"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі №590 қаулысына сәйкес, Сарыағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Сарыағаш ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже (бұдан әрі – Ереже) бекітілсін.
2. "Сарыағаш ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) жоғарыда көрсетілген Ереженің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін оның Сарыағаш ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. "Сарыағаш ауданының дербес бөлімдерінің ережелерін бекіту туралы" Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 19 тамыздағы №282 қаулысына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкіне 27.08.2025 жылы №213540 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 6-қосымшасы алып тасталсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Сарыағаш ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | А. Абдуллаев |
| Сарыағаш ауданы әкімдігінің 28 қазан 2025 жылғы №361 қаулысына қосымша |
"Сарыағаш ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Сарыағаш ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Сарыағаш ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі) өз өкілеттіктері шегінде Сарыағаш ауданының аумағында құрылыс, сәулет және қала құрылысы қатынастары салаласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Сарыағаш ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің ведомстволары жоқ.
3. Сарыағаш ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Сарыағаш ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. Сарыағаш ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
6. Сарыағаш ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. Сарыағаш ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Сарыағаш ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Сарыағаш ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері. Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Сарыағаш қаласы, С.Исмайлов көшесі, №39 А, индекс160900.
10. Осы Ереже Сарыағаш ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Сарыағаш ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.
12. Сарыағаш ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөліміне кәсіпкерлік субъектілерімен Сарыағаш ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімнің өкілеттіліктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Сарыағаш ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөліміне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
13. Мақсаттары:
1) құрылыс, сәулет және қала құрылысы қатынастары саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
14. Өкілеттіктері:
1) Құқықтары:
- өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және басқа да материалдарды сұрату және алу;
- Қазақстан Республикасының азаматтық кодексінің талаптарына сәйкес сотқа талап арызбен жүгіну;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.
2) Міндеттері:
- мемлекеттік органның қарауына жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттiк және мемлекеттiк емес органдармен және ұйымдармен қызметтiк хат алмасу жүргiзеді;
- жиналыстарды өткізу тәртібін ұйымдастырады, аудан әкімдігінің отырыстарына қатысады;
- мемлекеттік орган қызметінің бұқаралық ақпарат құралдарына жария етілуін қамтамасыз етеді;
- мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, осы Ережеге сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асырады;
- мемлекеттік органның құзіретіне кіретін мәселелер бойынша аудан әкімдігі мен аудандық маслихаттың шешімдері мен қаулыларының жобаларын дайындауға қатысады;
- Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, облыс, аудан әкімдігінің қаулылары мен әкімнің шешім, өкімдерінің орындалуына тексерулер жүргізу, орындалмау себептерін анықтау және анықталған заң бұзушылқтарды жою жөнінде шаралар қабылдау;
- аудандық әкiмдiктiң және мәслихаттың мәжiлiстерiне, аудандық, аумақтық және өзге де атқарушы органдардың алқаларына қатысу;
- Қазақстан Республикасының азаматтық кодексінде белгіленген тәртіпте соттарда құқықтар мен мүдделерді қорғауды ұйымдастыру және талап-тілек қызметін жүзеге асыру;
- Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқа да өкілеттерді жүзеге асырады.
15. Функциялары:
1) құрылыс жүргізу барысында заңдылықтар мен тиісті нормалардың сақталуына бақылау жасау;
2) құрылыс саласындағы мемлекеттік, қоғамдық және жеке мүдделерді қорғау мәселесі бойынша жобаларға мемлекеттік сараптама жүргізудің, мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясының аумақтық бөлімшелерімен, лицензиялау органдарымен өзара іс қимыл жасау;
3) жергілікті мемлекеттік атқарушы органдар арқылы қаржыландырылған сараптама мен құрылысы аяқталған объектілердің қабылдау жұмыстарына қатысу;
4) заңдарда белгiленген тәртiппен бекiтiлген аудан аумағының қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемасын (аудандық жоспарлау жобасын), селолық елдi мекендердiң бас жоспарларын iске асыру жөніндегi қызметтi үйлестiру;
5) аумақта жоспарланып отырған құрылыс салу не өзге де қала құрылысының өзгерiстерi туралы халыққа хабарлап отыру;
6) аудандық маңызы бар құрылыс, аумақты инженерлiк жағынан дайындау, абаттандыру және көгалдандыру, аяқталмаған объектiлер құрылысын тоқтатып қою, объектiлердi кейiннен кәдеге жарату жөнiнде жұмыстар кешенiн жүргiзу туралы шешiмдер қабылдау;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) тіркеу және есебін жүргізу;
8) аудандық маңызы бар тұрғын үй қорын, коммуникацияларды, тарих және мәдениет ескерткiштерiн сақтауды және олардың күтiп ұсталуына (қолданылуына, пайдаланылуына) бақылау жүргiзудi ұйымдастыру;
9) аудан аумағында қала құрылысын дамыту схемаларын, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің және өзге де ауылдық елді мекендердің бас жоспарларының жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру және аудандық мәслихаттың бекітуіне ұсыну;
10) елді мекендердің бекітілген бас жоспарларын (аумақтық даму схемаларын) дамыту үшін әзірленетін қала құрылысы жобаларын бекіту және іске асыру;
11) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу;
12) ведомстволық бағынысты аумақта құрылыс салуға немесе өзге де қала құрылысын игеруге арналған жер учаскелерін таңдау, беру, заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда, мемлекеттік қажеттер үшін алып қою жөнінде шешімдер қабылдауға ұсыныс беру;
13) қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, қайта бейіндеу) туралы шешім қабылдауға ұсыныс беру;
14) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы біріңғай талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;
15) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен мемлекеттік органға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
16. Сарыағаш ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімін басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Сарыағаш ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
17. Сарыағаш ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
18. Сарыағаш ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары жоқ.
19. Сарыағаш ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі бірінші басшысының өкілеттіліктері:
1) мемлекеттік мекеменің жұмыс жоспарларын бекітеді;
2) мемлекеттік мекеменің атынан әрекет етеді;
3) сенімхаттар береді;
4) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік орган қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза береді;
5) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, қызметтік құжаттарға қол қояды;
6) мемлекеттік мекеменің ішкі еңбек тәртібін бекітеді;
7) мемлекеттік мекемеде Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
8) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;
9) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өкілеттіктерді жүзеге асырады;
10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады.
Сарыағаш ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
20. Сарыағаш ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Сарыағаш ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
21. Сарыағаш ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөліміне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Сарыағаш ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
23. Сарыағаш ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
