2026 жылға арналған арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифтерін бекіту туралы

Жаңа

Түркістан облысы Бәйдiбек ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 13 ақпандағы № 95 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 12-бабының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 "Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастыру қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 болып тіркелген) сәйкес, Бәйдібек ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифтері осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. "Түркістан облысы Бәйдібек ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (Сабиров Н.Т.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген бюджет шеңберінде арнаулы әлеуметтік қызметтерді уақытылы қаржыландыру қамтамасыз етілсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Бәйдібек ауданы әкімінің м.у.а Н.Ақбаев

  Бәйдібек ауданы әкімдігінің
2026 жылғы "___"_________
№______ қаулысына қосымша

1 қызметті алушыға көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтерге жан басына шыққандағы тариф

Мекемелердің түрлері

Қызмет алушылардың түрлері

Күніне 1 қызмет алушының тарифі (теңге)

Айына 1 қызмет алушының тарифі (теңге)

Кіші түрі

Қызмет алушының жағдайы



1

2

3

4

5

6

1.

Үйде қызмет көрсету

Балаларға және тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға, он сегіз жастан асқан адамдарға, мүгедектігі бар адамдарға және қарт адамдарға арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру

Арнайы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж деп танылған адамдар (отбасылар).

3747,5

78697,64


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады