары бөлімі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Сарыағаш ауданының жер қатынастары бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Сарыағаш қаласы, Исмаилов көшесі, №37 үй, индекс 160900.
10. Осы Ереже Сарыағаш ауданының жер қатынастары бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Сарыағаш ауданының жер қатынастары бөлімінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.
12. Сарыағаш ауданының жер қатынастары бөліміне кәсіпкерлік субъектілерімен Сарыағаш ауданының жер қатынастары бөлімінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Сарыағаш ауданының жер қатынастары бөліміне заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
13. Мақсаттары:
1) белгiлеген жер учаскесiне меншiк құқығы мен жер пайдалану құқығы туындауының, өзгертiлуi мен тоқтатылуының негiздерiн, шарттары мен шектерiн; жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың құқықтары мен мiндеттерiн жүзеге асыру тәртiбiн қамтамасыз ету;
2) жердi ұтымды пайдалану мен қорғауды, топырақ құнарлылығын ұдайы қалпына келтiрiп отыруды, табиғи ортаны сақтау мен жақсартуды қамтамасыз ету мақсатында жер қатынастарын реттеу;
3) шаруашылық жүргiзудiң барлық нысандарын тең құқықпен дамыту үшiн жағдайлар жасау;
4) жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттiң жерге құқықтарын қорғау.
14. Өкілеттіктері:
1) Құқықтары:
- мемлекеттік органдар мен ұйымдарда мүдделерін білдіру;
- өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және басқа да материалдарды сұрату және алу;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтар;
2) Міндеттері:
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;
- Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ облыс әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау;
- мемлекеттік қызметтерді сапалы және уақытылы көрсетуді қамтамасыз ету;
- мекемелерге қатысты мемлекеттік басқару органының функцияларын жүзеге асыру;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.
15. Функциялары:
1) иесі жоқ жер учаскелерін анықтау және оларды есепке алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
2) жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
3) ауданның жергілікті атқарушы органының жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;
4) геологиялық зерттеуге және пайдалы қазбаларды барлауға байланысты жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін жария сервитуттарды белгілеу бойынша ауданның жергілікті атқарушы органы ұсыныстарының және шешімдерінің жобаларын дайындау;
5) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару жөнінде ұсыныстар дайындау;
6) жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;
7) мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту;
8) жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;
9) ауданның жерді аймақтарға бөлу жобаларын, жерді ұтымды пайдалану жөніндегі жобалары мен схемаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
10) елді мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
11) жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру;
12) жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын ауданының маңызы бар жобалар мен схемаларға сараптама жүргізу;
13) ауданның жер балансын жасау;
14) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерінің есебін жүргізу;
15) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспорттарын беру;
16) жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
17) Жер кодексінің 71-бабына сәйкес ауданның жергілікті атқарушы органының іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар дайындау;
18) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау;
19) пайдаланылмай жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жерді анықтау;
20) жерді резервке қалдыру жөніндегі ұсыныстарды дайындау;
21) жер-кадастрлық жоспарды бекіту;
22) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;
23) Жер кодексінің 147-бабының 2-2-тармағына сәйкес ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде жер учаскесінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларға қатысты жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды ұйымдастырады және жүргізеді.
3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі,өкілеттіктері
16. Сарыағаш ауданының жер қатынастары бөлімін басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Сарыағаш ауданының жер қатынастары бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
17. Сарыағаш ауданының жер қатынастары бөлімінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады.
18. Сарыағаш ауданының жер қатынастары бөлімінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары жоқ.
19. Сарыағаш ауданының жер қатынастары бөлімі бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) мемлекеттік мекеменің жұмыс жоспарларын бекітеді;
2) мемлекеттік мекеменің атынан әрекет етеді;
3) сенімхаттар береді;
4) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза береді;
5) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, қызметтік құжаттарға қол қояды;
6) мемлекетік мекеменің ішкі еңбек тәртібін бекітеді;
7) мемлекеттік мекемеде Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
8) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;
9) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өкілеттіктерді жүзеге асырады;
10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады.
Сарыағаш ауданының жер қатынастары бөлімінің бірінші басшысы болмаған кезенде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
20. Сарыағаш ауданының жер қатынастары бөлімінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Сарыағаш ауданының жер қатынастары бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда ) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
21. Сарыағаш ауданының жер қатынастары бөліміне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Сарыағаш ауданының жер қатынастары бөлімі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
23. Сарыағаш ауданының жер қатынастары бөлімі қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Сарыағаш ауданы әкімдігінің "19" тамыздағы 2025 жылғы №282 қаулысына 6-қосымша |
"Сарыағаш ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ 1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Сарыағаш ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Сарыағаш ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі) құрылыс, сәулет және қала құрылысы қатынастары салаласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Сарыағаш ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің ведомстволары жоқ.
3. Сарыағаш ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Сарыағаш ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. Сарыағаш ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
6. Сарыағаш ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. Сарыағаш ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Сарыағаш ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Сарыағаш ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері. Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Сарыағаш қаласы, С.Ысмайлов көшесі, №39 А, индекс160900.
10. Осы Ереже Сарыағаш ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Сарыағаш ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.
12. Сарыағаш ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөліміне кәсіпкерлік субъектілерімен Сарыағаш ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімнің өкілеттіліктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Сарыағаш ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөліміне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
13.Мақсаттары:
1) құрылыс, сәулет және қала құрылысы қатынастары саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
14. Өкілеттіктері:
1) Құқықтары:
- өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және басқа да материалдарды сұрату және алу;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.
2) Міндеттері:
- Мемлекеттік органның қарауына жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттiк және мемлекеттiк емес органдармен және ұйымдармен қызметтiк хат алмасу жүргiзеді;
- жиналыстарды өткізу тәртібін ұйымдастырады, аудан әкімдігінің отырыстарына қатысады;
- мемлекеттік орган қызметінің бұқаралық ақпарат құралдарына жария етілуін қамтамасыз етеді;
- мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, осы Ережеге сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асырады;
- мемлекеттік органның құзіретіне кіретін мәселелер бойынша аудан әкімдігі мен аудандық маслихаттың шешімдері мен қаулыларының жобаларын дайындауға қатысады;
- Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, облыс, аудан әкімдігінің қаулылары мен әкімнің шешім, өкімдерінің орындалуына тексерулер жүргізу, орындалмау себептерін анықтау және анықталған заң бұзушылқтарды жою жөнінде шаралар қабылдау;
- аудандық әкiмдiктiң және мәслихаттың мәжiлiстерiне, аудандық, аумақтық және өзге де атқарушы органдардың алқаларына қатысу;
- Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқа да өкілеттерді жүзеге асырады.
15. Функциялары:
1) құрылыс жүргізу барысында заңдылықтар мен тиісті нормалардың сақталуына бақылау жасау;
2) құрылыс саласындағы мемлекеттік, қоғамдық және жеке мүдделерді қорғау мәселесі бойынша жобаларға мемлекеттік сараптама жүргізудің, мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясының аумақтық бөлімшелерімен, лицензиялау органдарымен өзара іс қимыл жасау;
3) жергілікті мемлекеттік атқарушы органдар арқылы қаржыландырылған сараптама мен құрылысы аяқталған объектілердің қабылдау жұмыстарына қатысу;
4) заңдарда белгiленген тәртiппен бекiтiлген аудан аумағының қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемасын (аудандық жоспарлау жобасын), селолық елдi мекендердiң бас жоспарларын iске асыру жөніндегi қызметтi үйлестiру;
5) аумақта жоспарланып отырған құрылыс салу не өзге де қала құрылысының өзгерiстерi туралы халыққа хабарлап отыру;
6) аудандық маңызы бар құрылыс, аумақты инженерлiк жағынан дайындау, абаттандыру және көгалдандыру, аяқталмаған объектiлер құрылысын тоқтатып қою, объектiлердi кейiннен кәдеге жарату жөнiнде жұмыстар кешенiн жүргiзу туралы шешiмдер қабылдау;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) тіркеу және есебін жүргізу;
8) аудандық маңызы бар тұрғын үй қорын, коммуникацияларды, тарих және мәдениет ескерткiштерiн сақтауды және олардың күтiп ұсталуына (қолданылуына, пайдаланылуына) бақылау жүргiзудi ұйымдастыру;
9) аудан аумағында қала құрылысын дамыту схемаларын, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің және өзге де ауылдық елді мекендердің бас жоспарларының жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру және аудандық мәслихаттың бекітуіне ұсыну;
10) елді мекендердің бекітілген бас жоспарларын (аумақтық даму схемаларын) дамыту үшін әзірленетін қала құрылысы жобаларын бекіту және іске асыру;
11) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу;
12) ведомстволық бағынысты аумақта құрылыс салуға немесе өзге де қала құрылысын игеруге арналған жер учаскелерін таңдау, беру, заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда, мемлекеттік қажеттер үшін алып қою жөнінде шешімдер қабылдауға ұсыныс беру;
13) қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, қайта бейіндеу) туралы шешім қабылдауға ұсыныс беру;
14) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы біріңғай талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;
15) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен мемлекеттік органға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
16. Сарыағаш ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімін басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Сарыағаш ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
17. Сарыағаш ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
18. Сарыағаш ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары жоқ.
19. Сарыағаш ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі бірінші басшысының өкілеттіліктері:
1) мемлекеттік мекеменің жұмыс жоспарларын бекітеді;
2) мемлекеттік мекеменің атынан әрекет етеді;
3) сенімхаттар береді;
4) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік орган қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза береді;
5) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, қызметтік құжаттарға қол қояды;
6) мемлекеттік мекеменің ішкі еңбек тәртібін бекітеді;
7) мемлекеттік мекемеде Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
8) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;
9) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өкілеттіктерді жүзеге асырады;
10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады.
Сарыағаш ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
20. Сарыағаш ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Сарыағаш ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
21. Сарыағаш ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөліміне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Сарыағаш ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
23. Сарыағаш ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Сарыағаш ауданы әкімдігінің "19" тамыздағы 2025 жылғы №282 қаулысына 7-қосымша |
"Сарыағаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ 1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Сарыағаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Сарыағаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі) мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган болып табылады.
2. Сарыағаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ведомстволары жоқ.
3. Сарыағаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Сарыағаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. Сарыағаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
6. Сарыағаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. Сарыағаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Сарыағаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Сарыағаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Сарыағаш қаласы, Шораұлы көшесі н/с, индекс 160900.
10. Осы Ереже Сарыағаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Сарыағаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.
12. Сарыағаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне кәсіпкерлік субъектілерімен Сарыағаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Сарыағаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
13. Мақсаттары:
1) аудандағы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) мәдениеттік қызмет көрсетуде, мәдени құндылықтарды құру, қолдану және тарату шеңберінде аудан азаматтарының конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету;
3) қазақ және өзге де ұлттық мәдениеттің таралуын, дамытылуын, сақталуын және жандандырылуларын қамтамасыз ету;
4) тарихи-мәдени мұраны сақтау және оның сақталуы үшін жағдай жасау;
5) дене шынықтырумен және спортпен айналысатын адамдардың, сондай-ақ дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шаралардың қатысушылары мен көрермендерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу орындарында қоғамдық тәртіпті сақтау;
6) ұлттық, техникалық және қолданбалы спорт түрлерін дамыту;
7) дене шынықтыру мен спортты қолдау және ынталандыру;
8) дене шынықтыру және спорт саласын зерттеу үшін ғылыми базаны дамыту;
9) әлеуметтік және білім беру функцияларын, сондай-ақ ерікті қызмет қағидатына негізделген олардың құрылымының ерекшелігін ескере отырып, спорттың барлық түрлерін дамытуға жәрдемдесу болып табылады.
14. Өкілеттіктері:
1) Құқықтары:
- Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасын бұзуға жол берілгендігі анықталған жағдайда бұзушыларға белгіленген мерзімде жоюы туралы нұсқама шығару;
- нұсқаманың талаптарын орындамаған жағдайда азаматтық және әкімшілік ic жүргізу тәртібінде нұсқаманың талабын мәжбүрлеп орындау туралы;
- Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне сәйкес, Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасын бұзу бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және анықталған заң бұзушылық бойынша әкімшілік жазалауды колдану туралы қаулыны шығару;
- мемлекеттік органдар мен ұйымдарда мүдделерін білдіру;
- өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және басқа да материалдарды сұрату және алу;
- қарамағындағы мекемелердің қызметін үйлестіру;
- Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.
- ақпараттандыру саласындағы бiрыңғай техникалық саясатты iске асыру мақсатында жоспарлауға, қалыптастыруға қатысады, сондай-ақ мемлекеттiк органдардың ақпараттандыру саласындағы инвестициялық жобалары және бағдарламаларын талдауға және дамытуға қатысуға құқылы;
2) Міндеттері:
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;
- Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ облыс әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау;
- мемлекеттік қызметтерді сапалы және уақытылы көрсетуді қамтамасыз ету;
- мекемелерге қатысты мемлекеттік басқару органының функцияларын жүзеге асыру;
- өзінің қызметін орындау үшін қажетті ақпараттарды мемлекеттік органдардан және лауазым иелерінен, басқа ұйымдар мен азаматтардан белгіленген тәртіппен сұратып алады. Мемлекеттік органның құзырына қатысты мәселелерді әзірлеуге қатысуға, тиісті ұсыныстар әзірлеу үшін уақытша жұмысшы топтарын құрады;
- мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спортты дамыту саласында мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру жөнінде аудан әкіміне ұсыныстар енгізеді. Мемлекеттік органға қатысты мәселелер бойынша ақпараттык талдау және басқа да материалдар әзірлеуді жүзеге асырады;
- Мемлекеттік органның қызмет саласына қатысты мәселелер бойынша тиісті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға ұсыныстар береді, оның орындалуын қадағалауды, сондай -ақ жергілікті атқарушы органдар өткізетін шараларға қатысады;
- аудандық деңгейде мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт мәселелеріне мемлекеттік тапсырыстарды іске асыруға қаржыландыруды жүзеге асырады;
- Мемлекеттік органның құзырына кіретін мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт саласында азаматтардың құқықтарын сақтау және басқа да мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына ұйымдастырушылық- әдістемелік, ақпараттық және басқа да көмектер көрсетеді;
- қарамағындағы мекемелердің қызметін үйлестіру;
- жиналыстарды өткізу тәртібін ұйымдастырады, аудан әкімдігінің отырыстарына қатысады;
- мемлекеттік орган қызметінің бұқаралық ақпарат құралдарына жария етілуін қамтамасыз етеді;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.
15. Функциялары:
1) театр, музыка және кино өнері, кітапхана және музей ісі, мәдени-демалыс қызмет саласында ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдардың қызметін қолдауды және үйлестіруді жүзеге асырады;
2) мәдени құндылықтарды есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
3) ауданның сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шараларын, сондай-ақ әуесқой шығармашылық бірлестіктер арасында байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді жүзеге асырады;
4) ауданның мемлекеттік мәдениет, спорт ұйымдарын аттестаттаудан өткізеді;
5) өз құзыреті шегінде мәдениет саласындағы коммуналдық меншікті басқаруды жүзеге асырады;
6) ауданның мәдени мақсаттағы объектілерінің құрылысы, реконструкциясы және жөнделуі бойынша тапсырысшы болады;
7) мемлекеттік мәдениет ұйымдарын қолдайды және материалдық-техникалық қамтамасыз етуде жәрдем көрсетеді;
8) ауданның мемлекеттік кітапханаларының біріне "Орталық" мәртебесін беру жөнінде ұсыныс дайындайды;
9) мемлекеттiк тiлдi және басқа тiлдердi дамытуға бағытталған аудандық деңгейдегi iс-шараларды жүргiзедi;
10) облыстардың атқарушы органдарына ауылдардың, кенттердiң, ауылдық округтердiң атауы және олардың атауларын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын өзгерту туралы ұсыныстар дайындайды;
11) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасындағы тіл туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
12) жеке адамдардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалу орындарында спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым жасайды;
13) аккредиттелген жергілікті спорт федерацияларымен бірлесіп, спорт түрлерi бойынша аудандық спорттық жарыстарды өткiзедi;
14) спорт түрлерi бойынша аудандық құрама командаларды даярлауды және олардың облыстық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етедi;
15) аудан аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытуды қамтамасыз етеді;
16) аудан аумағында аудандық дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiредi;
17) спортшыларға: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтарын береді;
18) мынадай: бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын береді;
19) спорттық-бұқаралық iс-шаралардың бірыңғай өңірлік күнтiзбесін iске асырады;
20) аудан аумағында спорттық iс-шараларды ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiредi;
21) аудан аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысанда және мерзімдерде облыстың жергілікті атқарушы органына ұсынады;
22) аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорт түрлері бойынша аудандық құрама командаларының тізімдерін қалыптастырады және бекітеді;
23) ресми дене шынықтыру және спорт іс-шараларын медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
24) дене шынықтыру және спорт іс-шараларын өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;
25) аудандық мамандандырылмаған балалар-жасөспірімдер мектептерінің қызметін қамтамасыз етеді;
26) ақпараттық–коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;
27) Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасын бұзу бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау;
28) маңдайшаны орналастыру туралы хабарламаны қабылдау және қарау;
29) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
16. Сарыағаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімін басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
17. Сарыағаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады.
18. Сарыағаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары жоқ.
19. Сарыағаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) мемлекеттік мекеменің жұмыс жоспарларын бекітеді;
2) мемлекеттік мекеменің атынан әрекет етеді;
3) сенімхаттар береді;
4) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза береді;
5) өз құзыреті шегінде банктерде есеп-шоттар ашады, мемлекеттік органның барлық қызметкерлеріне міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;
6) мемлекеттік мекеменің ішкі еңбек тәртібін бекітеді;
7) мемлекеттік мекемеде Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
8) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;
9) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерде көзделген өкілеттіктерді жүзеге асырады;
10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады.
Сарыағаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бірінші басшысы болмаған кезенде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
20. Сарыағаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Сарыағаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
21. Сарыағаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөліміне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Сарыағаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
23. Сарыағаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Сарыағаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
1) Сарыағаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Сарыағаш аудандық мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
2) Сарыағаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Сарыағаш аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
3) Сарыағаш ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Тілдерді оқыту және дамыту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.